Қазақстанның көлік кешені (Презентация)

marjanСолтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Тихоокеанск орта мектебі

Мұғалім:   Калиева Маржан Темерханкызы

Тақырыбы:   Қазақстанның көлік кешені

Мақсаттары:

*Көлік –эеономиканың қалыпты  жұмыс істеуінің негізі    екенін түсіндіру.

*Қазақстанның ірі  көлік кешенінің құрамына сипаттама беру

Сабақ түрі:  жаңа сабақ

Әдіс тәсілдер:  әңгіме, сұрақ-жауап, өздік жұмыс

Көрнекі-құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, экономикалық картасы

Сабақ барысы:

І. Үйымдастыру кезеңі:

Тренинг «Велосипед»

II.Үй тапсырмасын тексеру. (слайд-тест)

Жұмбақтар шешу.(слайд)

Жаңа сабақты түсіндіру: «Көлік кешені»

Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан. Қазақстан көлігі республика халық шаруашылығының салалық кешендерінің (аграрлық-өнеркәсіптік, отын-энергетикалық, кен-металлургиялық, құрылыс кешендері мен басқа да кешендердің) қалыптасуын ескере отырып дамытылған, ол экономика салалары мен өндіріс түрлерінің ғана емес, аумақтық кешендердің де өзара байланысын қамтамасыз етеді. Көліктің барлық түрлері республикада өткен ғасырдың 70-80 жылдары неғұрлым серпінді қарқынмен дамыды. 90-жылдары ТМД елдерінде басталған экономикалық құлдырау көліктің барлық түрлерінде тасымал көлемінің жалпы төмендеуіне соқтырды. Тасымал көлемінің тұрақталып, өсуі 1999 жылдың аяғынан басталды. 2000 ж. көліктің барлық түрлері бойынша жүк айналымының үлесі теміржол көлігінде –63%, өзен көлігінде –0,02%, автомобиль көлігінде –12%, әуе көлігінде –0,02%, құбыр желісінде –25%. Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш пен құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Оның көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, теміржол көлігімен «тоғысатын» өзіндік ерекшелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабына қызмет көрсетеді. Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын.

III.Өздік жұмыс. Оқулықтың мәтінінен маңызды ақпараттарды түйіп алу.

  1. «Ой қозғау» Тапсырмалар жиынтығы.

1.Саяхат жасау жолы.(теміржол)

Атластың (18-19 бетінде) пайдаланып бағыттар бойынша саяхат жасау.

(жолбойында кездесетін станцияларды атап шығу)

  • Орал қаласынан Шымкентке дейін;
  • Петропавл қаласынанАлматыға дейін;
  • Семей қаласынан Таразға дейін

2.Әуежайлады атаңдар:

Көлік кешені картасында әуежайлар бар қалаларды көрсету және ең ірілерін белгілеп алу.

  1. Республикалық маңызды автомобиль жолдарын картадан көрсетіңдер.
  2. Картада кеме жүзеін өзендерді көрсетіңдер

ІІІ. Қортындылау.    Рефлексия «Алақан»

Үй тапсырмасы:  §17 оқу, 211 бет  2-тапсырма орындау

 

1 пікір

  1. как скачать

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған