Қазақстанның көлік кешені

Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

география пәнінің мұғалімі

Рахимова Ултуар Кожахановна

Тақырыбы:  Қазақстанның  көлік  кешені

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның көлік  кешені, салалары, құрылымы  жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

 

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап

  1. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.
  2. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі міндеті қандай? Біздің елімізде оның қандай салалары дамыған?
  3. Қазақстанда мақта-мата өнеркәсібінің негізгі орталықтары қай жерлерде орналасқан?

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

  • Қазақстанның көлік кешені

Инфрақұрылымдық кешен, өз кезегінде екі бөліктен: коммуникациялық жүйе мен қызмет көрсету саласынан тұрады.

Мекемелер саны: 1194

Жұмыскерлер саны: 204 мың

ЖІӨ-дегі үлесі: 6 %

Тасымалданған жүк 3 млрд т

Тасымалданған жолаушы 16,6 млрд

Орташа айлық мөлшері: 119 мың теңге

Көлік – экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті – жүк пен жолаушы тасымалдау.

Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол – көлік құралдары, жолдар, ұйымдар және тиеу-түсіру пункттері.

Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. 1.Тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді.

2.Автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, демек оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші – жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда – жолаушы айналымы.

Жүк айналымы – уақыт бірлігі ішінде белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері.

 

Оқулықпен жұмыс

132-сурет. Қазақстандағы көлік түрлері

Автомобиль жолдар – 93 мың

Әуе жолдары – 80 мың

Теміржол – 15 мың

Газ құбыры – 10 мың

Мұнай құбыры – 6 мың

Кеме қатынасы – 4 мың

 

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  • Қазақстан халқы және шаруашылығы үшін көлік қандай қызмет атқарады?
  • Көліктің негізгі түрлерін атаңдар.
  • Көлік жұмысының негізгі көрсеткіштерін атаңдар.

 

  1. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §37, 251 – 253 бет оқу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *