Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.

 Ботагоз Аблаева

Сабақтың тақырыбы:   Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің территориямызда таралуы мен олардың қалыптасу географиясын түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап, Әңгіме-дәріс, сайыс, ойын түрлері.

Пән аралық байланыс: экология, биология, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық  картасы, оқулық, кескін карта, слайд, түрлі жануарлардың суреттері, фишка.

Сабақтың жоспары:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Қорытындылау

VІ. бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Түгендеу. Зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды екі топқа бөлу. Арнайы дайындалған жұлдыз және ай бейнесі бар фигураларды қалауларынша таңдату. Сол бейнелер арқылы топтастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Екі топқа тапсырма беру.

  1. Тақтадан топырақтың таралуын дұрыс қой.
  1. Қоңыр, сұр топырақ
  2. Қара, қоңыр топырақ
  3. Қара топырақ
  4. Ашық қара қоңыр топырақ

 

  1. «Мен саған, сен маған» сұрақ-жауап.

Бірінші топқа сұрақ:

  1. Жердің геологиялық тарихында ең алғаш не пайда болды?

Ж: топырақ

  1. Тас бұзылама

Ж: ия, оны топырақ құрамындағы қышқылдар бұзады?

  1. Гуммус дегеніміз не?

Ж: шірінді немесе қара топырақ

  1. Табиғаттағы топырақты өңдейтін тірі организм?

Ж: шұбалшан

  1. Топырақты алғаш зерттеген ғалым?

Ж: В.В. Докучаев

Екінші топтың сұрағы:

  1. Топырақты қандай ғылым саласы зерттейді?

Ж: топырақтану

  1. Палеогеографтардың зерттеуі бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты қашан пайда болды?

Ж: 500 млн. жыл бұрын

  1. Топырақ құрылымына қарай қаншаға бөлінеді?

Ж: екіге, құрылымды, құрылымы жоқ

  1. Қазақстанның топырағы қанша зонаға бөлінеді?

Ж: үш

  1. Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғат апаттары?

Ж: су және жел эрозиясы

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Орманды анасыдай аңдар сүйіп,

Қойнында мекендеген марал – киік,

Тамаша табиғаттың сән байлығы

Тұр екен алақанға сыйып», дей келе бүгінгі жаңа тақырыбымыз:

Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесімен танысамыз.

Сабақты бастамас бұрын, дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақырыпты жазып, тақтадағы БҮҮ кестесін сызыңдар. «Білемін» бөлімін өздерің жазасыңдар, яғни бүгінгі тақырып бойынша не білесіңдер соны жазыңдар, ал «үйрендім,  үйренгім келеді» жаңа сабақ барысында жазасыңдар.

Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді

Қазақстанның өсімдіктер жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеоген дәуірінде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Бұл теңіз Қазақстанға қараған жерді екіге бөлген.

Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негінен жалпақ жапырақтылар мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тарады. Ал батысқа қарай Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем Үстірті мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *