мақал, мәтел

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен тәрбиелік мәні

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығы мен тәрбиелік мәні
А. Т. Утешова, А. Бейсенбаева, А. Нұрбекова
Тараз қаласы ФМБ НЗМ
Бұл ғылыми еңбекті жазуға түрткі болған «Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты. Біз Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушыларымыз. Біз қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын тілдерін де еркін меңгергіміз келеді. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Дегенмен орыс сыныбында оқитындықтан, ана тілімізді бәрінен де жоғары қоятынымызды мақтаныш етеміз. Ана тіліміздің бай, көркем тіл екенін біз өте жақсы  білеміз. Сол себепті  ана тіліміздің ауыз әдебиетінде қалыптасқан, ойып тұрып орын алған  ата-бабаларымыздың нағыз ақыл иелері данагөй болғандарын сипаттайтын  мақал-мәтелдердің үш тілде қолжетімді болуы оқушылар үшін  қажетті деп ойлаймыз. Сондықтан тіліміздегі мақал-мәтелдердің өзге орыс, ағылшын тілдерінде бір-біріне мағынасы жағынан ұқсас, жақын екенін анықтап, зерттеп, еліміздің дамуына балалық үлесімізді қоссақ дейміз.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері елімізде тіліміздің еңсесі күн санап көтеріліп келеді. Еліміздің салт-дәстүрлері қайта өрлеп, ауыз әдебиетіміз құнды бола түсті.  Жалпы халыққа түсінікті мақал-мәтелдеріміздің салмағы арта түсті. Өткенімізден қол үзіп қалмас үшін Елбасымыз барлық жағдайды жасап беріп отыр. Осындай жағдай жасалып отырған елімізде тек білімімізбен ғана басқа елдерге танымал болатындығымызды дәлелдеу ғана қалғандай.
Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі… деп нақты ашық айтқан.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі.
Ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.
Мемлекттік тілді – дамытамыз.
Орыс тілін – қолдаймыз.
Ағылшын тілін – үйренеміз.
(Н. Ә. Назарбаев)
Бұл сөздердің салмағын салмақтай  алмайтын адам жоқ шығар деген ойдамыз. Тіл-тілдің бәрі жақсы, бірақ қазіргі таңда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бір арнаға тоғысуы біздей жастарды қуантады. «Мақал-сөз мәйегі» дегенді қазақ халқы бекер айтпаса керек. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың бағытын мақал-мәтелдерге қатысты етіп алдық.
Мақал-мәтелдер қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасқанынан бері, сол ұлтпен біте қайнасып, жасап келеді. Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз. Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдерді біздің елімізде жүйелеп, жинақтап келер ұрпаққа аманат етіп қалдырып жүрген азаматтарымыз баршылық. Дегенмен мақал-мәтелдерді  сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым                Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.[5] Зерттеудің өзектілігі. Қазақ халқының мақтауға тұрарлық халық ауыз әдебиеті басқа елдердің ауыз әдебиетінен еш кем емес. Осы әдебиетімізді басқа елдерге таныту барысында әлі көптеген жұмыстар атқарылу керектігін білеміз. Бірақ қазіргі таңда әрбір қазақстандық үш тілді де тең дәрежеде меңгере алуы қажет деп міндеттелінген Елбасының сөзі арқау болғандықтан,  біз үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің ұқсастығын тауып, оны көпшілікке ұсыну маңызды болды.   Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ – орыс  үштілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.
Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, ұқсастықтарын, өзгешеліктерін анықтау.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.     Аталған     тілдік     бірліктердің     семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге мақал-мәтелдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау — жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді:
—   мақал-мәтелдердің орыс, ағылшын, қазақ тіл біліміндегі зерттелу  жайын сипаттау;
— мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету;
— қазақ, орыс, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесінің  көріністерін көрсету;
Қорытындылай келе,  мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақты тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ,  орыс және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды.
Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:
—  мақал көп жағдайда үлгі, өнеге, өсиет айтуға құрылады. Ал мәтел, сөз тіркесі, қалыптасқан нақышты орамды сөйлемше түрінде келіп, көңілдегі   ойды емеурін арқылы жеткізеді және нақты тұжырым, қорытынды пікір жасалмайды;
— ағылшын тіл білімінде мақал мен мәтелдің ара жігі нақты ажыратылмай, біртұтас тұрақты тіркес ретінде қарастырылады, ал орыс тілінде қазақ тіліндегідей мақалдардың мәтелдерден айырмашылығы бар;
— мақал-мәтелдер өзге тұрақты сөз орамдарына (қанатты сөз, нақыл сөз т.б.) қарағанда, тұлға жағынан ықшам, мазмұны жағынан тұтас, әмбебап;
— мақал-мәтелдердің тілдік сипатын сараптап, ұқсастықтарын анықтап  қана қою жеткіліксіз, олардың ұлттық ерекшеліктерін, этнолингвистикалық сипатын ашу — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі;
— бірқатар қазақ, орыс және ағылшын макал-мәтелдерінің құрамы мен құрылымы және мағынасы тұрғысынан өзара сәйкестіктері байқалды, абсолютті эквивалент, яғни теңбе-тең балама түрлері де кездеседі;
— ағылшын мақалдары көбіне бір сөйлемнен ғана құралса, қазақ, орыс  мақалдарының басым көпшілігі екі, не бірнеше тармақты болып келеді. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі айтылар ойдың басқа бір жағдай, не құбылыспен салыстырыла жеткізуін тілдік ерекшеліктер санатына жатқызуға болады;
— кейбір қазақ мақал-мәтелдерінің күндерегі қазақ қоғамында қалыптасқан билер институтымен, яғни Майқы, Төле, Әйтеке есімдерімен, Абай, Ыбырай, Жамбыл т.б. шығармаларындағы мазмұнды сөз үлгілерімен, қоғам қайраткерлерінің қанатты сөздерімен, жұмбақтар және діни мазмұндағы шармалармен, тығыз байланысты;
— ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрамында елді-мекендердің, атаулары мен кісі есімдері жиі кездеседі;
— тіл-тілдегі макал-мәтелдер әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы мен әдет-ғүрпы, салт-дәстүрі жөнінде ақпарат көзі, яғни дүниненің тілдік бейнесі болып табылады;
— әртектес тілдердің мақал-мәтелдерін салғастырмалы түрде зерттеу жұмыстары жалпы тіл білімін теориялық тұрғыдан соны тұжырымдармен толықтыра түседі және кейбір практикалық мәселелердің шешімін табуына септігін тигізеді.
 
  
Әдебиеттер
1. Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. – А., 1999 ж.
2. Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках: Пармиологический словарь. – А., 1989.
3. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. – А., 1994 ж.
4. Дубравин М. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. – М.: Просвещение, 1995ж.
5. Қазақ мақал-мәтелдерi. Құрастырған: Ж. Дәуренбеков — А., 2001ж.
6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983ж.
7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы-Астана,2012ж.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *