«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың мәнерлі сәйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары»

коучинг Күні 15.03.2018ж Сабақ 1
Тақырыбы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың мәнерлі сәйлеу дағдысын қалыптастыру жолдары»
Мақсаты: Мұғалімдерге қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың мәнерлі сөйлеу дағдысын дамытудың маңызын түсіндіре отырып, тәжірибеде қолдануға дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың мәнерлі сөйлеу дағдысын қалыптастырудың маңызын түсіне отырып, тәжірибеде қолданады.
Түйінді идеялар

 

Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады.
Қажетті құралдар Флипчарт, маркер, стикер
Тапсырмалардың түрлері Уақыты

(20 мин)

Коучтың  іс-әрекеті Мүғалімдердің  іс-әрекеті
Амандасу 1 мин Армысыздар, құрметті әріптестер. Бүгінгі күніңіз сәтті өтсін!  
 Шаттық шеңбер  2мин   Мұғалімдерді шаттық шеңберіне шақырып, жағымды атмосфера қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

Мұғалімдер шаттық шеңберіне жиналады. 
 Топқа бөлу

 

3 мин -Құрметті ұстаздар! Қазақ халқы қыстың кетіп, көктемнің шығып, күннің жадырауын қыстан аман шыққан адамдар бір-бірімен қол алысып көрісіп, құшақтасып өкпе-назын кешірген. Бұл салт Қазақстанның батыс өңірінде берік сақталған. Сондықтан бүгінгі күнімізді қыс бойы бір-бірімізге деген өкпе-ренішіміз болған болса, кешіргендігімізді көрсетіп, қол алысып көрісіп шығайық (алдымен тренер мұғалімдермен көріседі, содан соң әр мұғалім оң жағындағы әріптесімен, кейін сол жағындағы әріптесімен көріседі). Барлығы бірге «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсақ та жолымыз болсын» деп бата-тілек айтады. Мұғалімдер сергіту жатығуын жасайды, бірінші тренермен, кейін оң жағындағы, сосын сол жағындағы әріптесімен көріседі. Бата-тілек білдіреді.
Ой шақыру 5 мин  

 

 

 

1.      Тіл – ойдың көркі.

2.      Басқа пәле тілден.

3.      Жақсы сөз – жарым ырыс.

4.      Тіл – қатынас құралы.

5.      Тыңдалмаған сөз жетім.

(Берілген суреттерге сәйкес мақалдарды табу тапсырылады. Мақалдар арқылы тақырыпты болжайды).

-Мына суреттер қандай мақал-мәтелдерді есіңізге салады?

-Осыдан тақырыпты қалай болжаймыз?

-Неліктен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында әуезді сөйлеу маңызды деп саналады?

Мұғалімдер суретке қарап, мақалдарды таба отырып, тақырыпты болжайды. Түрткі сұрақтарына жауап береді.
Кіріспе 5 мин Сізге мәнерлі сөйлеуде кедергі келтіретін сөздерді жазуыңызды сұраймын.

1.Сіздің өзіңіздің шектен тыс, тым жиі қайталайтын сөзіңіз (немесе біреудің сөзінен естігіңіз келмейтін сөз);

2. Сізге мәнерлі сөйлеуге кедергі болатын дағды;

3. Оқушыны мәнерлі сөйлеуге үйретудегі кедергіңіз.

(Мұғалімдер өз кедергілерін жазып, қоқыс жәшігіне салуы сұралады).

Қ/б. «Отшашу»

Мұғалімдер өз бойындағы кедргілерін жазып, қоқыс жәшігіне салады.
Бейнежазба көру 4 мин «Жаңылпаш» бейнежазбасын көрсету.

-Бұл бейнежазба сөйлеу мәнері тақырыбымен қалай байланысады деп ойлайсыз?

– Шет елдік ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушының кеңістікті ойлауын қалыптастыратын абакусты көзге елестету арқылы есептеуді үйрететін «менталды арифметика» емес, қисынсыз оқиғаларға негізделген әңгіме екен. Ал, бұны жазу мен сызуды білмеген ата-бабамыз өтірік өлең айту арқылы баласының кеңстікті ойлау қабілетін дамытқан. Кеңістікті ойлай алатын бала шешен сөйлей де алады. Себебі «Тіл – ойдың көркі». Шешен сөйлеуге үйретуде қазақ жаңылтпаштарының орнын басар өлең жоқ. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші орыс ғалымы В.В.Радлов «Қазақтар сөйлеу өнерін жақсы меңгерген. Олар өте ұзақ өлеңдерді жатқа оқи алады, сонымен қатар олардың қарапайым сөйлеуі де, белгілі ритммен құрылған».

Түрткі сұрақтарына жауап береді.
Жеке жұмыс 5 мин «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша жаңылтпашты жеке, жұпта, топта айту.

І топ

Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды.
Орындалмай ойымдағы 
Ойылмады ою-дағы.
Орашолақ, олақпын ба,
Оя алмадым оюларды?

ІІ топ

Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.

ІІІ топ

Ағам талай ат тағалады

Ағам қалай ат тағалады.

Қалай ат тағалағанын

Білсем, мақтана аламын,

Білмесем, ұятқа қаламын

ІҮ топ

Ол бір ән айтты,

Мен бір ән айтым.

Мен бір ән айттым –

Домбырамен айттым,

Ол бір ән айтты –

Болбыр бір ән айтты.

Мұғалімдер берілген жаңылтпашты  топпен мәнерлеп айтады.
Топтық жұмыс 10 мин Топтық тапсырма:

Берілген мәтінді түрлі дауыс ырғағына салып оқыңыз.

І топ – Ертегі оқудың ырғағымен оқу;

ІІ топ – Батырлар жырын оқудың ырғағымен оқу;

ІІІ топ – Лирикалық шығарма оқудың ырғағымен оқу;

ІҮ топ – Өзіне ұнайтын кейіпкердің бейнесінде оқу.

Қ/б «+-»

Қатысушылар рөлдерге ене отырып, мәнерлі оқу дағдысын қалыптастыру дағдысымен жұмыстанады. 
Қорытынды 2 мин ПОПС Қатысушылар өз ойларын жинақтап, парақ бетіне түсіреді. 
Кері байланыс 2 мин Сабақ соңында өздерін қандай жануарға теңегендіктерін айтады. Қандай өзгеріс болғанын айтады.  Қандай мағлұмат алғандығымен бөліседі.
[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика