Қалдырған ізің мәңгілік

Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімі Бексейтова

Күләш Тұрсынғалиқызы

Қалдырған ізің мәңгілік

Мақсаты:   Қазақтың ұлы ақындары, әрі ойшыл Абай Құнанбаев пен

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының ерекшеліктерін

сезім-ой  тереңдігіне бойлата  отырып,көркем сөздің

құдіретін            түсіне білуге баулу

Тәрбиелік: Қазақ халқының рухани тарихындағы ұлы бейнелер

Абай мен Мұқағали әлеміне шығармалары арқылы

тарихи сананы  қалыптастыру.Отанын қорғауға

ұлтжандылыққа, асыл армандарға     тәрбиелеу

Дамытушылық:Әдебиет пен өнер туралы

дүниетанымын  кеңейту,оқушыларды

жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Түрі:дәстүрлі емес дуэт сабақ

Көрнекіліктер: қанатты сөздер:

1 «Қазақ поэзиясының күншуақ асқар биігі »

2 «Абай өз заманының анағұрлым биік тұрған ақын еді » Ғ. Мүсірепов

3 Абай, Мұқағали бүктемелері

1.Жүргізуші

Армысыздар қадірменді қонақтар.

Асыл сөзді іздеңдер

Абайды оқы,ерінбе!-деп С.Торайғыров айтқандай «Қалдырған ізің мәнгілік» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші

Әрбір әрпі қонған тамған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па жарандар?

Тату-тәтті бармысыңдар,армысыңдар, адамдар!-деп Мұқағали Мақатаев айтқандай сәлемдесуімізді қабыл алыңыздар.

Қош келдіңіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

Сөз кезегін Абай,Мұғали өлеңдері мен әндеріне беріледі.

Ән : Абай «Көзімнің қарасы»

Ән: М.Мақатаев «Сарыжайлау»

1 Жүргізуші

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.

«Мені» мен   «менікі»нің айырылғанын,

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес-деп жырлап    өткен ақын атамыз

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей облысы,  Абай  ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған.Шыққан ортасы ауқатты. Он үш

жасынан бастап әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу ісіне

баулиды.

2жүргізуші:

Әлем дархан, саялаңдар,

Бәріңе де орын бар

Қорған емес салтанатты,

Сәнді сарай соғыңдар.

Ей, адамдар,сендер тату

Сендер тату болыңдар!-деп  жырлап өткен Мұқағали Мақатаев

1931жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген.

Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып,өзі

сүйген Алматысында аяқталған еді.

Абай «Жүрегім ойбай соқпа енді»

Мұқағали: «Соқ жүрек»

1 Жүргізуші

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

 

2 Жүргізуші

Қарасаз,қар шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестім.

Өлсе өлерМұқағали Мақатаев

Өшіре алмас алайда өлеңді ешкім.

Абай «Өлсе орыым қара жерім

Мұқали Мақатаев Шыда-шыда

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Мұқағали: «Поэзия  менімен егіз бе  едің!»

1 Жүргізуші

Ерекше көзге түсіп келешегінен үлкен үміт  күттірген.

Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі құмартып тыңдайды. Әжесі Зере ман анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар-  Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.

 

Абай-ақын, композитор, философ,аудармашы,публицист,күйші.

 

 

2 Жүргізуші

«Мені сөзге,жырға үйір еткен,халықты сүюге тәрбиелеген-әжем»-дейді ақын.

М.Мақатаев-драматург,сатирик,публицист,жазушы,ұстаз,журналист.

Абай,Қайрат,Ақыл,Жүрек.

Абай қара сөзінен көрініс.

Мұқағали. «Менің анкетам» көрініс.

1 Жүргізуші « Абай»

Ғашықтың тілі-тілсіз тіл

Көзбен көру, іштен біл

Сүйсінер жастар қате етпес

Мейлің илан,мейлің күл

 

 

2 жүргізуші  Мұқағали

Ән сал жаным

Әніңмен тербет мені

Бір сәтке тылсым тірлік жер көктегі

Дала ұйысын,

Дамылдатып таулар жатсын,

Таулар жатсын,мәңгілік жер көктегі

Ән: Абай «Желсіз түнде жарық ай»

Ән: Мұқағали «Үш бақытым»

1 жүргізуші

Қуат алып Абайдың тіл күшінен

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен

Абай болып табынсам бір кісіге

Абай болып түңілем бір кісіден-дегендей

Жыр керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған  өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың  қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай , өркендей өсіп , айшықтала түсүде.

Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.

2 жүргізуші « Би» Мұқағали  «Сағындым»

Жас қартаймақ жоқ, тумақ  туған өлмек

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек

Басқан із,көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек

1 Жүргізуші

Қазақ поэзиясың күншуақ асқар биігі,Абай өз заманының анағұрлым биік тұрған ақыны еді,-деген еді Ғабит Мүсірепов

2 Жүргізуші  

Осымен сіздерге   арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты тәрбие

сағатымыз жабық деп жариялаймыз

1 Жүргізуші

Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика