Қаныққан бір атомды спирттердің қасиеттері, жеке өкілдері

anarg ШҚО, Тарбағатай ауданы

     Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің

   химия пәні  мұғалімі

 Шаяхметова Анаргүл Әменқызы                 

Сабақтың тақырыбы : Қаныққан бір атомды спирттердің қасиеттері, жеке өкілдері

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:   Қаныққан  бір  атомды  спирттердің  физикалық ,  химиялық

қасиеттерінің   құрылысына  байланыстылығын   түсіндіре   отырып, жеке өкілдеріне тоқталу, олардың маңызымен  зияндылығын оқып үйрету.

Дамытушылық:Спирттер  туралы  білімдерін  жетілдіре  келе ,іскерлік

дағдылары  мен қабілеттерін дамытып ,  білімге деген   қызығушылығын,  өз  бетімен

жұмыс     істеу дағдыларын   арттыру.

Тəрбиелік:  Өздерінің   қабілет,мүмкіндіктерін  ажырата   келе ,ізденіспен

еңбектеніп ,  жеке   тұлға екенін  сезіне  білуге  үйрету .

Сабақтың көрнекілігі:деңгейлік  тапсырмалар,   интерактивті  тақта, слайд, таратпа материалдар

Сабақтың түрі :   Аралас

Сабақтың   əдісі : Деңгейлеп  оқыту,  тест, жеке, дамыта   оқыту,  баяндау.

Сабақтың жүру барысы

І .  Үй тапсырмасын тексеру

« Қаныққан бір атомды спирттердің  жіктелуі, табиғатта кездесуі,  алу жолдары »

«Ой қозғау»

  • Стандартты деңгей

Көмірсутек класы         Жалпы формуласы         Гибридтену          Валенттік бұрыш

Алкандар                                   CnH2n+2                                       SP3                             1090 28

Алкендер                                     CnH2n                                        SP2                                   1200

Алкадиендер

Алкиндер

Арендер

Спирттер

 

  • Спирттер дегеніміз не? (слайдта көрсетілген)
  • Спирттердің жіктелуі
  • ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттердің аталуы
  • Бір атомды спирттердің гомологтік қатары
  • Спирттердің изомериясы және номенклатурасы
  1. Деңгейлік    тапсырмалар

І -деңгей

1) Қайсысы  бір атомды   спирттерді    өнеркəсіпте алудың жолы емес .

а)Көмірсутектердің моногалоген туындыларын  сілті  қатысында    гидролиздеу.

б)Құрамында  қанты  бар заттарды    ашытқы  ферменті  қатысында  ашыту .

в)Альдегидтерді   тотықсыздандыру .

г)Этиленді  көмірсутектерді  гидратациялау.

2) Кетонды  тотықсыздандырғанда    спирт түзіледі.

А) біріншілік спирт                  б) екіншілік спирт              в) түзілмейді

ІІ -деңгей .

1) Пропил  спиртін   көмірсутектердің  моногалогентуындысын  гидролиздеп

алудың реакция   теңдеуін  жаз.

Ш — деңгей

2) Реакция   нəтижесінде алынған  спирттің  атын атап ,  нешіншілік  спирт   екенін

жаз.                                                           О

СН3—  СН2 — С                        СН3-СН2-СН2-ОН

Н

ІІІ  деңгей

1) 1-бромпропаннаң   спирт  алудың  реакция  теңдеуін   жазып , алынған   спиртті

халықаралық  жүйе бойынша  ата.

2) 33,6 литр  / қ.ж/  этиленді   гидратациялағанда   түзілетін    этанолдың   массасын

есепте .

 

2-тапсырма. Атауын тап

Спирттерді атап берілген кестені толтырыңыз.

Формуласы Халықаралық жүйе бойынша атауы Басқаша атауы
СН3-ОН    Метанол Метил спирті
СН3-СН2—ОН Этанол Этил спирті
СН3-СН2— СН2 — ОН Пропанол Пропил спирті
СН3-СН2— СН2— СН2-ОН Бутанол Бутил спирті
СН3— СН2— СН2— СН2— СН2-ОН Пентанол Амил спирті

 

3 – тапсырма Спирттердің алынуы (реакция теңдеуін жаз)

1.

2.

3.

4.

ІІ .Жаңа сабақты  түсіндіру

  1. Физикалық қасиеттері Қалыпты температурада С10 –ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11 бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі   сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді.

б-   б+

2/ Құрылысы:         С2Н5ОН         ( С2Н5ОН) n                        Н3С-  Н2С-  О —  Н                                       С2Н5 —  О …  Н —  О …  Н – О            сутектік  байланыс (5  ккал )моль

 

Н            С2Н5        С2Н5

Спирттер полюсті қосылыстар.

ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

б+   б-                б-   б+

Н3С —  О – Н                        С        О    жəне О        Н    ( полюстілігі  жоғары)

Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық  қасиет береді.

І.   «ОН»   тобындағы   сутек  арқылы жүретін   реакциялар

Спирттер индикаторға әсер етпейді. Гидроксил тобындағы сутек атомы әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді, қозғалғыш келеді, орынбасу реакциясына түседі.

1) Белсенді  металдармен

2Н5ОН + 2N а          2С2Н5ОNа + Н2

Натрий этилаты

 

( алькоголяттар)С2Н5ОNа + НОН              С2Н5ОН +N аОН   / гидролиз /

2) Карбан қышқылдармен  / этерификация /

н+, t

С2Н5О[Н] + [ НО]ОС —  СН3             С2Н5О —  ОС-СН3 + Н2О

Сұйық(С1-С10)      Қатты (С11бастап)  Судаериді  (Mr  төмен )

Қаныққан бір атомдыспирт иісі бар сұйық . Индикаторға   əсер  етпейді.

 

ІІ .  1) Галогенсутектермен

к Н2 SО4

С2Н5ОН + НВr                  С2Н5Вr+ Н2О

2) Дегидратация

а)  t0төмен  / молекула  аралық/

к Н2SО4 t0<140 0С

С2Н5ОН + НО —  С2Н5                                     С2Н5-ОС2Н5 + Н2О

диэтилэфирі

жай эфир

ə) t0 жоғ  / молекула  ішілік /

к Н 24 t0>140 0С

С2Н5ОН                                        СН2 = СН22О

Этилен   алкен

б) 2- шілік,3-шілік спирттер  суды   жеңіл бөледі .

ІІІ.   Тотығу    реакциялары.

1) тотықтырғыш  ( СuО,  К2Сr2О7 + Н2SО4)  əсері

[ О]

О

 

а)  СН3 —  СН2—  ОН                     СН3—  С

[О]                               Н сірке альдегиді

ə)  СН3 -СН — СН3                  СН3 —  С —  СН3

ОН                                        О

екіншілік                                               ацетон    ( кетон)

2) СuО-тотығуы  / сапалық  реакция/

t

О

а)  СН3 —  СН 2—  ОН + СuО             СН3 —  С         + Н2О + Сu ¯

қара                                 Н                   қызғылт

иісі альдегид

 

KMnО4

О

ə/  СН3 —  СН2 —  ОН                         СН3 —  С     ОН қышқыл

3) Жануы:  С2Н5ОН + 3 О2                2 СО2  + 3 Н2О + Q

ІІІ.  Пысықтау

Тренинг ойыны  ( сенесің бе , сенбейсің бе ?)

  1. Спирттер суда ерігіштігі  молекулалық  массасына   байланысты   болатын

сұйық ,қатты заттар .

  1. Қ.t0 мен б.t0  -сəйкесті    көмірсутектерден   жоғары,  себеп  молекулааралық

сутектік  байланыс болады.

  1. Спирттер полюссіз қосылыстар.
  2. Спирттер күшті қышқылдар, индикаторға   əсер  етеді.
  3. Белсенді металдармен орынбасу реакциясына түсіп,  алкоголяттар  түзеді .
  4. Карбон қышқылдармен əрекеттескенде күрделі эфир түзеді .
  5. Дегидратация реакциясы t0  байланысты  жүреді ,   t0 >1400С  болса  алкендер

түзіледі.

  1. Дегидратация реакциясы 2-шілік, 3- шілік   спирттерде    қиын жүреді .
  2. Тотықтырғыш əсерінен түрліше тотығып бірде альдегид ,  бірде кетон түзеді .

10.Біріншілік  спирттерге    сапалық   реактив   СuО,  реакция   белгісі   өткір  иіс,

қызыл    түсті тұнба.

11.Спирттердің бəрі  көгілдір жалын  мен күйе  түзе  жанады.

12.Спирттер галоген сутекпен    əрекеттескенде    алкен түзіледі.

Жауабы:

1  иə , 2 иə , 3 жоқ, 4 жоқ, 5 иə , 6 иə ,  7  иə , 8 жоқ, 9 иə , 10  иə    11  жоқ 12  иə .

ІҮ.  Білімді бекіту :

Деңгейлік тапсырмалар

І  деңгей

1)  Спирттер …   жəне    …    агрегаттық  күйде болады.

2) С1-С10  аралығындағы спирттер    …,     ал    С11 бастап     ….       заттар

3) Спирттердің  молекулалық  массалары   өсуіне   қарай  суда   ерігіштігі  …,     ал

балқу,   қайнау    температуралары …,    себеп  спирттерде    молекулааралық     … байланыс   болады.

ІІ  деңгей

1) Спирттер   полюсті қосылыстар,себебі  О-Н пен С-ОН   арасындағы байланыстар :  а)  полюсті    б)  полюссіз      в)  сутекті

2)     О        Н   байланысының   полюстілігі     С        О   байланысына  қарағанда:

а)  кем        б)  жоғары        в) тең

3) Спирттер   белсенді  металдармен қышқыл  түрінде   əрекеттеседі,себеп:

а)  «ОН»  тобындағы   «Н»  қозғалғыш

б)көмірсутек  радикалындағы   «Н»   қозғалғыш

в) «Н»  атомына    байланысты емес .

ІІІ деңгей

1) Пропил  спиртінің   бромсутекпен   əрекеттесуінің   реакция  теңдеуін   жазып  ,

түзілген  затты   атау .

2) Сірке  қышқылының   метил  эфирін   алудың  реакция   теңдеуін   жазып ,   бұл

спирттердің   қандай  затпен    əрекеттесуі ?

3) Бір спиртті   дегидратациялағанда   пропен түзіледі,  реакция теңдеуін  жазып ,

қай спирт екенін  атау

 

Ү.  Үйге тапсырма :  §8.3 №7, 10, 11, 12, 13

ҮІ.  Бағалау үшін бағалау кестесі   жүргізіледі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *