Қарапайым HTML файлын жасау

aigulЖамбыл облысы
Мойынқұм ауданы
Мойынқұм ауылы
№8 Мойынқұм колледжі
Наушабекова Айгүл Айтбайқызы
«Қарапайым HTML файлын жасау»   Зертханалық жұмыс

                          Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту.
Мақсаты:

HTML  тілінің негізгі командаларын үйрену;
Қарапайым HTML файлын жасау;
Экранға мәтін орналастыруды үйрену;
Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту

Қарапайым HTML  файлын жасау

Блокнот   редакторы  терезесінде қарапайым HTML файлын теру керек:

Файлды  br.html  атымен сақтаймыз да, Блокнот терезесін жауып қоямыз.

Жасалған құжатты  көру үшін, br.html   файлын   тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, ашылған  мәзір терезесінен «Отқрыть с помощью –  кез келген интернет браузерді таңдап аламыз, мысалы  Google шертеміз.  Интернет браузер ашылған соң, төмендегі суреттегі  Web құжатты көреміз.

Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту

 

HTML  файлында төмендегі  тэгалар қолданылады:

Жолдарға өту үшін <BR> тэгасы, ал азат  жолдардан бастау үшін  <P>…</P> тэгасы .

 

br.html  файлын Блокноттан ашып, оған келесі өзгерістер енгіземіз:

Web құжат келесі  түрге өзгереді

           Жеке симводар мен сөздерді бейнелеуді басқару

 

Жеке символдар мен сөздерді бейнелеуді басқару үшін мәтін  үзінділерін бөліп алу тэгасы қолданылады.Мәтін  үзінділерінбөліп алудың 3 түрлі тэгасы бар,олар:<В> – қарайтылған мәтін;<I>-қисайтылған мәтін;<U>-асты сызылған мәтін. Бұл тэгаларды ашқан соң, міндетті түрде жабу керек

br.html  файлын Блокноттан ашып, оған  тағы өзгерістер енгізейік:

Web құжатта өзгерістер төмендегіше:

Тақырып стильдерін қолдану мен құжаттар өлшемін беру

 

Тақырыптардың  6 тэгасы қолданылады, олар <H1>… </H1>, <H2>…</H2>  … <H6>…</H6>

 

             Жазылу форматы :

<Hn>  мәтін </Hn> , мұндағы n=1.2. …6

 

Блокнотта жасап отырған файл мәтініне  келесі жолдарды жазамыз:

Блокнотта  жасаған өзгерістерді сақтауды ұмытпау керек.

Web құжаттын түрі мынадай болды.

          Мәтіндерді көлденең бағытта туралау

 

HTML тэгалары арқылы  мәтіндерді көлденең бағытта туралауға болады. Ол үшін ALIGN=:атрибуты қолданылады. Атрибуттан кейін мәтіндерді қай бағытқа  туралайтын тэг жазылады:

ALIGN=CENTER  –  ортасына туралау

ALIGN=RIGHT    – оң жақ шетіне туралау

ALIGN=LEFT  – сол жақ шетіне туралау

Web құжатта мәтін фрагменттері жол ортасына, оң жаққа ығыстырылып орналасқаның байқауға болады.

                                   Тапсырмалар

 

   1 тапсырма:

 

  1. Алдынғы №1 зертханалық жұмыста жасап, сақтаған HTML файлынды Блокнот редакторында аш.

 

<HTML>

<HEAD> ОП-230 тобы

<TITLE>  МОЙЫНКУМ КОЛЛЕДЖ</TITLE>

</HEAD>

<BODY>

ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ

</BODY>

</HTML>

 

  1. <HEAD>  ОП-230 жазуын   Н1 тэгасымен жаз.

          <HEAD><H1><B> ОП-230 тобы </B></H1>

 

  1. ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ мәтінің  келесі мәтінге ауыстыр:

<H2 ALIGN=CENTER><U> ЭЕМ ОПЕРАТОРЫ </U></H2> <BR>

  1. Келесі қатарға  мына мәтінді теріп жаз:

<H4 ALIGN=RIGHT>  <I> он жакка ыгыстырып кисайтылган жазу </I> </H4> <BR>

  1. Одан кейін мына мәтінді  жаз:

<H4 ALIGN=LEFT>  <B> cол жакка ыгыстырып карайтылган жазу жазу </B> </H4> <BR>

 

Ескерту:  Блокнот редакторына өзгеріс енгізген сайын, оны сақтауды ұмытпа.

 

Егер тапсырма дұрыс орындалса, онда төмендегі Web-құжатты көресіндер.

 

2 тапсырма:

 

1 тапсырманың 4 және 5-ші пунктерін өзгерту арқылы Web-құжатты  төмендегі түрге келтір.

 Бақылау сұрақтары:

  1. Келесі жолға өту үшін қандай тэг қолданылады?

  2. Азат жолдан бастау тэгі қандай?

  3. Қисайтылған мәтін жазу үшін қандай тэг қолданылады?

  4. Тақырып стильдерін жазу үшін  тақырыптардың қанша тэгасы бар?

  5. Мәтіндерді көлденең бағытта туралау  үшін қандай атрибут қолданылады?

  6. Мәтінді ортасына туралау қалай жүзеге асырылады?

  7. Мәтінді оң жаққа  қалай  туралаймыз?

  8. Тэгтерді жабу символы қандай?

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика