Қасиетті құран

Мухангалиев Нурлыбек Гайноллаевич

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

М.Мирманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қасиетті құран

Сабақтың  мақсаты: 

білімділік: діни  әңгімелердің  тууы, Құран Кәрім туралы  жан — жақты

мағлұмат  беру;

дамытушылық: оқу — білімге  деген  қызығушылықтарын  дамыту;

тәрбиелік:  адамгершілікке, имандылыққа  тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс — тәсілдері: Баяндау, ой қозғау, Венн диаграммасы,тест, сұрақ-

жауап,сөзжұмбақ

Пәнаралық байланыс: география, ХАӘ,тарих,қазақ тілі.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Құран кітап, слайд, кітап көрмесі.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру  бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

ІІІ. Жаңа  сабақ:

  1. Ой шақыру
  2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі
  3. Венн диаграммасы
  4. Аудио жазба тыңдау,ауыл имамының тақырыпқа қатысты баяндамасы

5.Топтастыру стратегиясы

6.Кітаппен  жұмыс

7.Тест тапсырмалары

  1. Бекіту сұрақтары. Сөзжұмбақ

ІҮ. Сабақты  қорытындылау, бағалау

Ү. Үйге тапсырма.

 

І.Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Сәлемдесу.
  2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Ой  шақыру

                   

 

Бұл суреттерді   көргенде   ойларыңызға қандай сөздер  мен сөз тіркестері  келді?

Мұғалімнің  кіріспе әңгімесі:

Адамның  бойындағы  ең  басты  қасиет- ол  таным мен   сенім. Адамзат  қоғамы  тарихында  әрбір адам  сенімдерінің  ең  абзалы — Жаратушыға  деген  сенім. Сенім  негізінде  адамның  дүниетанымы  қалыптасты. Жаратушыға  деген  сенімі  қалыптасқаннан  кейін  адамдар  одан  қажетін  сұрады, тіледі,  құлшылық  етті,

дәріптеді,  соған  сай  береді  деп  .міттенді  немесе  Жаратушының  әміріне  қарсы келуден  қорықты. Сол сенім  іс — әрекеттерді,  құлшылықтарындағы  жөн -жоралғылар мен салттарды, ережелер  мен қағидаларды  ”дін“ деп атады. Діннің  өзіндік  жөн — жоралғылары көп. Сондықтан ол кейде дәстүрге де  ұқсап кетеді.

Құран – ислам дінінің ең негізгі,басты кітабы.Ол діннің ғана емес,араб әдебиетінің классикалық үлгісі.Араб әдебиеті тарихында кітап болып басылып, жарық көрген тұңғыш көркем шығарма. Онда тарих,әдебиет,шариғат,салт-сана,әдет-ғұрып,тазалық,әділдік,шипагерлік секілді жан-жақты бай мазмұн қамтылған.

Құранда 114 сүре бар. Мұхаммед – Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.

Құран Кәрім барлық іс бір Алланың әмірімен болатынын айтып, адамдарды сабырлы,салиқалы,мейірбан,қайырымды ,күнәдан пәк болуға тәрбиелейді.

Венн диаграммасы.

Дәстүр                                                     Дін

 

Аудио жазбадан Бас мүфти Әбдісаттар Дербісалының құран туралы айтқан сөзін тыңдайық. Ықылас  сүресін тыңдату.

 

Топтастыру стратегиясы.

114 сүре бар

 

 

 

Тәрбие құралы              Құран Кәрім              Ислам дінінің бас кітабы

 

 

 

Араб тілінде жазылған

Ауылымыздың имамы Есенғабыл атамызға сөз береміз.

Кітаппен  жұмыс.  Сөздік  жұмысы

Алла – күллі ғаламды жаратушы

Құран – Ислам дінінің негізгі ережелері,уағыздары жазылған діни кітап.

Уаһи – хабар

Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүретін,ислам дініне үлес қосқан адам.

Хафиз — Құранды жаттап,үнемі есінде сақтап жүретін адам.

Қари — Құранды жаттап,жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.

Тест сұрақтары.

  1. Қазақ халқы қай дінді ұстанады?

А) христиан   Ә) будда Б) котолик   В) ислам

  1. Мұсылман діні қай елден шыққан?

А) ресей  Ә) араб  Б) қытай  В) грек

3.Мұсылман (ислам) дінінің бас кітабы?

А)  Зәбүр  Ә) Інжіл  Б) Таурат  В) Құран

  1. Мұсылман дінінің негізін салып,халық арасына таратушы қайсысы?

А) Исус   Ә) Мұхаммед    Б) Лама  В) Конфуций

5.Құранда қанша сүре бар?

А) 114       Ә)  14     Б) 60         В) 99

6.Алла тағаладан Құран аттарын жерге жеткізуші қандай періште?

А) ібіліс   Ә) әзірейіл   Б) мүңкір-нәңкүр  В) жебірейіл

7.Құран қай тілде жазылған?

А) қазақ     Ә) түрік    Б) араб    В) латын

8.Мұхаммед пайғамбардың өсиеттерін қалай атайтынын көрсет?

А) Тезис  Ә) баяндама  Б) мақал      В) хадис

  1. Мұсылман діні заңдарын қалай атайды?

А) Ғазауат   Ә) Шариғат  Б) Ораза  В) Құран

  1. «Уаһи» деген не?

А) хабар    Ә) зат   Б) адам   В) жануар

Бекіту  сұрақтары: Сөзжұмбақ

  1. Біздің ұлтымыз қандай?
  2. Алланың елшісі,жер бетіндегі ең соңғы пайғамбар?

3.Құранды жаттап,жеті түрлі әуенге салып оқитын адам?

4.Құранды жаттап,үнемі есінде сақтап жүретін адам?

5.Құранның сөздерін поэмаларына арқау еткен орыс ақыны?

 

Қ А З А Қ
М Ұ Х А М М Е Д
Қ А Р И
Х А Ф И З
П У Ш К И Н

 

ІҮ.Сабақты  қорытындылау,бағалау

Ү.Үйге тапсырма:

1.Мәтінді  оқу, мазмұндауға  дайындалу.

  1. Дін туралы мақал — мәтел, нақыл сөздер жазып келу
  2. Фатиха,Ықылас,Нас сүрелерін жаттау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *