Қаңқа бөлімдері

skeletonАқмола облысы Бурабай ауданы

Щучинск қаласы «Мирас» көпбейінді мектеп-гимназиясы

Бейсенова Айгүл Илиясовна биология пәнінің мұғалімі

 Сабақтың тақырыбы:Қаңқа бөлімдері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамның тіршілік етуіндегі тірек-қимыл  жүйесінің маңызы туралы түсінік қалыптастыру.Соның    ішінде  қаңқаның жеке бөліктерін,құрылысы  мен қызметтері туралы білімдерін дамыту.

Көрнекілігі:слайд,постер,маркер,макет «Адам қаңқасы»

Сабақтың түрі:Жаңа білім беру

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап ,топтық,Топтастыру,СТО –ң элементтері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу,түгелдігін тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу.

Жаңа сабақ  түсіндіріледі.

І-Қызығушылықты ояту.

а)жұмбақ шешу

Екі достың бірі ыңғайлы                       Бірі — ыдысқа керек

Біреуінен ебі жоқ,                                 Бірі- жүріске керек (Аяқ)

Екеуін де бірлей көрем,

Маған артық-кемі жоқ(екі қол)

ә)бейне ролик көрсету.

ІІ-Мағынаны тану.

Постермен жұмыс жасау.

1 топ.Бас сүйек-Маңдай,шүйде,самай,төбе,жақ сүйектері

2 топ.Тұлға  қаңқасы-Омыртқа,қабырға,төс,жауырын,бұғана

3 топ.Иық белдеуі-Тоқпан жілік,кәрі жілік,қол басы сүйектері,білек,шынтақ сүйектері

4топ.Аяқ сүйектері-Ортан жілік,асықты жілік,шыбық сүйек,табан сүйектері,бақай сүйектері

Оқушыларды топтарға орналастырып болғаннан кейін топтың ережесімен таныстырамын.

 

Топтың ережесі

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз

2.Уақытты үнемдейміз

3.Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз

Әр топтың өз басшысы болады ,алдарына бағалау парағы таратылады .Топ басшысы бағалау парағына ұпай сандарын қою арқылы қорытынды шығарып жалпы ұпай санын есептейді.

Бағалау парағы

 

 

Оқушының аты Постер жасау

2-3

Топтастыру

1-3

Сабақта белсенділігі

1-2

Ауызша жауап беруі

1-3

Өздік жұмысты

Орындауы

0-4

Жалпы ұпай Баға

сы

1.
2.
3.
4.
5.

 

 

Әр топқа постер мен маркер таратылады,сол постерге әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ойларын ортаға салады да ортаға шығып түсіндіреді.

Тренинг өткізу :

 

ІІІ-Ой толғаныс.

а)топтастыру.

 

Бас сүйек

Тұлға қаңқасы

Иық белдеуі

Аяқ сүйектері

ә)эссе «Менің қаңқам».

ІV-бағалау.

Топ басшылары жалпы ұпайларын айтады.

V-Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма беру:21 тақырыпты оқып келу,83 беттегі кестені толтыру

Аралас-жұптас-қатып қал стратегиясы бойынша оқушылар бір-бірінің жұптарын табады да  бүгінгі өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды (Музыка арқылы)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *