ҚМЖ.Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар

8 ҰОҚ. Тақырыбы: Айналамдағы заттарды санаймын. 1-ден 5-ке дейінгі сандар. Мектеп\МҰ:
Күні: Педагогтің атыжөні:
Мектепалды сынып/топ     Қатысушылардың саны: Қатыспағандардың саны:
Оқыту

мақсаттары:

0.2.1.1. 20 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды.

0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:

— 5 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды.

Көптеген тәрбиеленушілер:

— заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды.

 

Кейбір тәрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара – арасынан олардың реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар Дағдыларын дамыту:

— өзінің сұрақтарын қойғанда және педагог пен тәрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пәндік лексика және терминология:

Санау, сан.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

— Заттарды қалай санау керек екенін түсіндір?

— Сен 5-ке дейін қалай санайсың?

— Карточкада қандай заттар бейнеленген?

Жазу:                 

— қарындашпен суреттерді 5-ке дейін толықтырып салу.

Алдыңғы білім Заттардың сандық ұғымы туралы түсінік, геометриялық фигуралар мен денелердің атауы.
Жоспар
Жоспарланған уақыт                    Жоспарланған іс — әрекет Ресурстар
Басталуы

0 – 5 минут

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерді құрметтеп,

Сәлем берейік біз.

Балалар шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады.

Топқа бөлу.      

Педагог балаларға түрлі түсті фишкаларды ұсынады. Балалар фишкаларды таңдай отырып, топқа бөлініп отырады.

 

 

 

 

 

 

түрлі – түсті фишкалар

Ортасы

6 — 15

Жаңаны ашу.

Педагог балаларға қысқаша видеоны көруге ұсынады.

Педагог сұхбат ұйымдастырады:

— Балалар видео не туралы?

— Дұрыс сандар туралы.

— Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз! 1-ден 5-ке дейінгі сандармен танысамыз!

— Жол сапарға пойызбен шығамыз!

— Сандар әлеміне жету үшін, ең бірінші тапсырмаларды орындау керек.

1. Педагог үлестірмелі материалдарды пайдаланып, «Адасқан сандар» ойынын өткізе алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдар

16-25 Жаңаны қолдану.

2. тапсырмада педагог балаларға көрсетілген заттарды өз бетінше санауды, цифрлардың керекті санын қоюды ұсынады.

Әліппе-дәптердегі №3 тапсырмада бес санына дейін жетпейтін заттардың санын атап, суретін салу.

Бағалау (жұлдызша тарату).

Сергіту сәті.

Педагогтің қалауы бойынша.

4-тапсырмада бір санның бейнесін таяқшалармен жазуға болады.

 

Карточкамен жұмыс

Рефлексия

26 – 30

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сәттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті жапсыруға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті жапсыруға болады. Қателіктер болмаса және бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті жапсыруға болады Тақтаға смайликтерді жапсыру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *