ҚМЖ.Іздер. Әңгіме.  Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау

Пән: Оқу және тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Іздер. Әңгіме.  Ортақ тақырып: «Дені саудың – жаны сау».

Оқу мақсаттары: Тыңдалым, айтылым: 2.1.4.3 сұрақтарға толық жауап беру. 2.1.6.1 мұғалімнің көмегімен суреттерге қарап, оқыған мәтінге ұқсас әңгіме құру. Оқылым: 2.2.1.2 дауыстап оқуды қолдану.

Міндеттері:

1.Білімділік: Мәтін туралы түсініктерін кеңейту. Сұрақтарға толық жауап беруге, сурет бойынша әңгіме құрастыра білуге үйрету. Мәтінді дауыстап, іштей, тізбектеле оқи білуге үйрету. Қыс мезгілі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

2.Түзету – дамытушылық: Сөз қорын толықтыру, тілін ұстарту, сөйлем құрау қабілетін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Жеке бастың тазалығын сақтауға, спортқа деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу. Сауаттылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа, оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, жұмыс дәптері, оқулық, ТҚЖ – теледидар, экран, проектор, бейнежазба, презентация.

Материалды игеру кезеңдері 1 топ 2 топ 3 топ 4  топ және УУО
Ұйымдастыру

кезеңі:

Амандасу.    Психологиялық бағыт беру:

Амансыңба, Алтын күн!

Амансыңба, Жер Ана!

Амансыңба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.

Негізгі  бөлім:

 

 

 

Өткен тақырыпты сұрау:

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру 

Артикуляциялық жаттығулар жасау: «Күрекше», «Сылақшы», «Саңырауқұлақ», «Тәтті тосап».

Таза сөйлеу минуты:

На-на-на, сырғанайды шана.

Ну-ну-ну, аққаланы тану.

Өткен тақырыпты сұрау: «Шынықсын денеміз» Өлеңді жатқа айту.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қызығушылықты ояту: «Қардағы іздер» бейнежазба қарату.

-Балалар, біз не туралы бейнежазба көрдік?

Жаңа тақырыпты атау: Іздер. Әңгіме.

А)Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып береді.

Ә)Сөздік жұмыс жүргізіледі:

Жазық – ашық дала                Тау, орман, жазық суреттері көрсетіліп, салыстырылады.

Б)Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды:

-Қыс айларында жерді не басады?

-Тау, орман, жазық қандай болады?

-Алғашқы түскен қардың беті неге ұқсас?

-Қардың бетіне қандай суреттер түседі?

Біріншілік бекіту: Логоритмикалық жаттығу жасату:  А – О, А –У, А – И, А – Ә, А – І. Оқушылар дыбыстарды хормен  созып, әндетіп айтады.
Оқылым:

 

Кітаппен жұмыс:

А)Балалар мәтінді  тізбектеле оқиды.

 

3 топ: Буындап оқы, бөлмей оқы.

Ма-мық      ап-пақ      жа–зық

Мамық        аппақ       жазық

І-зі-мен       ор–ман

Ізімен          орман

4 топ: «Мамық, жазық, іздер» сөздерін үлгіге қарап кеспе әріптермен құрастыру.
Сергіту сәтін орындау.
Екіншілік бекіту:

Оқылым:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдалым, айтылым:

Ә) Балалар мәтінді өз бетімен дауыстап оқиды.

Б) Балалар мәтінді іштей оқиды.

Мұғалім 3 топты оқытады. 4 топ: Карточкадағы әріптерді атау, буындарды оқу.
В)Мұғалімнің көмегімен суреттерге қарап, оқыған мәтінге ұқсас әңгіме құрастырады.
Ортақ тақырып бойынша жұмыс: «Дені саудың – жаны сау».

-Балалар, біз деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

-Спортпен айналысу, тазалықты сақтау т.б. керек

Жұмыс дәптерінен тапсырма орындау:

1-2 топ: Суреттен қандай айырмашылық көріп тұрсың? Айтып бер. 3 топ: Дұрысын белгілеп шық. 4 топ: Суреттерді атап айт.
Балалар хормен айтады:

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл – күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Сөздерді 1,2  топ оқиды.

ай – ла – рын – да          бе – тін – дей

ал – ғаш – қы                 аң – дар – дың

қа – ғаз –дың                 құс – тар – дың

3 топ есту арқылы соңдарынан қайталайды. 4 топ есту арқылы соңдарынан қайталайды.
Карточкамен жұмыс:  Ненің ізі тап?  Слайд №12
Қорытынды бөлім:

 

-Балалар, бүгін біз сабақта не істедік?

-Қандай мәтінмен таныстық?

-Қыс айларында жерді не басады?

-Тау, орман, жазық қандай болады?

-Алғашқы түскен қардың беті неге ұқсас?

-Қардың бетіне қандай суреттер түседі?

Сабақты

аяқтау

Үйге:  «Іздер. Әңгіме»  91 бет оқу.  1 топ мазмұндау. «Іздер. Әңгіме»  91 бет оқу.  2 топ мәнерлеп оқу. 3 топ: Карточкадағы сөздерді оқу. 4 топ: Карточкадағы әріптерді атау, буындарды оқу.
Өзіндік  бағалау:

-Балалар, біз қалай жұмыс істедік?

-Тамаша (бас бармақты көтеру).

Балаларды  бағалау.  Сау  болыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *