Қозғалыс, масса және күш

skoСҚО , Петропавл қаласы, Қазақ мектеп-гимназиясы

Директордың бейінді оқыту жөнінен орынбасары,

Физика пәні мұғалімі

Тақырыбы:

Сабақтың түрі: Ұлттық салт дәстүрге байланысты сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау

Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Ұлттық салт дәстүрге баулу

Сабақтың барысы:

1.Психологиялық ойын

  1. «Ат жарыс»
  2. «Қыз қуу»
  3. «Білім күшін сынау»
  4. «Балуандар»
  5. «Арқан тартысу»
  6. Жоба қорғау

Сабақтың барысы:

Сабағымызды бастамас бұрын психологиялық ойыннан бастайық

« Менің көңіл-күйім » жаттығуы
Мақсаты : көңіл-күйін игере білуге және басқаруға , қадағалауға , дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Салт дәстүр.

Бүгінгі біз сабағымызды келе жатқан «Наурыз мейрамында» ойнайтын ұлттық ойындарымызбен ұштастырайық

2.Ат жарыс

Мына қалтадан қандай түрдегі асықты  алсаңдар сондай қалтаны таңдап   сұрақтарға жауап бересіңдер

А. Дененің қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Б. Материялық нүкте деген не?

В. Орын ауыстыру деп нені айтамыз?

Г. сендер орындықта отырсыңдар осы  кездегі өзара әрекеттесетін денелерді атаңдар?

Д. Екі дененің массаларын қалай салыстыруға болады?

Е. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

  1. Қыз қуу

Эксперименттік тапсырма.

А. Стақанда құйылған  күнбағыс майының, сүттің және  судың массасын табыңдар

Б. Стақанда құйылған  күнбағыс майының, сүттің және  судың тығыздығын табыңдар

В. Стақанда құйылған  күнбағыс майының, сүттің және  судың көлемін табыңдар

  1. «Білім күшін сынау»
  1. Поезд 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты 20 с бойына қозғалады. Осы уақыт аралығында ол қандай жол жүреді?
  2. 3сағатта 20км жол жүрген шаңғышының жылдамдығын табыңдар.
  3. Жаяу адам 5 сағатта 20 км жол жүрсе, оның жылдамдығы қандай?
  1. «Балуандар»

Тез арада алған білімдерің бойынша тест құрастыру  ( 5 сұрақтан, 3 жауабымен)

  1. «Арқан тартысу»

Кезектесіп сұрақ қоя отырып және жауап бере отырып арқанды тартамыз. Кім сұрақтың жауабын көп біледі сол арқан тартыста жеңеді

  1. Жоба қорғау

Сабақта алған білімдеріңді осы плакатқа мына түрлі түсті қағаздар арқылы көрсетіп қорғайсыздар.

Бүгінгі сабағымызды қорытындылап бағалау үшін

«Мен басқаның көзімен»  атты ойынды ойнап отырып
ортаға бір оқушыдан кезектесіп  шығып,қалған қатысушылар осы сабақта көрсеткен білімі  жайлы ой- пікірлерін айтып бағалаймыз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *