Қосу жəне азайту. /Мектептегі спорт алаңы

Пән: Математика №62 мектеп-лицейі
Күні:21.11.2017 Мұғалімнің аты-жөні: Абилдаева А
Сынып: 2 «ә» Қатысқандар саны:25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Қосу жəне азайту. /Мектептегі спорт алаңы
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:

Екі таңбалы сандарды толық ондықтарға дейін толықтыратын

бір таңбалы сандарды ауызша қосуды жəне толық ондықтардан

бір таңбалы сандарды азайтуды орындайды;

Екі таңбалы сандарды сандарды қосу жəне азайту алгоритмін

қолданады; Толық жүздіктерді қосады жəне азайтады.

Көпшілік оқушылар:

Екі таңбалы сандарды  қосу жəне азайту алгоритмін қолданады; сандық тібекті жалғастырады.

Кейбір оқушылар:

Орындалған амалдарды түсіндіру үшін сандардың жаңа моделдерін ойлап табады; сандық тізбек құрастырады.

Оқу мақсаттары 2.1.2.5. **Бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау. Жүздіктерді қосу жəне азайту.

2.1.2.8. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту алгоритмдерін

қолдану.

Бағалау критерийлері Білім алушы

• 100-ге дейінгі екі таңбалы сандардың,  тізбегіндегі заңдылықты

анықтайды. Берілген тізбекті заңдылығын сақтай отырып жалғастырады

•Екі таңбалы сандармен ондықтан аттап қосу және азайтуда ауызша, жазбаша түрдегі орындау алгоритмін қолданады

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

Толық ондықтарға дейін толықтыратын қосуды ауызша есептеу жəне сандардан толық ондықтарды азайтудың қалай жүзеге асырылатынын түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология.

Разрядтық қосылғыштарға жіктеу. Толық ондықтармен екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту

Құндылықтар дыдарыту Бірлесіп жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Алдыңғы білімдер 100 көлемінде қосу және азайту амалдарын орындай алады
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

 Ынталандыру.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сабақтың ортасы

 

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Ненің суреті? Қандай пәнде қолданады?

Олай болса, бүгін сабағымыз дене тәрбиесі сабағында орындалатын ойындар арқылы болмақ.

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Есептеу тəсілдері туралы білімдерін бекітеді.

(Т.Ж)Мұғалім оқулықтағы1- тапсырманы түсіндіре отырып орындайды. 3-топқа беріледі.

35 см+55 см   36 см+44 см   90см-36 см

24 см+36 см   50 см-23 см    90 см-48 см

80 см-45 см    13 см+77 см    68 см-42 см  

Бағалау критерийі

Есептеу тәсілін түсіндіріп бере аламын.

Есептеп, жауабын жазамын.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім дұрыс орындалуын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сіз қай жерден қателік жібердіңіз? Жіберілген қателіктің себебі неде?

(Ж.Ж) Ойын: «Баскетбол» Қай баланың добы торға түседі?

(Т.Ж)Өтілген материалмен жұмыс.

Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар ұсынылған есеп шартының қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырады жəне оны шешеді.

Қыздар-7

Ұлдар-?.3-еуі артық

Шешуі:7+3 =10

(Ж.Ж)Спорттық суреттерді оқушылар таңдайды.Сурет артындағы  амалдың белгісіз компонетін табу ережесін еске түсіреді.

23+у=88                    х+25=48            67-у=45

45+х=95                    у-30=56             59-у=11

(Т.Ж) 3- топ жарысады.«Көңілді мәре» ойыны оқушылар топта талқылап заңдылығын анықтайды және жалғасын тауып тақтаға іледі.

(Ж.Ж)Мұғалім оқулықтағы 8-тапсырманы топпен орындауды ұсынады. Əрбір топ тапсырманың бір бағанын уақытқа орындайды. Оқушылар топта уақытты бөліп алады. Əрбір оқушы бір өрнектің

мəнін табады.

Дескриптор

− екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу/ азайтудың түсіндіреді және өрнектің мәнін табады.

100-ге дейінгі екі таңбалы сандардың,  тізбегіндегі заңдылықты анықтайды. Берілген тізбекті заңдылығын сақтай отырып жалғастырады.

Оқулық,

дəптер,

презентация.

Плакаттар

суреттер

Сабақтың соңы Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған

қиықшаларды таратады. Оқушылар сөйлемдерді

толықтырады:

Мен тапсырмаларды… орындадым.

Мен енді… алатынымды түсіндім.

Мен… алғанымды сезіндім

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

№8 тапсырманы орындайды.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қиындық туындаған жағдайда дұрыс шешімге бағыттайтын сұрақтар қойып, бағыт беру  арқылы көмек көрсету.

 

 Әр оқушының сабақтың тақырыбын меңгерудеңгейін анықтау үшін сабақ барысында бақылаужүргізу. Әр жұптың, топтың талдауын тыңдап,талдауға барлық оқушы қатыса ма, олардыңқалай жауап бергені, әлі нені түсінбегені жайлы ескертпелер жазып отыру.

 

Белсенді тақтаны 3-4 минут қана қолдануды жоспарлаймын.
[bws_related_posts]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика