Қош бол, жылы ұямыз!

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

№56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Өзін-өзі тану маманы: Кульжанова Бакытжамал

 

                Зал мерекеге сай безендірілген. Ортаға тәрбиеші шығады.

Тәрбиеші: Ақ тілекті ағылтып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді  бастайық.
Жүздерінен күннің нұры төгілген,
Қол соғып, балаларды қарсы алайық.

             Балалар қолдарында шарлары бар, залға вальс әуенімен кіреді де би қимылдарын жасап, екі қатарға бөлініп, тұрады. Тәрбиеші әрбір баланы еркелетіп, аттарын атап, бір ұл, бір қыздан ортаға шақырады да, жарты шеңбер болып тұрады.

1-бала:Балабақша, балабақша,
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
2-бала:Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

3-бала:Непростые мы детишки,
Мы выпускники!
Непоседы, шалунишки
Быстро подросли.

4-бала:Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын.
5-бала:Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

6-бала:В детский сад мы все ходили
Много лет подряд,
И сегодня провожает
В школу он ребят!

7-бала:Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Бәрі:    Балабақшам қош — сау бол!

Осы кезде балалар қолдарындағы шарларды жоғары ұшырады.

Ән: «Тілашар той»
Тәрбиеші:Өтті қызық көп күндер.

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышы бүгінгі,

Құтты болсын тойларың.

Қымбатты ата – аналар мен ұжымдастар және қонақтар! Бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді бөбекжай ұясынан ұшырғалы отырмыз. Олар енді мектеп табалдырығын аттамақшы. Әрине, бұл да үлкен мереке, мереке құтты болсын! Кәнекей, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп  қол соғайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз өзіміздің жақсы жақтарымызды, қабілеттірімізді көрсетейік. Ол үшін біз көңілді, мұқият әрі белсенді болуымыз керек,  солай ма, балалар?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: Балалар, біз, осы сендердің бойларыңдағы бар жақсы қабілеттеріңді жинай отырып, гүл өсірдік(шелекке отырғызылған қолдан жасалған күлтешелері алынып салынатын гүл әкеліп қояды). Ол  гүлдің күлтешелері жәй емес, ғажайып күлтешелер.Олар сендерге өмір бойы серік болады. Бұл күлтешелер-шығармашылдық, мәртебелік, еңбек, көңіл-күйдің, достықтың, тапқырлықтың және білімнің күлтешелері. Балалар, бүгінгі мерекені қалай өткізсек болады деп көп ойландық. Ойлана келе былай деп шештік. Балалық шақ –ол мәңгілік ертегі әлемі сияқты. Бала түгілі үлкендер де ертегіні жақсы көреді.Сондықтан да біз бүгінгі мерекемізге ертегілер кейіпкерлерін шақырайық деп шештік. Бір кішкентай сиқыршымыз, сиқыр сөзді үйретіп еді. Сол сиқыр сөз, бізге ертегілер кейіпкерлерін шақыруға көмектеседі. Кәне, бәріміз менімен бірге қайталап айтайық: Ертегілер, ертегілер мекені,

Түрлі-түсті ғажайыптар әдемі.

Естіледі сан алуан сыбдыры,

Демек, бізде қонақта ертегілер әлемі.

              Әуен ойналып ортаға барлық ертегі кейіпкерлері шығады: Оқымысты мысық, Айна ұстаған патшайым, Мыстан үйшігімен, Алладин, Түлкі, екі қарақшы әр қайсысы өз ертегісінің желісі бойынша әрекет жасай отырып, жан-жағына қарап, түсінбеген кейіппен бір-біріне қарап таң қалысады. Осы кезде бұл түсініспестікті шешешейін деп,-

Мыстан: Тоқтаңдар! Тоқтаңдар! Бұл не өзі! Мен бір нәрсені түсінбей тұрмын! Мен қайда тап болдым өзі! Менің ертегімде Алладин болмаған.

Айналы патшайым: Бұл түсініспеушіліктің кесірінен менің айнам да дұрыс жұмыс істемей тұр. Қайта-қайта сұрақ белгісін көрсете береді.

Алладин: Мен бұл жерде не істеп жүрмін өзі, мені анда Будур күтіп отыр.

1-Қарақшы: Ей, қарақшы, біз қайда тап болдық, мына  ертегі кейіпкерлері кім?

Мыстан: Біреу бізбен әзілдегісі келіп тұрған сияқты, сондықтан бәрімізді бірге шақырған ғой.

Тәрбиеші: Кешіріңіздер, кешіріңіздер! Бәрін қазір сендерге түсіндіріп беремін. Біз бүгін балаларды мектепке шығарып салмақшымыз. Сондықтан осыған орай үлкен, әрі әдемі мереке жасамақашы едік. Осы мерекеде ертегі кейіпкерлерімен кездескіміз келді. Бізге кішкентай сиқыршымыз сиқыр сөздер айтып еді, ол  әлі кішкентай болағандықтан бәрін шаштастырып алған сияқты.

Мыстан: Ах, сендерді ме, енді кішкентай сиқыршыдан ақыл сұрап, соның айтқанымен жүрейін дегенсіңдер ме? Білмесеңдер, қолдарыңнан келмесе сиқыр сөзді айтып нелерің бар осы, а? Олай болса сендердің меркелерің де  болмайды! Біз де оған қатыспаймыз!

Осы кезде барлық кейіпкелер білдірмей гүлдің күлтешелерін жұлып, өздерімен бірге алып, шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар, біз манағы гүлімізді ұмытып кетіппіз. Оның күлтешелері сиқырлы күлтешелер ғой. Олай болса, содан мерекемізді қалай жалғастыратынымызды сұрайық.

Ортаға гүлді қойған кезде, онда күлтешелері жоқ боп шығады.
Тәрбиеші: Ой, балалар, гүлде күлтешелері қалмапты, біздің сәтсіз шыққан сиқырымызға ренжіген кейіпкерлеріміз жұлып алып кеткен сияқты. Енді, не істесек болады? Ол күлтешелерді міндетті түрде қайтаруымыз керек. Мен ойлап таптым! Гүлдің күлтешелерін табу үшін, сол ертегіні шақырып, содан көмек сұрайық. Кәне бәріміз бірге: Тезірек келші ертегі,

Таңырқатшы біздерді.

  Әуен ойналып ортаға  оқымысты мысық шығады, ортада жүріп, жан-жағына қарайды. Қолында гүлдің күлтешесі бар, қолын сермеп қояды.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, оқымысты мысық! Сіздің бізге гүл күлтешесін әкелгеніңіз, қандай жақсы болды.

Мысық: Маған рахмет айтуға асықпаңдар, бәрін бүлдіріп алып, істеген қателеріңе алдымен жзауап беріңдер.

Тәрбиеші: Бізге бұл күлтеше өте қажет, сіз не айтсаңызда орындаймыз, солай ма балалар?

Мысық: Қазір сендердің әріпті қалай танып, қаншалықты білімді екендеріңді, тексеріп көремін. Тек білімдеріңді ғана емес, сонымен бірге қиялдарыңның қаншалықты ұшқыр екенінде байқап көрейін. Мен оқымысты, ақылды мысықпын, сондықтан мен сендердің білімдеріңді «Сиқырлы шеңбер» ойыны арқылы сынаймын.

Ойын: «Сиқырлы шеңбер»

Мақсаты: Ойын барысында балалардың қиялдау шығармашылығы мен ойлау қабілетін дамыту.

Барысы: Тақатаға үлкен ақ қағаз ілінеді. Қағаздың ортасында үлкен шеңбер салынған. Ол шеңберден әріптер шығу керек(Б, В, О, Р, Ф, Ю, Я). Ортаға  2-4 бала шақырылады. Балалар фломастердің көмегімен, шеңберден әріптер шығарып, жазу керек.

Мысық: Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Біздің балалар бәрін біледі. Біздің балалар тек білімді емес, сонымен қатар өнерлі. Олар қазір сізге билеп береді.

Би: «Қуыршақтар биі»

Мысық: Мына гүлдің  білім күлтешесі сендердікі, сендер оны өз білімдеріңізбен қайтарып алдыңдар. Мектепте сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы болыңдар. Сау болыңдар, балалар, сендерге сәттілік тілеймін.

           Білім күлтешесін тәрбиешіге тапсырады. Әуен ойналып шығып кетеді. Осы кезде ортаға екі қарақшы шығады.

1-Қарақшы: Біз теңіз қарақшыларымыз. Өмірімізді ұрлықпен, қарақшылықпен өткізіп келеміз.

2-Қарақшы: Біздің үйіміз теңіз бен кеме. Ал, сендер мектепке жиналдыңдар ма?

1-Қарақшы: Мектепке бару үшін, тек білім ғана емес, ән айтып, сурет салуды да білу керек. Ал сендер білесіңдер ме?

Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар бәрін де біледі.

2-Қарақшы: Олай болса,  мына пішіндерден құрастырып, біздің мекендейтін теңіз бен кеменің суретін жапсырып беріңдер.

Ойын: «Тез құра»

Шарты: Екі командаға бөлініп, екі тақтаға  ақ қағаз ілінеді. Қарақшылардың әкелген пішіндерден кеме, теңіз, қарақшы, күн, бұлттың суретін құрастырып жапсырады. Қай команда тез жапсырып шықса, сол команда жеңіске жетеді.

1-Қарақшы: Жарайсыңдар, балалар! Өте шапшаң әрі шебер екенсіңдер. Біздің мекеніміз қандай әдемі, рахмет сендерге.

2-Қарақшы: Мына  шығармашылық пен тапқырлық күлтешелерін сендерге беруге тура келіп тұр. Өйткені, сендер өз білімдеріңізбен қоймай, шығармашылық пен тапқырлық қабілеттеріңізді жақсы көрсеттіңдер. Сабақты жақсы оқып, ата-аналарыңды үнемі қуантып жүріңдер.

Тапқырлық және шығармашылық күлтешелерін тәрбиешіге беріп, әуен ойналып шығып кетеді. Ортаға мыстан үйшігімен шығады. Мыстан үйшігін қуып шығады. Үйшік билеп, мыстаннан қашады.

Мыстан: Әй, үйшік қайда қашып барасың, билеме, әйтпесе мына сирақтарыңды сындырамын. Теледидардан биді көріп алып, таңертеңнен кешке дейін, билеп басымды ауыртты.

Тәрбиеші: Ой, әжетай, олай қатты шуламаңызшы. Мүмкін біздің балаларымыз сізге көмектесер. Олар мына балабақшада жүріп, көптеген билерді биледі. Сенің үйшігің мына балалармен бір билесін. Сосын тынышталар, мүмкін.

Би: «Полька»

Мыстан: Ой, қандай керемет балалар, жарайсыңдар, мына әженің көңілін таптыңдар. Рахмет сендерге, әй, үйшік билеп болсаң,мына балалардың күлтешесін маған бер де, кете бер, мен артыңнан қуып жетемін.

Үйшік күлтешені беріп, шығып кетеді.

Мыстан: Иә, балалар, мектепке жиналдыңдар ма? Өздері ақылды екен, өте дәмді сияқты?… Ой, мен өзі не айтып кеттім? Менің де балалық шағым есіме түсіп кетті ғой. Бір кездері ормандағы балабақшаға барып едім. Содан мен өкшемен мектепкееее……….

Тәрбиеші: Өкшемен мектепкеее?…. Түсінбедім, қалай өкшемен мектепке?

Мыстан: Еей, сендер де бір, қазір түсіндіремін! Өздері мектепке барамыз дейді, өздері әлі ештеңе білмейді.

Аттракцион «Шелекпен мектепке барамыз»-екі топтық эстафета.

Шарты: Арқасына сөмкесін асып, қолына сыпыртқышты алып, бір аяғына шелекті киіп, екі топқа бөлінеді. Эстафета бойынша жарысады.

Мыстан: Жарайсыңдар, балалар! Менің көңілімді көтердіңдер, балалық шағым есіме түсті. Менің атымнан мына көңіл-күй күлтешесін қабыл алыңдар.

Көңіл-күй күлтешесін тәрбиешіге береді.Әуен ойналып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, кәне,санайық бізде неше күлтеше болды екен.(балалар санайды) Сендер өздеріңнің білімдеріңнің, шеберліктеріңнің және тапқырлық пен көңілді күйлеріңнің арқасында мына күлтешелерді қайтарып алдыңдар. Енді алынбаған тағы да үш күлтешеміз қалды сондықтан уақыт оздырмай. Ары қарай жалғасытырайық. Енді қалған күлтешені қайдан тапсақ болады екен?…

Әуен ойналып, ортаға түлкі шығады. Жерге сандықты сүйретіп шығып, иіскелеп қарайды.

Түлкі: Мұннан бауырсақтың иісі шығатын сияқты.

Тәрбиеші: Ой, түлкішек сен не айтып тұрсың?

Түлкі: Бұл менің байлығым,(сандықты ашып шығарады, ішінде гүл күлтешесі де бар) алтын, гауһар, күміс бәрі менікі. (сандықтың ішіне салып қайтадан жауып тастайды) Бәрінен бұрын, мен бүгін бауырсақтан хат алдым. Бірақ мен әріп танымаймын, оны қалай оқимын.

Тәрбиеші: Қорықпа, түлкішек, саған әріптерді мұғалім үйретеді.

Түлкі: Мұғалім?!… Ол не? Оны немен жейді?

Тәрбиеші: Оны жемейді. Ол мамандық иесі.

Түлкі: Мамандық иесі?!… Ол не?

Тәрбиеші: Ал, ол туралы, бізге қазір балалар айтып береді.

Мамандық туралы тақпақтар. 5-6 бала тақпақтары.

Түлкі: Енді түсіндім, енді мен де мамандыққа оқып, аспазшы боламын. Сосын өзіме үлкен бауырсақ пісіріп аламын. Ал оны қайда үйретеді?

Тәрбиеші: Оны мектепте үйретеді. Балалар қазір сол туралы саған әнмен жеткізіп береді.

Ән: «Мектептерде үйретеді»

Түлкі: Балалар, сендерге көп рахмет, сендер мына еңбек күлтешесін еңбектеніп алдыңдар. Алыңдар, сабақты жақсы оқып, үлкен азамат болып, бір мамандық иесі  болыңдар. Манағы сандығым қайда? (ішінен күлтешені алып береді)

Әуен ойналып шығып кетеді де, ортаға көңілсіз Алладин шығады.

Алладин: Сәлеметсіңдер ме, мейірімді халайық!

Тәрбиеші: Сәлемет пе, Алладин! Неге көңілсізсің?

Алладин: Мен Будур ханшайыммен ренжісіп қалдым, енді не істерімді білмеймін. Бірақ мына достық күлтешесі маған көмектесетін шығар.

Тәрбиеші: Сен олай көңіліңді түсірме. Балалар, саған қалай дос болу керектігін, қалай тату болып ойнау керектігін көрсетеді.

Ойын: «Тілек шарлары» мен мектепке не үшін барамын. (Тәрбиеші ашып оқып береді.)

Алладин: Сендердің мектепке дайын екендеріңді көріп отырмын, ал сендердің ата-аналарың мектепке жіберуге дайын ба?

Ата-аналар жауабы.

Тәрбиеші: Алладин, сен Будур ханшайыммен татулас, балалар саған «Достарым» әнін айтып берсін.

Ән: «Достарым»

Алладин: Жарайсыңдар, балалар, рақмет сендерге, мына достық күлтешесін сендерге берейін. Ал, мен Будур ханшайымнан кешірім сұрап, онымен достасайын. Сендерге балалар, сәт-сапар тілеймін. Үнемі бір-біріңе қамқор болып, тату  болыңдар. Сау болыңдар, балалар.

   Әуен ойналып шығып кетеді де, ортаға Айна ұстаған патшайым шығады.

Патшайым(қолындағы айнаға қарап): Мен айнаға қараймын,

Шаштарымды тараймын,

Менен асқан сұлу жоқ,

Бойымда еш, бір мін жоқ.

Айна(дауыс): Ашығын сізге айтайын,

Еріншексіз патшайым.

Ұзақ уақыт айнаға,

Қарамаңыз құр босқа!

Патшайым: Сен құр босқа сөйлеме!

Шындықты айтып тез сөйле!

Бәрінен де сұлумын,

Жауап бер, тез мүдірме!

Айна: Жарайды сен сұлусың,

Армандайсың, сен қусың.

Ең көрікті балалар,

«Жұлдыз» бөбекжайының.

Патшайым: Маған, бұлай айтуға қалай дәтің барады?

Тәрбиеші: Тоқтатыңдар, дауласпаңдар! Құрметті патшайым жан-жағыңызға қараңызшы балалар қандай әдемі болып кеткен. Ал, олар әнді қалай салады десеңші……

Ән: «Балабақша-жан ұям»

Патшайым: Жаман емес, жаман емес, сүйкімді балалар екен.

Тәрбиеші: Патшайым, балаларға рахметті осылай айта ма екен?

Патшайым: Рахмет айту, Патшайымның ісі емес.

Тәрбиеші: Біздің балаларымыз балабақшада тек оқуды, санауды, ән айтып,сурет салып, билеуді ғана емес, шыншыл әрі, әдептілікке үйренген. Олар адамға алғыс айтуды біледі. Балабақша ұжымына қалай алғыс айтар екен, өзіңіз тыңдап көріңіз.

Меңгеруші апайымыз Жаңыл Төлеубердіқызы,

Күлімдейсіз балаға, келбетіңіз шырайлы.

Сіз дарқансыз, мейірімді анасыз,

Қастерлейтін қамқоршымыз данасыз.

Ұшыратын жас қанатты қатайтып

Балаларға әр қашанда панасыз

Маңдайлы Мерусинқызына мың алғыс.

 

 

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы

Ырза сізге бәрі де

Ұмытпаймыз сізді де

Тәжірибелі педагог: Бәтима Мұратбайқызына мың алғыс!

 

 

Аян апай әдіскер

Ақылына көркі сай

Тәрбиешіге жол салып,

Болды қамқор жалықпай

Аян Есқуатқызына мың алғыс.

 

 

Еркетайын әр үйдің

Бабын тауып сәбидің

Балапандай өсірген

Тәрбиешінің есімі

Мәңгі өшпейді есімнен…………….

 

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

…………. апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.

 

Денсаулығымыз болаттай

Ауруды көп жолатпай

Денемізді шынықтырған

Еңбек еткен аямай

Набира Жиемұратқызына  мың алғыс.

 

Еңбегі оның мол енді

Қолөнерге баулыған

Портрет, пейзаж, әр түрлі,

Суреттерді салдырған

Ботагөз Қалидоллақызына мың алғыс.

 

Тамылжытып ән салдырып үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен

Сазгер апай сізге де алғыс айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүрекпен.

Татьяна Қоспайқызына мың алғыс.

 

“Спасибо!” нежно говорим

Венере Сансызбаевне
Еще признаемся мы вам
Похожи вы на наших мам.
Спасибо вам сто тысяч раз!
Всю жизнь мы будем помнить вас!

 

Үйреткен тілді білсін деп

Ағылшын тілін оқытып

Шет тілін білу керек деп

Талап қойды күлімдеп

Асылгүл апайға мың алғыс.

 

Аязға да қыңбаған

Болып алдық шыңдалған,

Бес жыл емдеп шыңдаған

Мейірбике  Фатима Темірбекқызына мың алғыс.

 

Еңбек  еткен еңсем,

Сырты менен ішіне

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген  Майра Бисенбіқызына мың алғыс.

 

Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған

————— апайға көп рахмет

 

Томпиған дәмді бауырсақ

Бізге арнап пісірген

Кампот, ботқа, сорпаны

Тез-тез асып түсірген

Аспазшылар Люба, Айман, Жанар, Қарлығаш апайлар

Көп-көп алғыс біздерден.

 

Тап таза төсекте

Тап таза бесікте

Тап таза болсын деп

Келетін кешікпей

Кір жуушы Шынар апайға

Айтамыз сізге мың алғыс.

 

Патшайым: Жарайды, мені көндірдіңдер. Енді сыпайы сөздерді көбірек айтатын боламын. Мына, мәртебелік күлтешесін сендерге беремін. Мұғалімдеріңді тыңдаңдар. Сәт-сапар сендерге балалар. Сау болыңдар.

                                                Қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, барлық гүлдің жеті түрлі күлтешесін жинап алдық. Ол жеті түрлі күлтеше сендерге өмір бойы серік болады. Енді бүгінгі мерекемізде қоштасу вальсін билейік. Ұлдарымыз қыздарды биге шақырайық.

Жаңа өмір басталсын,

Үміт, сенім ақталсын.

Ұмытылмай бақша вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын.

 

Би: «Вальс»

                            Балалар жарты шеңбер болып тұрады.

1-бала: Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

          2-бала:Скоро в школу в первый раз,
Скоро в школу в первый класс.
Называть все будут скоро
Школьниками нас!

            3-бала: Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық та болмас арамыз,

Сіздерге келіп тұрамыз.

4-бала: Баулап баптап өсірдіңіз,

Балалық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.

          5-бала:Ну, вот и все! Пришла пора проститься.
И школа ждет вчерашних дошколят.
Все впереди у нас, но только в детский сад
Нам никогда уже не возвратиться.

6-бала: Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

Тәрбиеші: Фон, жәй музыка әуені ойналып тұрады. Тәрбиеші сөйлейді.

Тәрбиеші: Қимай сынған ойыншығын

Деп жылайтын тастама

Қиып, сыйлап жап-жаңасын

Бара жатыр жас бала

Ұстамайды етектен де

Өзі жүре алады.

Өйткені ол азамат боп,

Білім іздеп барады.

Адалдықты жүктеп алып

Сүрінбейтін сенімге

Жаңа қадам басқан балам,

Қуантады елінде.

Таудай талап арқалауы

Бекер емес тегінде.

Өйткені ол ақтамақшы

Үмітімді менің де

Ән: «Қоштасу әні»

                  Балабақша меңгерушісіне,әдіскерлерге сөз беру, дипломдар, марапаттар.

Тәрбиеші: Осымен «Қош, жылы ұямыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, қош сау болыңдар.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *