Қош келдің – Наурызым!

   nay«Ер Төстік» балабақшасы

Дайындаған: Жангожина Ш.

Қош келдің – Наурызым!

 Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру.Халқымыздың әдет-ғұрпын құрметтеуге,өнерлі өнегелі азамат тәрбиелеу.

Шағын көрініс.

Жүргізуші:

Қош келдің,Наурыз тойы қайта оралған

Азба еді өткен күнге айтар арман

Жайнаған көктем болып,күлім қақтың

Төсінде шалқар дала байтақ арман

Күні кеше сағыныштан жан мұңайса

Көгімде дәстүр-жұлдыз жанды қайта

Мен бүгін қуаныштан шалқып тұрмын

Кеудемді кернеп шыққан әндерді айта

 

Құрметті қонақтар,балабақша ұжымы,бүгін берекелі,мерекелі  күн.Оған куә бүгінгі күн мен түннің теңестірілген ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы құтты болсын.

Бүгінгі мерекеміздің шымылдығын «Бәйге» биімен ашпақпыз.

Би «Бәйге».

 

1-бала: -Сүйінші,сүйінші! Жеңгем шекесі торсықтай ұлды болды!

 

Әжесі:-Шал-ау,көптен күткен немереміз дүниеге кепті.Ұлан асыр той жасайық.

Ата: Дұрыс айтасың,кемпір.Немереме той жасамай не көрініпті.

Әже: Қандай қуаныш десеңші.Наурыз мерекесімен тұспа-тұс дүние есігін ашқан немерем ғой.

 

Жүргізуші:

Ағайын,сүйінші,сүйінші дүниеге сәби келді.

 

Туылған соң адам боп

Білімсізден жаман жоқ

Ел дәстүрін білмесең

Жұрт айтады надан деп

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге  ұлттай біздеде

Бар дәстүр салтымыз-деп дүниеге келген сәбиге ат қою рәсімінен бастаймыз.

 

Әже:-Оу,замандастар,ағайындар наурыз мейрамымен тұспа-тұс келінім босанып,немерем келді.Немереме азан шақырып ат қойып,бесікке салу рәсімін жасамақпыз.

 

Ата:-Немереме ауыл молдасын шақырып азан шақыртып ат қойдыртқым кеп отыр.Ауыл молдасын алдыртайық.

Жүргізуші:

-Міне керемет,бұл тойға мың бұралған биші қыздарымыз да кеп қалған екен.

Биші қыздардың «Домбыра» биін қабыл алыңыздар.

 

Ау жараңдар,жараңдар

Той қызығын көріңдер

Наурыз айға бас иіп

Күнге сәлем беріңдер

Наурыз тойы береке

Наурыз тойы жыр, аңыз

Қызып түрлі мереке

Қызық думан құрамыз!-деп кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

 

Қуан: 

Наурыз тойы,көңіл тойы,көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт,байлық,бақ көбейсін.

Жыл сайын тойланатын шаттықпенен,

Наурыз құтты болсын баршамызға!

 

Дильназ.

Ақ түйенің қарны жарылды,

Наурызды елім сағынды.

Үлкен-кіші асығып,

Бұл тойға бәрі ағылды.

 

Айбар.

Наурызды халқымыз,

Жыл басы санайды.

Көнермей салтымыз,

Көп елге тарайды.

 

Нұрзада:

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

 

Ата:-Қош келдің молдеке,бүгін біздің шаңырақта үлкен той.Алғашқы немерем дүниеге келді.

Молда:-Құтты болсын,бауы берік болсын!

Ата:-Сол немереме азан шақырып ат қойдыртайын деп сізді алдырттым.

Әже:-Немереміздің атын өзіңіз қойыңыз.

(Молда нәрестенің құлағына 3 рет айқайлап атын  Алпамыс қояды.Әже молдаға жөн-жоралғысын береді.)

 

Осы кезде ішке Алдар көсе кіреді.

Жүргізуші:-Тойымызды ұлттық ойындармен қыздыра түсейік.

Ойындар: «Палуандар күресі,Арқан тарту,Қыз қуу»

 

Жүргізуші:

Бабам қазақ қаншама бала сүйген

Мұрагерім болса  деп,мақсат қылып

Ұлдың даусы шыққанда қарша үйден

Атан сойып,той қылған,ат шаптырып.

Той қызығын ары қарай  ән бимен жалғастырамыз.

Сабитова Айнаның орындауында «Жау ,жау жаңбыр!» әні.

 

Болатхан: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы

Дастарханға елімнің

Береке ырысын сыйлашы

Сакен:     Наурыз күні той думан

Ортамызды ашайық

Әнмен күйді төгілтіп

Інжу маржан шашайық!

Сабира:Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр ,аңыз

Қызып түрлі мереке,

Қызық думан құрамыз.

 

Жанарыс:Жас қосатын жасыңа

Жыл басы-бұл наурыз.

Әр кіргізген асыңа,

Бал татыған сары уыз.

Жүргізуші: —Ал,енді бәріміз «Наурыз» әнін орындайық.

 

Кәне қарап тұрмайық,

Бесік тойын тойлайық.-деп нәрестенің бесікке салу рәсімін тамашалайық.

 

Осы кезде ішке сәбидің нағашылары келеді.

Құда-құдағайлар төс қағыстырып амандасады.

 

Нағашы әжесі:-Құдағи,қызымыз торсықтай ұлды дүниеге әкелген соң,үйде қалай жатамыз.Жиен-немереміздің бесігін алып,құтты болсын айтып,бесік тойға келіп отырмыз.Екі жаққа ортақ немере ғой,бауы берік болсын!

 

Әже:-Құдағи,немереміздің атын Алпамыс деп қойдық.Бесікке салуды да ырымдап,ауылымыздың үлкені,өзім де қатты құрметтеп сыйлайтын абысыныма бесікке салдыртайын деп отырмын.Құдағи оғани қарсылығыңыз жоқ болар.

(Бесікке салу рәсімі көрсетіледі.)

 

Жүргізуші:Тойға арналған шашуымызды қабыл алыңыздыр.

Ән: «Отбасым»

 

Фатима: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызығыңа тоймаған.

Дархан дала қарлы шың.

Данияр:Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке ырыс сыйлашы.

Ақбаян:Жыл басы-Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

Молдияр:Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып.

Келген наурыз құт болсын,

Берері тағы мол болсын.

«Балбұлақ» тобының қыздары «Әже» биімен.

 

Жүргізуші:

Арада бірнеше айлар өтті,

Дүниеге келген сәби 1 жасқа жетті.

Тұсауын міне ескелі,

Жиналыпты барша жұрт кескелі.

 

Ортада «Қыран» тобы қыздарының «Қазақ» биі.

 

Жүргізуші:-Дүниеге келген Алпамыс сәбиіміз 1жасқа келіп,сәбидің тұсау кесу тойын тамашалайық ағайын.

Бөбектің бауы берік болсын,

Өскен сайын өрлей түссін.

Еш жамандық көрмесін,

Өзі жарқын күн болсын,

Жасы ұзақ мың блсын!

(Тұсау кесу рәсімі жасалынады.)

 

Жүргшізуші:-Ал,кәне не тұрыс,жігіттердің биіне кезек берейік.

 Би «Қара жорға»

 

Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке

Қастерледік қадіріңді білдікте

Құтты болсын,Ұлыс күні жұмылдырған

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке-деп «Қазақы дастарханым» әнін орындайық.

Ән «Қазақы дастарханым»

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,әріптестер «Ер Төстік» балабақшасының «Қош келдің-Наурызым» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Бүгінгі мерекеміздің шымылдығын «Наурыз» әнімен аяқтаймыз.

 Хор «Наурыз»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *