Қош келдің, Әз Наурыз!

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы  Жолнұсқау ауылы

«Жолнұсқау негізгі орта мектебі»

  Қош келдің, Әз Наурыз!

  Мектепішілік наурыз мерекесінің сценарийі

  Жауапты:Елжасова Бекзат

 

Өтетін орны: Клуб, мектеп мәжіліс залы

Жүргізушілер: Іңкәр – Қанат   Балжан – Бекжан

1-жүргізуші:
Бағыма көктемменен еніп едің,
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім.
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің, төрімізге төрлет бүгін!

2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мектебіміздің «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

3-жүргізуші:

Бармысыздар, қадірменді халайық! «Ұлыс оң болсын! Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», – деп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып табысатын қасиетті күн – Наурыз мерекесі құтты болсын!

4-жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар!

1-жүргізуші:Ал енді ортаға бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне сонау алыстан ат арытып келіп отырған қадірменді қонақтарымызды  шақырайық! (музыка)

2-жүргізуші: Құтты болсын жаңа жасың, қазағым,

Қызыл-жасыл тарқамасын базарың!

Биылғы Жыл – берекелі Қой жылы,

Арта берсін, елдің көркі, жер нұры!

1-жүргізуші:Ортаға қой жылын шақырайық (музыка)

ҚОЙ (Рамазан):  Берекелі,мерекелі жылмын.Бұл жылы қазақ хандығына 550жыл, Ұлы Отан соғысына 70жыл, Ассамблеяға 20жыл,Ұлы Абайдың туғанына 170жыл,Ата Заңыма 20 жыл.Халқымыз тыныш, еліміз аман болсын.

Ашық болсын көгіміз,

Майлы болсын жеріміз.

Шалқып айдын көліміз,

Асып-тасып кеніміз,

Егіз туып төліміз,

Дәнге толып беліміз,

Ен байлыққа кенелсін,

Қазақстан-жеріміз!

1-жүргізуші:

Армысыздар әлемнің алтын шырағы Күн Ана,төрлетіңіз ҚЫДЫР АТА,ҚОЙ, (музыка)

ҚЫДЫР АТА (Дамир): Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін.

КҮН АНА(Зарина): О, қасиетті Жер ана халқымның, Алла тағаламның әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамзатына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзімнің гүл көктемімді АРУ КӨКТЕМІМДІ шақырғалы отырмын.(музыка)

АРУ КӨКТЕМ(Нұрай):

Армысыздар халайық,

Бармысыздар халайық

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық

Өшкен шырақ жағылсын

Көктемнің әрбір ақ таңы

Қуаныш, жақсылықпен ашылсын.

2-жүргізуші:

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні ата -бабаларымның сөзімен айтсақ ақ түйенің қарны жарылған күн.Ендеше наурыз мейрамының салтанатына НАУРЫЗДЫ шақырайық.

Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып шын жүректен

Ел болып қарсы алайық

КҮН АНА(Зарина):

Зарыға күткен жаңа жылым Наурызым келді -ау

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке

Ұрпақтарымды аман ет

Жамандық ары кет, ары кет.

Алас, алас бәр пәледен қалас. (Аластау)

Наурыз батырым келе ғой

НАУРЫЗ БАТЫР(Диас):

Сәлем анам Күн АНАМ

Нұр шуағы халқымның

Ашық болсын аспаным

Аман болсын, жас-кәрім

Жыл иесі қойым

Бақыт әкел еліме

Құт-береке, молшылық

Дарый берсін жеріме

3-жүргізуші: Рахмет Күн Ана, Қыдыр Ата, Ару Көктем, Наурыз Батыр

Тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын.

 

 

Бәрі (хормен):    Жарқыраған жыл нұрды

                            Жаса наурыз дәстүрлі

 

ӘН: «Наурыз думан»Бекзат,Қарақат

 

Көрініс: «Күн мен Түн»(Тахмина,Ментай)

Күн: Сәулесі мол Күнмін,

Түн: Жұлдызы көп Түнмін.

Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,

Теңелеміз бүгін біз.

Түн: Ал ертең, күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек бірақ.

(КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ОЙЫН) (музыка)

         Кел, балалар ,ойнайық.

         Ойнайық та, ойлайық.

         Қандай жұмбақ болса да

         Шешпей оны қоймайық.

 

Күн мен Түннің сый қоржыны бар.Ондағы Мақалдар мен жұмбақтар  жасырылады жауап береміз.

  1. Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,

    Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

                                                    ( Дастархан)

2.Төрт бұрышты ,бір ауызды.

                                                    ( Сандық)

  1. Шыр көбелек айланар

    Беліне жіп байланар.

                                                    ( Ұршық)

  1. Арқауы бар қос қалта,

    Ажыраса алмайды.

    Анам қайда жол тартса,

    Қанжығадан қалмайды.

                                                     ( Қоржын)

  1. Мал жуасы-қой

    Аң жуасы-қоян

  1. Құтты қонақ келсе

    Қой егіз табады

  1. Ас иесінің әлі біледі

    Астаушының қолы біледі.

  1. Қонақ бір күн қонса құт

    Екі күн қонса жұт

Алдар Көсенің музыкасы

ҚҰРДАСТАР ҚАЛЖЫҢЫ (Жарқын,Біржан,Нұрсолтан)»Алдар достарымен»

Жүріңдер достар  байекеңнің үйіне барайық -деп Шығайбайдың үйіне барады.

4-жүргізуші: Міне, бүгінгі Наурыз тек қана қазақ халқының мейрамы ғана емес, сол сияқты көп ұлтты Қазақстандағы бауырлас халқымыздың да төл мерекесі.

КЕЗДЕСКЕН КЕЗДЕ ӘР ҰЛТТЫҢ ӘНДЕРІ ОРЫНДАЛАДЫ.(МУЗЫКА)

1-жүргізуші:

Ау, жарандар, жарандар!

Қызыққа мына қараңдар!

Ұлыс күні жаңаша,

Болыпты бір тамаша.

Түк татырмас Шығайбай,

Тек Алдардан ығар бай,

Мырза болып көл-көсір,

Өнерді бір шығарды-ай.

2-жүргізуші:

Оңға да, солға да шашылды, төгілді,

Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді.

Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты,

Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.

3-жүргізуші:

Бұрынғы әдетпен,

Алдауға, сынауға.

Бермесе байғұстан,

Өңешін бұрауға,

Алдар да кеп жетті.

4-жүргізуші:

Ал, енді, қараса,

Бұл неткен тамаша.

Шық бермес Шығайбай,

Бәйбіше, қызымен,

Қарсы алды таласа.

Алдар:(Біржан) Уа, кім бар екен!  Құдайы қонақпыз!

(ұлт өкілдерімен)

Шығайбай:(Жарқын) Қош келдің, қош келдің қонағым!

Алдар: :(Біржан)  Ассалаумағалейкум, байеке!

Шығайбай: (Жарқын)  Уағалейкумассалам!

(төс түйістіріп амандасады).

Алдар: :(Біржан)  Ұлыс оң болсын, байеке, ақ мол болсын!

  • Бірге болсын! Әй, бәйбіше, Алдекең келді, құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңыздар!

Бәйбіше:(Шырай) Е, өзіміздің Алдаржан екен ғой. Жоғары шық, қарағым, төрлет. Бізбикежан, қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел.

(Бізбике көрпе төсейді, төрге шығып отырады).

Шығайбай: (Жарқын)  Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің. Аман саусың ба? Мал-жан аман ба? Не жаңалығың бар, айта отыр?

Алдар: :(Біржан)  Жаңалығым сол, жер-жерде жұрт Наурыз тойын тойлап жатыр екен. Елдің еңсесі биік, соған қуанам.

Шығайбай: (Жарқын)  Иә, Наурыз – құт-береке дарыған той ғой, ылайым солай болғай.

Міне, сусын ала отыр Алдеке.

(Бізбике айран әкеліп,  қонақтарға ұсынады).

Шығайбай: (Жарқын)  Өзіңнің әзіліңді сағындым, бір нәрсе айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастасаңшы.

Алдар: :(Біржан)  Не жайлы айтсам екен? (Айранға қарап)

Өкпелеп қалмайсың ба?

Шығайбай: (Жарқын)  О, не дегенің? Ұлыс күні өкпе-наз деген бола ма?

Алдар: :(Біржан)  Ендеше, мына айран туралы болсын:

(Тамағын кенеп)

Мынау тұрған айран,

Кез болдың маған қайдан?

Бәйбішеге жолығып,

Айыыырылыпсың-ау – майдан.

Қанша сенің, айран,

«Коммерческий» бағаң?

Шөліркеп отырған ағаң,

Е, қайран айран?

Шығайбай: (Жарқын)  Өй, Алдеке, тілің өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің, ә!

Бәйбіше, тезірек асты қамдаңыздар, қонақтардың қарны ашқан шығар.

(Дастархан жайылып, тағамдар қойылады).

Шығайбай: (Жарқын)  Дәм алыңыздар, қонақтар! Қош келдіңіздер!

Бәйбіше: (Шырай) Міне, мынау таба нан,

Қасиеті күшті қара нан.

Өмірдің нәрін сіңіріп,

Мирас болған бабадан.

Ауыз тисін алдымен,

Бастайық үлкен анадан.

(Залдағы үлкен кісіге шелпектен ауыз тигізеді).(музыка)

Бізбике: (Мадира)

Құрт, бауырсақ тағы бар,

Қызылы бар, ағы бар.

Баласы қайда бұл тойдың,

Алыңдар қане, алыңдар!                         (Балаларға бауырсақ шашады).(музыка)

Алдар (Біржан)

Қазақта «Қонақ кәде» деген болады. Мойнымызда қарыз болып қалмасын, содан құтылайық. Мына жолдасым жақсы ән айтып берсін.

Столда отырғандар «Дастархан әні»

Шығайбай: (Жарқын)  Бәрекелді, жарайсыңдар жігіттер! Қызым, өнерден бізде құр алақан емес едік қой. Сенде ауылдың «алтыауызын» шырқатып жібер.

Бізбике: Мен ағалардың өнеріне тәнті болдым. Құрметті қонақтарға арнап ән айтып берейін. Қабыл алыңыздар.

Ән «Ізін көремін» Мадира

Қазақ: Біз қазақ қонақшыл халықпыз ғой.Келген қонақты құшақ жайып қарсы аламыз.Бұл наурыз – молшылықтың, берекенің тойы. Наурыз күні әр адам төріне дастархан жайып, бар жылы-жұмсағын дастарханға қояды. Шаңыраққа келген барлық қонақ дастарханнан дәм татып, ақ батасын береді. Сондықтан да, бұл күнді құт пен береке дарыған күн деп атайды.

Өзбек: Наурыз мейрамы шығыс халқының көне күн  тізбегінде жыл  басы деп саналады.«Нау» –жаңа , «руз» – күн деген сөздерден алынып,жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді екен.Бұл қазіргі күн есебі бойынша нуарыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді.Қазақтарда бұл күн жаңа жыл,ырыс,береке мереке жыл басы деп есептейді

Араб:Бұл күн –күн мен түннің теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн.Әр адам өзіне отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос жарандарына Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді,бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

Үнді: Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. «Жаңа жылда мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» деген сенімді қанат тұтқан халқымыз 22 наурыз  күніне дейін үй ішін, ауланы тазартады.

Татар: Ұйқыашар-наурызнамада қыз жігіттер жиналып бас қосып әзірлейді.Ол ет,уыз сияқты дәмді тағамдар жасалады.

Селт еткізер- жігіттер қыз –келіншектерге сақина,алқа,айна,тарақ сияқты сыйлықтар береді.

Шығайбай: (Жарқын)  Сезімнің шыңы – адалдық бар екен.

Алдар: :(Біржан)  Өмірдің нұры – адамдық бар екен.

Алдардың жолдасы: Анаға біткен мейірім бар екен.

Бізбике: (Мадира) Әкеге біткен қайрат бар екен.

1-жүргізуші: Балаға біткен қарыз бар екен.

2-жүргізуші: Ерге біткен парыз бар екен.

Бәйбіше: (Шырай)  Қос қанатты арман бар екен.

Шығайбай: (Жарқын)   Бәйбіше,  көжеңді дайындай бер. Бұл тойда атқаруға тиіс шараларымызды іске асырайық. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші,  қараусыз қалған бастаулардың көзін  ашайық,бұл әр адамзаттың парызы,жүріңіздер.

Алдар:(Біржан)   «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»! деген ұлағатты сөздерді қабыл алып, төңірекке тал, шыбықтар егейік. Жүріңіздер.Барайық  деп тал егуге, бұлақтың көзін ашуға шығып кетеді.
3- жүргізуші:

Қандай ғажап қазақтың бұл ырымы ,

Наурыздың аспаны ашық, күні жылы.

Бұлақ көзі ашылып, тал егілсе,

халықтың бай болады.ырыздығы,

Ән: «нНАУРЫЗ»

Тахмина,Ментай,Нұрай

4 – жүргізуші: -Бізге тазша бала қонаққа келіп қалыпты ғой. Сәлеметсіз бе Тазша бала.

Тазша бала:(Бекжан) – Ассалаумағалейкум, бұл Жолнұсқау  ауылы ма?

3 –жүргізуші: – Иә, Тазша бала,бұл Жолнұсқау  ауылы, қош келдіңіз!

Тазша бала: (Бекжан)  Бәрекелді ендеше мен осы Жолнұсқау ауылының білімдерін сынап көрейін.

4- жүргізуші: – қалайша?

Тазша бала: (Бекжан)  Менің дорбамда сіздерге арналған сұрақтар бар, мен соларды жасырамын. Кім жауабын тапса, соған берер сыйлығым бар!

1 сұрақ: Ұлттық ойындарды ата?

2 сұрақ: Ұлттық тағамдарды ата?

3 сұрақ: Жеті қазынаны ата?

4 сұрақ: Үш арсызды ата?

5 сұрақ: Наурыз көже қалай жасалады?

6 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдарды ата?

7 сұрақ: Бешбармақ қалай дайындалады?

 

Тазша бала: (Бекжан)  – Ой, бұл ауылдың кішкентайлары қандай білімді? Қазақтың әдет – ғұрпын жақсы біледі екен, жарайсындар балалар.

– Ал, енді осы ауылдың үлкендерін сынап көрелік. Дорбамда сіздерге де арналған сұрақтарым бар, дұрыс жауап берсеңіздер сыйлығымды аямаймын.

1 сұрақ: Наурыз туралы өлең немес ән шырқап беріңіз?

2 сұрақ: «Бесік жырын» айтып беріңіз.

3 сұрақ: «Тұсау кесер» рәсімінің мәні неде?

                                    

Ал қанекей ойын ойнайық балалар!

 

Қабанбайлап  ұрпақ  қайда  ұрандар

Топ-топ  болып  бастарыңды  құраңдар

Айла  менен  білек  күшін  бір  жұмсап

«АРҚАН  ТАРТЫП» бақтарыңды сынаңдар !

 

Ән «Туған жер»  Серғалиева Аружан

        

1-жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейтін қауым болып,
Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп.

1-жүргізуші: Бүгінгі   тойға мерекелік шашуымен басқа ұлт өкілдері келіп отыр.Олай болса олардың өнерін тамашалайық.

(әр ұлттың өнері)

2-жүргізуші:
Құт береке, Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын ата мекен кең далам.
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.

1-жүргізуші:
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.

2-жүргізуші: Бүгінгі дүбірлі аламан тойымыз да өз мәресіне жаткен тәрізді, сондықтан  ата салтын сақтай отырып, арамыздағы ел ішіне сыйлы , құрметті ақсақалымыз -Қыдыр атадан бата сұрасақ! Ата, бүгінгі думанға сонау алыстан ат арытып келгеніңізге орай, ала келген ақ батаңызда бар болар?!

ҚЫДЫР АТА:(Дамир) Бата беру
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле-жәле жерге енсін
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып кәрі-жас,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жұмырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын!

                Әумин!
3-жүргізуші:

Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директоры Айнұр Әбенқызына беріледі.
4- жүргізуші:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Ой ағайын, келіңдер! Бүгін бізде –

Наурыз көже құрт – қатық, тары  қосқан.

1-жүргізуші:Ал енді қадірменді қонақтар, сіздерді бүгінгі Ұлыстың ұлы күніне арнаған бар ынтамызбен, бар жігерімізбен, шын жүректен ұйымдастырған кешімізді жабық деп жариялай келе, өздеріңізді ақ дастархан басына шақырамыз.

(музыка)

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика