Қош келдің — Әз Наурыз

жанакалаБҚО. Жаңақала ауданы

Жаңақала ауылы.

№3ЖОББҚМ.

мектепалды даярлық тәрбиешісі

Бижанова Бакыт Абаевнаның 

Сабақтың тақырыбы: Қош келдің — Әз Наурыз

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.Қазақтың ұлттық тағамдары,ойындары,киімдері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу.

Тәрбиелігі: Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып,салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер.жанакала1

Жаңа сөздер: наурыз,уыз,ұршық,алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

1.Шаттық шеңберін құру.

Көктем, көктем ,көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Балаларға көктем туралы сұрақтар қою.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Наурыз айында қандай ұлттық мерекені тойлаймыз?

2.Кіріспе бөлім.

а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Наурызда күн мен түн теңеледі.Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша,наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп,ұлыстың ұлы күні деп аталған.

ә) «Татулық» сөзіне мағынасы жуықсөздер ойлап айту.

Мысалы: татулық,ауызбіршілік,достық,сүйіспеншілік.

3.Негізгі бөлім.

а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.

* Тал егіп жатқан балалар.

* Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.

* Гүл егіп жатқан қыздар

* Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Көшет-көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар,

 көкөніс екпелер.

Раушангүл-әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.

б) Ә.Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.

в) Салт-дәстүр туралы мәлімет беру.

Қазақ –қонақжай,зерделі де ойшыл,сабырлы да төзімді,шыдамды да жомарт,елгезек те еліктегіш,кеңпейіл де кішіпейіл,доспен дос бола алатын,әділдікті бағалай білетін халық. «Ата салтың-халықтық қалпың» дегендей біз салт-дәстүрімізді ұмытпаумыз керек.Қазақ халқының рухани тіршілігінде,қарттарды құрметтеу,үлкендерді сыйлау,балаларға жанашырлық,жастарға қамқорлық ету,ата-ананы ардақтау,әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер бар.Олар: шілдехана,тұсау кесу,ашамай, т.б.

Сергіту  жаттығуын өткізу.

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

г) «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны.

Шарты: қоржын ішінен кереге,уық,шаңырақ,түндік деп жазылған парақтарды алып шығып,сол сөздердің мағынасын түсіндіру.Балаларға кереге сөзін оқып,оның суретін тақтаға іліп қоямын.Осыдан кейін балалардың жауаптарын тыңдап,әрі қарай толықтырып отырамын.

Кереге-киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі,қаңқасы.

Уық-кереге мен шаңырақтың арасын ұстап,қосып тұратын сырық,киіз үйдің сүйектерінің бірі.

Шаңырақ-киіз үйдің уықтарын біріктіріп,еңсесін көтеріп,тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Түндік-киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын,жаңбыр өткізбейтін,күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.

ғ) Наурызкөже туралы түсінік беру.Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.

4.Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

а) Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру.

Мақал.

Бір тал кессең,

Он тал ек.

ә) Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықтау.

б) Балаларға бата бергізу.

Технологиялық карта

Күні

Тәрбиеші

Тақырыбы: «Дыбыс және әріп»

Білім беру салалары: қатынас

Бөлімдері: Сауат ашу және жазу негіздері

Мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға , дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: саусақ ойынын ойнату

Әдіс-тәсілдер:сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар:жұмыс дәптері, үй жануарларының көркем суреттері

Қостілділік компонент:/билингвальный әліппи-алфавит,   жаңбыр жауды-дождь идет

                                                                            

Іс-әрекет

Кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Себепті қызығушылы-

ғын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз

Бұл бақ «Әліппе» деп аталады.

 

Балалар саяхатқа шығуға қызығушылық танытады.
Ұйымдастырушылық

ізденіс кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліпбиді көрсету

-әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны-42. Егер біз әліпбидегі әріптерді оқитын болсақ, ол –дыбыс.

Дыбысты естиміз,аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз,оқимыз және жазамыз.

-балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?

-жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?

Түнде қасымызға маса келгені қайдан білеміз?

-дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы-әріп.  Әріптер мыналар (әріптерді көрсету)

Билингвальды компонент: әліпби-алфавит, жаңбыр жауды-дождь идет

 

Саусақ ойыны

Жаңбыр жауса

Тырс-тырс

Айтады гүл:

-дұрыс-дұрыс

Жаңбыр жауса,

Тырс-тырс,

Айтады қыр:

-ырыс-ырыс

 

 

 

-естиді, қайталайды, естерінде сақтайды.

 

 

 

-піш-ш-ш! Деп айтады

-біз «ж-ж-ж»деген дыбыс естиміз

-«з-з-з» деген дыбыс естиміз.

 

 

 

 

 

-саусақ қимылдарын жасайды

 

 

 

 

 

 

Д/О: «Не қалай дауыстайды?»

Ойын шарты: педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануардың дауысын салады.

Қой маңырайды

Сиыр мөңірейді

Жылқы кісінейді

Түйе боздайды

Ешкі бақырады

 

Бұл ойында үй жануарларының жүрісінде салуға болады.

 

-балалар, әріптерді жазу үшін бізге не керек?

-үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен-бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақтармен ұстайды. Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді.

Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады (көрсетеді)

Саусақ жаттығуы

Педагог қаламды екі немесе үш саусақпен айналдыртады.

Саусақ жаттығуы

«Сорпаға  тұз себейік»

 

 

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі №1 тапсырма бойынша орындалады

 

Суретке қарап үй жануарларының дауысын салады.

-мә-мә-мә

-мө-мө-мө

-ио-ио-ио

-бө-бө-бө

-бә-бә-бә

 

Жүрісін салып, атын айтады

 

-дәптер, қалам, қарындаш қажет.

 

-үстелде отыру ережесімен танысады.

 

-қарындашты саусақтарымен ұстап жаттығады

 

 

 

 

-балалар қаламды оңға, солға екі не үш саусақпен айналдыра жаттығулар жасайды

 

-үш саусақпен сорпаға тұз сеуіп жатқандай саусақ ұштарын қимылдатады.

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-балалар әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

-қандай айырмашылық?

-үстелде отырудың қандай ережелерді білесіңдер?

-қарындашты қалай дұрыс ұстау керек?

 

 

Балалар жауаптары

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің дауысын,   жүрісін салуды, жазу барысында үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосуды.

Қандай түсініктерді игерді:  дыбыстардың жазылу таңбасы әріптер екенін дыбыс пен әріптің айырмашылығын, оқу үшін әріптерді тану керек екенін

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:саусақ бұлшықеттеріне жаттығу жасауды

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *