Қыз — қызғалдағым, ұл — ізгі арманым

Екібастұз қаласы

С. Торайғыров атындағы

№22 гимназия-мектебінің мұғалімі

          Әбибекова Р.Қ.

Қыз — қызғалдағым, ұл — ізгі арманым

 Мақсаты: Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының бойына тән өнерлік тәлімдік қасиеттермен таныстыру, мұны ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптармен, байланыстыра білу, кәсіптік бағдарберуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, топтардың презентациясы, слайдттар.

Әдісі: сайыс түрі

Класта А. Енсеповтің «күй» орындалады

Апай

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұлөсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, халқымыз жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Сол сияқты бүгінгі өтетін «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!    Презентацияны жүктеңіз

Мадина: Ортаға сайыскерлерді шақырайық. Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде жүрмекші.

         І. Таныстыру (әр топ өз тобын қорғайды)

         ІІ. Өнерлінің өрісі кең (топ мүшелері дайындаған өнерлерін көрсетеді)

         ІІІ. Сән көрсету (ұлттық киімдерден)

         ІҮ. Шебер көп жерде — өнер көп (тапсырма орындау)

         Ү. Кәсіптік бағдар

Мадияр:  Сайыс болған соң Бағалаушы қажет. Ендеше әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Мадина: Ал, ендеше ортаға сайыскерлерді шақырайық.

— «Іскер» тобы              (қыздар)

— «Асыл мұра» тобы  (ұлдар)

Мадияр: 

Беташарын сайысымның бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық

Ата-анаң мен жеті атаңды атап шық,

Білгендерді ду қол соғып қостайық.

Мадина:

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында.

Мадина: 

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Осы сайыстардан бәйге алуға,

Барлығы аянбай-ақ жан салыпты

Мадияр:

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасында.

Мадина: 

Ендеше келесі сайысымыз «Өнерлінің өрісі кең» деп аталады.  Әртоп өнерлерін көрсетеді.

Мадияр:  Әділ-қазы алқасы бағаларыңызды берсеңіздер.

Мадина:

Көкте алтын күніміз,

Шұғылалы күніміз

Мектебімізді тербетер,

Асқақтаған әніміз бен биіміз.

Мадияр:   Ақбота мен Мадинаның орындауында биді тамашалаңыздар.

Мадина:Толғанайдың орындауында «Сүйген жүрек» әнің қабыл алыңыздар..

 Мадияр:

Адам көркі шүберек- демекші, қазақтың ұлттық үлгідегі сән салтанат, киім үлгісін тамашалаңыздар.

Мадина: 

«Іскер» тобын ортаға шақырайық

«Асыл мұра» тобын ортаға шақырайық.

Мадина:  Әділ-қазы алқасы бағаларыңызды берсеңіздер.

Мадияр: 

Ұйымдасып істеген әр істің бір сәні бар

Әр қимылдың өзінше ырғағы бар, әні бар.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Кілемге біреулері өрнек сапты.

Терме ұспат, енді бірі ши ораса

Оюдан түйін түйіп тамсаныпты

«Іскер» тобы      

«Асыл мұра»     

Осы кезде ән,күй, ән орындалады

Мадина:  Әділ-қазы алқасы бағаларыңызды берсеңіздер.

Мадияр: 

Келесі кезекте «Кәсіптік бағдар»,  яғни кәсіптік бағдарға байланысты бейне сұрақтар. Әр торда белгіленген сұрақ нөмірін таңдайсыздар.Бірінші сөз кезегін «Іскер» тобына берейік.

20

10

10

20

20

20

30

30

30

Қазақтың ертедегі кәсібін ата.

  1. Мамандықты қалай таңдаймыз?
  2. Әлемдегі сән орталықтары.
  3.  Бейне сұрақ
  4. Қазақ мал баққан ел болғандықтан жүген, ноқта, шідер, үзеңгі т.б. заттарды дайындаған маман иесін кім деген?
  5. Бейне сурет

Мадина: 

Осмен сайысымыз аяқталды.

Әділ-қазылар алқасының қорытынды бағасын тыңдайық.

 Мадияр:Ата-баба дәстүрін ұмытпайық,

Мадина:Ұл, қызымыз салтымызға болсын лайық

Мадияр:Болашағы елімнің жарқын болсын,

Мадина:Ұрпағы бүгінгінің бас қосайық.

Қазақтың дастарханы — әні қойылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *