Қыстырма сөз

Тойбахова Жадыра

Бастауыш сынып мұғалімі

Арал ауданы Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік

беру.Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар арқылы дамыту, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын молайту

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта, тірек-сызба

Сабақтың барысы:     І Ұйымдастыру кезеңі

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену,

Еңбектену арқылы 5-ке қолды жеткізу!

ІІ Өткенді еске түсіру

— Сөйлемнің бірыңғай мүшесі дегеніміз не?

— Бірыңғай мүшелер қалай жазылады?

— Мысал келтір, бірыңғай мүшені тап, дәлелде.

ІV. Жаңа сабақ.  

Жаңа сабақты мысалдар арқылы түсіндіру

Мүмкін, ол бүгін келіп қалар. Оның ойынша, Сара ақылды қыз.Ертең, дау жоқ, қансонар болады. Сөйлем мүшесіне талдау.

Тірек – сызба

 

Оқшау сөздер

Қаратпа сөз                                                       Одағай

 

Қыстырма сөз

V Жаттығулар орындау 

59- жаттығу Ауызша орындалады.Қарамен жазылған сөйлемдерге назар аудар. Қарамен жазылған сөздерсіз айтып көр.Сонда не байқадың?

60-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қыстырма сөздердің астын сыз. Олардың сөйлемге қандай мағына үстеп тұрғанын сызба көмегімен түсіндір. Қыстырма сөздер сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанына және қандай тыныс белгісі қойылғанына назар аудар

Тірек – сызбамен жұмыс

61- жаттығу Ауызша, терең ойлау тапсырмасы

Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келіп тұрғанын айт. Соған қарай қыстырма сөздің тыныс белгісі қалай қойылатынын өзің тұжырымда.

Сергіту сәті:

Мынау менің  жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау-басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған!

62-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.Ойыңды дәлелдеп үйрен.

Бұл,қыстырма сөз,                  ол сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қуанышын

өйткені                                      (ой сипатын, т.б) білдіріп тұр

Ол сөйлем мүшесі бола алмайды

63-жаттығу. 60-жаттығудағы сызбаны пайдаланып, сөзжұмбақты шеш

«Қыстырма сөз» сөзжұмбағын шешу

1.Ойдың долбармен айтылғанын білдіретін сөз.

2.Ойды санамалап дәлелдеу үшін қолданылатын сөз

3,4.Алдыңғы айтылғандарға қорытынды жасауда қолданылатын сөз

  1. Мойындауды білдіретін сөз
  2. Ойдың шамамен айтылғанын білдіретін сөз
  3. Ойдың сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіретін сөз

8 Аяушылықты білдіретін сөз

 

Сабақты қорытындылау.

Біз не үйрендік ?  Пысықтау сұрақтарына жауап алу

1.Өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін қандай сөздер?

а) Қарсы мәндес сөздер

б) Мәндес сөздер

в) Қыстырма сөздер

  1. Төмендегі сөйлемнен қыстырма сөзді тап

Бәсе, күні бойы көзге түспеді.

а) бәсе

ә) күні бойы

б) көзге түспеді

  1. Қыстырма сөздер қандай тыныс белгісі арқылы жазылады?

А) нүкте

ә) леп белгісі

б) үтір

Бағалау.

Үйге тапсырма:

Біріншіден, 64- жаттығу, екіншіден,ережені жатқа айту ұсынылады.

Мен айтқан сөйлемде қыстырма сөзді табайық!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *