Қысым тақырыбына есептер шығару

Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласы

 А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі

 Рахимова А.Б   физика және информатика мұғалімі

 Сабақтың  тақырыбы: Қысым тақырыбына есептер шығару

Мақсаты:

1.Білімділік:Дәстүрлі емес сабақ түрінде оқушылардың белсенділігін арттырып,өз-өзіне баға беруге,өз жетістіктерін сезініп,әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға ұйрету.

2.Дамытушылық: Осы  нені білді,қандай шамалармен танысты,алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілетін дамыту,алған білімдерін одан әрі қарай дамыту.

3.Тәрбиелік:Оқушыларды тез ойлауға,тез есептеуге,шапшаңдыққа,жинақтылыққа тәрбіиелеу,пәнге қызығушылығын туғызу.

    Сабақтың әдісі: баяндау, практикалық, экспериментальтық

    Сабақтың түрі: қайталау, пысықтау

    Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар,кроссвордтар.

    Құрал жабдықтар: проэктор,динамометр,ағаш білеуше.

    Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

Оқушыларды топқа бөлу.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Видео арқылы сұрақ қою.

1 Қысым дегеніміз не?

  1. Жаяу жүрген адаммен шаңғымен жүрген қысымы қандай ?

3.Қысымның неге тәуелді ?

  1. Қысымның SI жүйесіндегі өлшем бірлігі не?
  2. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

6Қысымның қатты сұйық денелерде берілуі ?

 

 

Деңгейлік есептер

А-деңгейі

1  300 м2 ауданға  түсірілген күш 100Н -мен әсер ететін  болса ,қысым қандай болар еді?

2 Бізді қоршап тұрған  ауа барлық денеге  .100кПа  қысым  түсіретін болса  , өлшемдері 60*80м  болатын  үстел бетіне қандай күш  түсірер еді?

3  Массасы 80кг  адамның аяқ киімі  табанының ауданы 60 см2  болатын болса  онда  ол Жер  бетіне қандай  қысым түсіреді ?

4 Шаңғы үстінде  тұрған  спортшының  массасы   78 кг  қысымы  85 кПа  Шаңғы қарға  қандай аудан  түсіреді?

5 Көлемі  6 м3  гранит  тығыздығы 2600кг/м3 бағанасының  табан ауданы 1,5 м2  болса  ол .Жер  бетіне қандай қысым түсіреді?

6  Гидравликалық таптауыштың кіші  поршенінің ауданы  10м2..Оған әсер ететін  күш 200Н .Үлкен  поршеньнің ауданы 200м2 .Үлкен поршеньге  қандай күш әсер етеді ?

 

Б-деңгейі

  • 1 10балдық дауыл желінің тосқауылға  түсіретін қысымы 1100 Па  ауданы 24 м2 үй қабырғасына  желдің түсіретін  қысым күші қандай?
  • 2 Массасы 5 кг кір тасы үстел үстінде тұр .Кірдің  табанының диаметрі  5см болса  үстел бетіне қандай қысым  түсірер еді?

3  Дөңгелектің   рельспен  жанасу  ауданын 4см2 деп алып  масссасы  320 т жүк тиелген  төрт  осьті  вагонның  рельске  түсіретін  қысымы қандай

 

4  Гидравликалық машинаның  кіші  цилиндрінің диаметрі 4 м ал үлкен  цилиндірінің диаметрІ  машина қанша   ұтыс береді.

5    Биіктігі 0,5 м керосин  қабаты  ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

6   Мұнай толтырылған 4м тереңдікте, ауданы 30 м2 шүмекті  қысымы қандай?

С-деңгейі

1 Текше  тәрізді  сумен толтырылған . Оның  ішіндегі  судың массасы 65 г  болса ,судың  ыдыс түбіне  түсіретін  қысымы қандай?

2 Көлденең қимасының  қимасының  ауданы  16 см2   квадрат  текше тығынға  керосинның  әсер  ететін  күшін  анықтаңдар .Керосин  деңгейімен тығының  арақашықтығы 400мм

3  Цилиндр  ыдысқа  сынап, су және  бензин құйылған .Сұйықтардың  көлемдері  бірдей. Сұйық  деңгейлерінің  биіктігі  15см  болса,  сұйықтардың  түбіне  түсіретін  жалпы қысымы қандай?

4 Аквариум  сумен толтырылған .Ұзындығы 50 см биіктігі  30см  аквариум қабырғасын су қандай     күшпен қысады ?

5 Биіктігі 35см  ұзындығы 55 см  және ені 25см  аквариумға ернеуінен  3см  төмен  су құйылса  онда оның  а)  түбіндегі  қысым  қандай ?

 

 

 

 

 

Тест жұмысы

 

  1. P=F/S ненің формуласы?

А) ауырлық күші      Б) күш       Қ) Қысым

  1. Қысым дегеніміз не?

Ы) Белгілі бір бетке түсетін күш әрекенің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

С)Белгілі бір күш әрекенің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Д) Белгілі бір бетке түсетін аудан әрекенің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

  1. Қысымның ең үлкен бірлігін атаңыз

Е)гПа       С)МПа            П) кПа

4.SI жүйесінде қысымның немен өлшенеді?

Л) Н       Р) Дж          Ы) Па

  1. F = pS ненің формуласы?

М) күш     К) аудан      Т) қысым

 

Оқушылар сабақтың  қалай өткенін стикерге жапсырады

Үйге тапсырма

 

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Қысымнан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

 

Ф 33, 14 тапсырма,

15 жаттығу №3

 

Сабақ аяқталды.
Рахмет

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *