Қыс. Қыс қызығы

қыс қызыАқтау қаласы

Мүмкіндігі шектеулі балалрға арналған облыстық мектеп-интернаты

Өткізген: Айса.А.Б

Сабақтың тақырыбы:  Қыс. Қыс қызығы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: Балалардың білімін, қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға, дұрыс баяндауға баулу.
  • Дамытушылық: Балалардың ойын, тілін сурет бойынша әңгімелеуге, сөйлем құрату арқылы дамыту.
  • Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, қорғауға, сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, үлестірмелі қағаздар

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Бүгін біздің сабағымыз, күнделікті сабақтан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр, қане балалар орнымыздан тұрып қонақтармен амандасайық.
  • Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақтарды еске түсірейік.
  • 1 жылда неше жыл мезгілі бар? (4 мезгіл)
  • Біз қай мезгілде сабаққа келдік? (күз)
  • Күз мезгілі несімен ерекше? (жемістер, көкөністер т.б.)
  • Жарайсыңдар, балалар!
  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын?

(қыс)

  • Дұрыс айтасыңдар. Қыс мезгілі.
  • Біз енді қыс әлеміне енеміз де, қыс мезгілімен жақынырақ танысатын боламыз.

ІІ. Жаңа сабақ:

Міне, қыс мезгілі келді. Қыс мезгілі үш айдан тұрады: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн суытады, ызғырық желі мен қары болады. Қыс мезгілінде күн қысқарып, түн ұзарады. Адамдар жылы киіне бастайды.Үстеріне күрте, тоң киеді. Қолдарына қолғап, аяқтарына етік киеді. Қыста күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Қыста қар қалың жауады, балалар аққала жасап, қар атысып, сырғанақ теуіп көңілді ойындар ойнайды. Қыс мезгілінде ерекше атап өтетін мереке бұл — жаңа  жыл мерекесі.

-Ал енді, Жаңа жыл мерекесінде міндетті түрде не болу керек балалар?

–Әрине, шырша.

Міне, сол шыршаға біз нені ілеміз? –Иә,ойыншықтарды

-Ойыншықтарда әр-түрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды орындау арқылы қыс қызықтарымен танысамыз.

1-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөйлемдер берілген. Сол сөйлемдерге тиісті сөздерті тауып, дұрыс қойыңдар.

Қыста  …… жауады.

Адамдар ……… киінеді.

Адамдар қолдарына ……. киеді.

Балалар ……. жасап ойнайды.

-Жарайсыңдар балалар.

2- тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

-Балалар, енді қыс мезгілінің өзі әр түрлі болады. Қане, соларды сипаттап көрейік. Мысалы: қыста далада қар болса, қандай қыс? (боранды, аязды, қарлы). Берілген сөздерді сөздік дәптерімізге жазамыз.

  1. Сергіту сәті.

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

 

3-тапсырма. Қыс туралы жұмбақтар

-Балалар мен сендерге қыс туралы жұмбақтар жасырамын, ал сендер мұқият тыңдап алыңдар.

 

  1. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.                   (Аққала)

 

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң, қолың тоңады.                          (қар)

 

  1. Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бір.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бір.                        (Қолғап)

 

  1. Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды.                       (Шаңғы)

 

  1. Жаздай тынығады

Қыста зымырайды.                                 (Шана)

 

  • Жарайсыңдар, балалар.

4-тапсырма. Сюжетті суреттер үлестірмелі қағаздармен таратылып береді.

-Балалар мына алдарыңыздағы суреттерге  қарап сөйлем құраймыз.

5-тапсырма. “Артығын тап” ойыны: 4 сурет беріледі, 1 артық сурет болады.

III. Бекіту: “Қандай? ” дидактикалық ойыны

Қыс мезгілінің белгілерін атап өту.

  1. Қорытындылау

Ү. Балаларды мадақтау.

  • Жарайсыңдар, балалар бүгін сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар.
  • Сендерге сабақ ұнады ма?
  • Жарайсыңдар.
  • [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *