Құқықтық квн

Шығыс Қазақстан облысы
Ұлан ауданы
Бозанбай ауылы,
«Бозанбай орта мектебі» КММ
Тарих пәні мұғалімі
Сағиолдақызы Нұршат

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

I.Сайыстың шартары:

1. Таныстыру;

2. Көрініс құқыққа байланысты;

3.тосын жағдай;

4. Кім жылдам?

5. плакат қорғау

 II. Сайысымызға қазылық жасайтын қазылар алқасын тағайындайық.

1.  «Таныстыру» кезеңі. Бұл кезеңде сайыскерлер таныстыру кезеңінен өтеді.

2. «Көрініс құқыққа байланысты». Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар өз таптары мен жасаған эмблемаларын қорғаайды.

3. «Тосын жағдай». Бұл сайста қатысушылар өздерінің үйге берілген тапсырмаларын алға салады.

4. «Кім жылдам?» деп аталады. Эверестикалық тапсырмаларға жауап берейік.

5. «Плакат қорғау». Бұл сайыста оқушылар өздерінің қолдарынан жасаған туындыларын қорғайды.

1 тапсырма

Сыныптастарының туған күнін атап өткен 10- сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын ійлердің айласында би кешін ұйымдастырды. Музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай- шуынан тұрғындар ұйұыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындарадың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра берді.

Сұрақ:

Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді

Олады жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?

Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады?

2 тапсырма

Аудандық ІІБ- не 8- сынып оқушысының ата- анасынан арыз түседі. Онда 11- сынып оқушысы С. Өзінен төменгі сыныптағы балаларды қорқытып, ақша, бғалы заттарын алып қоятының мәлімдеген. Осындай тінту, күш көрсетідің нәтижесінде баласының соққыға жығылғаның жазады.

Сұрақ

С-ның әрекетін заң тұрғысынан қалай бағалауға болады?

Жауапкершілікке кімді тартуға болады?

Зиян қалай өтеледі?

3 тапсырма

Қарттар үйінде екі жылдан бері тұрып жатқан Ахмет атай өзі қайтыс боларының алдында өсиет жазып қалдырады. Онда өзінің барлық қаржысы мен тұрғын үйін қарттар үйінде жәрдем көрсеткен мейірбикеге қалдыруды жөн көреді. Қарт өзінің соңғы тілегін қағаз түсіру үшін мекеменің бас дәрігерін шақыртып қол қоюды өтінген. Дәрігер растап қол қояды. Жерлеу рәсімінен кейін шет елде тұратын баласы өсиеттің заңсыз екендігін айтып, мұраны беруден бас тартады. Мейірбике сотқа шаымдануға мәжбүр болады.

Сұрақ:

Ахмет атаның жасаған өсиетінің заңдық күші бар ма?

Мұраны кім алуға құқылы?

Жауаптарынды дәлелде.

4 тапсырма

Соңғы кезде Парламент 16 жасқа толмағандарға темекі, спирт ішімдіктерін сатуға тиым салу туралы заң жобасын енгізді.

Сұрақ:

Сенің көзқарасың?

Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нешінші баптарында айтылған?

Кәмілетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс айыппұл кімдерден алынады?

«Кім жылдам?» тағайындалған сұрақтар арқылы оқушылардың жылдамдығын тексеру.

1. ҚР азаматы бола алады

А. 3 жыл тұрғандар

Б. 5 жыл тұрғандар

В. Барлығы, кез- келген адам

  2. ҚР азаматы басқа жерге қуылады, егер

А. Ауыр қылмыс жасаса

Б. Шетел азаматы

В. Егер, ол кісі елдің саясатын қолдамаса

 3. Ата- анасының шетелде тұрғылықты жері болып біреуі ҚР азаматы болса, ҚР- нан тыс туылған бала қай елдің азаматтығын алады?

А. ҚР азаматы

Б. Шетел азаматы

В. Ата- анасының жазбаша келісімі

  4. Ата- анасының екеуі де белгісіз баланың азаматтығы

А.ҚР азаматы

Б. Азаматтығы жоқ

В. Асырап алушының азаматтығымен бірдей

  5. Азаматтығына дәлел құжат

А. Куәлік, төлқұжат

Б. Студенттік билет

В. Зейнетақы кітапшасы

 6.Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған

А. Заңгерлер

Б. Халық

В. Адам

 

Презентацияны жүктеңіз

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *