Қ қ дыбысы және әрпі

 ШҚО

Семей каласы

Айбек Ардақ Айбекқызы тәрбиеші

Ересек топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

 технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу және жазу

Тақырыбы: «Қ қ дыбысы және әрпі»

Мақсаты: Қ дыбысы және оның таңбасымен таныстыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту. Қ дыбысына сөз, сөйлем табуына назар аудару, сөздік қорына мән беріп, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, әріп таңбасы, суреттер, текшелер

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Танымды — оятушылық Қане, балалар, орынымыздан тұрып, бір – бірімізбен

амандасып, жылы лебізімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері:

«Қайырлы таң!»

Қайырлы таң, құсқа , аңға да,

Қайырлы таң, жайдары жанға да.

Қайырлы таң алға ассын,

Кешке дейін жалғассын!

Орынымызға отырайық.

Сұрақтар қояды:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?               ( балалардың атын жеке- жеке атап сұраймын)

-Дұрыс айтасың, жарайсың.

Қонаққа Дымбілмес келгенін айтады. Ол балалармен әріптер үйренгісі келеді.

Үстелді жағалай отырады

 

 

 

Бәрі бірге айтады

 

 

 

 

Үстелді жағалай отырады. Қызығушылық білдіреді.

Жыл мезгілі – күз.

 

 

 

 

Дымбілмеспен амандасады.

Ұйымдастыру- іздестіру Сұрақтар қояды:

-Қазақ әліппесінде неше әріп бар?

Бүгін жаңа Қ  дыбысымен танысатындарын айтады.

Қ дыбысын қайталатамын.

-Қ қандай дыбыс?

-Қ дыбысын  қандай түсті текшемен белгілейміз?

Дид.ойын: «Сөз ата, тез ата»

 

Сергіту сәті

 

 

 

Жұмбақ шешу

  1. Жапалақтап жауады,

Жердің бетін жабады.

Бұл не аппақ мақтадай?

Кәнеки кім табады?

2.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

Қ әріпін ауада жазуды өтінеді.

Әліппе -дәптермен жұмыс

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып Қ әрпінің баспа түрін жазуды ұсынады.

Кеспе дыбыстарды пайдаланып сөз құрастырып жазғызады.

 

Енді сөйлем айтатынын, сол сөлемде неше сөз бар екенін айтуды ұсынады.

Мысалы.

Далада қар жауып тұр

Қа-ра-қат,қа –ла, қа-лақ, қо-нақ сөздерін буынға бөліп,

Қ дыбысының орнын байқату.

 

 

42 әріп бар екенін айтады.

 

Қ дысысын айтады

 

Қ дыбысы дауыссыз дыбыс

 

Көк

Қ әрпіне байланысты сөздерді таба біледі:

Шаршамаймыз ешқашан

Демаламыз бой жазып.

Құстар болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз

 

 

 

(қар)

 

 

(қой)

Бірге ілесіп жазады.

 

Дәптерге жазады

Мұқият қарайды, қызығушылық білдіреді.

 

 

Сөйлемде төрт сөз бар: дала, қар, жауып, тұр

 

 

 

 

 

 

Рефлексифті — түзету  Сұрақтар қояды:

-Бүгін қай дыбыспен таныстық?

-Қ  әрпі қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде кездеседі?

Дымбілмес саған бүгінгі балалармен өткен ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіміз ұнады ма? Балаларға алғыс айтып, өзімен әкелген сыйлығн ұсынады.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Сұрақтарға жауап берді.

Қ дыбысымен.

Қ әрпі дауыссыз дыбыс.

Сөздің басында,  ортасында, аяғында

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қ дыбысын қатыстырып сөз құрауды, оны талдауды

Болу керек: Дыбыс пен әріп туралы түсініктері.

Істей білу керек:  Жұмбақты шеше алуды, кеспе әріптерді пайдаланып сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды және оны талдауды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *