«Үздік тәрбиеленуші» сайысы

Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Мұғалжар селосы
«Бөбекжай» балабақшасы
Тәрбиеші Әсел Алдиярова

«Үздік тәрбиеленуші» сайысы

Мақсаты:  Сайыс арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтарын, жыл бойына алған білімдерін анықтау.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар, педагогтар!  Біз тобымыздың балаларын заман талабына сай ақылды да, парасатты,тәрбиелі болып өскендерін қалаймыз. Осыған орай  «Бөбекжай» балабақшасындағы «Балдәурен» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтетін «Үздік тәрбиеленуші» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Уа, халайық, халайық!

Бәріміз назар салайық ,

«Үздік тірбиеленуші» сайысын

                Шаттанып біз бастайық! – деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық:

  1. 1.     Арзанбай Алтынзер
  2. 2.     Әбілаш Айзере
  3. 3.     Жалғас Еркенұр
  4. 4.     Ибадулла Нұрайым
  5. 5.     Қалдыбекова Балауса

Жүргізуші:  Шалқытып мерекеге ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтып,

Әділқазы алқасымен танысайық…

Бақшамызға көп еңбегін сіңірген,

Әр баланың жай – күйіне үңілген

Көптен күткен орындалып арманы,

Қуанғаны жүзінен – ақ білінген

Бойында бар қайсар мінезі,

Қарсы алыңыз Кенжеғали қызы Фариданы!

  Әдіскер апай ардақты,

Өзі неткен салмақты

Әділқазы болыңыз

Гүлзада Төлепбай қызы!

Витамин жеп қолынан,

Өскен сәби баламыз.

Жанар апай  сізді де,

Төрімізге шақырамыз!

 

Жүргізуші: Ал, енді сайысымызды бастамастан  бұрын, сайыстың  шарттарымен  таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

  1. 1.     Таныстыру  (Әр бала өзін таныстырып өтеді)
  2. 2.     Өз өнері  (Балалар би билейді,ән айтады немесе өлең оқып береді)
  3. 3.     Логикалық тапсырмалар
  4. 4.     Жұмбақ шешу
  5. 5.     Үй тапсырмасы  (балалар үйлерінен қолдан жасаған бұйымдарын алып келеді)

Жүргізуші:  Сайыскерлеріміздің арасынан ортаға бірінші болып кім шығатынын анықтау үшін, балаларды әділ қазылардың  алдында тұрған белгілерді алуларын сұраймыз.

Жүргізуші:  Өнер қуып балалар өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа түскен балалар кезектесіп,

Өздерін таныстырып өтер дейміз.

  1. 1.     Таныстыру. Бұл кезеңде балалар өздерін таныстырып өтеді.
    1. 1.     Ибадулла Нұрайым
    2. 2.     Арзанбай Алтынзер
    3. 3.     Әбілаш Айзере
    4. 4.     Жалғас Еркенұр
    5. 5.     Қалдыбекова Балауса

Жүргізуші:  Көп рахмет,балалар! Ал, біз сайысымыздың келесі кезеңіне тоқталайық.

  1. 2.     Өз өнері.  Өнерпаздар ортамызда,

                             Өнерлерін көрсетер.

Әділқазы таразылап,

Баға берер кемеңгер.

Бұл сайыста балалар өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға алғашқы сайыскерімізді шақырамыз – Ибадулла Нұрайымның орындауында «Ертегілер елінде» биі. Қол шапалақтап қарсы алайық.

2.Арзанбай Алтынзердің орындауында «Қазақ» биі.

3.Алдарыңызда – Әбілаш  Айзере.  Айзере  «Тауыс биін» орындайды екен.                                                                                                            4. Келесі кезекте – Жалғас Еркенұр. Еркенұр бізге өлең оқып береді.

5. Және соңғы сайыскеріміз – Қалдыбекова Балаусаның орындауында «Өзбек» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Әділқазылар, бағаларыңызды берсеңіз…

(Әділ қазылар сайыстың екі кезеңі бойынша қорытынды бағаларын береді)

(Төрешілер бағаларын бергеннен кейін, ортаға Буратино келеді)

Буратино: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, қонақтар, балалар!

Балалар, мен сендерге бір өтінішпен келіп тұрмын. Менің мұрныма қараңдаршы, қандай болып өсіп кеткен. Мен апайдың сұрақтарына жауап бере алмай, мұрнымды өсіріп алдым. Енді қалай қалпына келтірерімді білмеймін. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Балалар: Иә, көмектесеміз!

Буратино: Онда мен сендерге сұрақтар қоямын,ал сендер жауабын тауып, айтыңдар.

  1. 1.     Аспанда неше күн бар?
  2. 2.     Дөңгелектің бұрышы бола ма?
  3. 3.     Жұлдыздың неше бұрышы бар?
  4. 4.     Тауықтың неше аяғы бар?
  5. 5.     Бос стақанда неше жаңғақ бар?

Буратино:  Жарайсыңдар, балалар! Көп рахмет сендерге! Менің мұрнымды қалпына түсірдіңдер. Алғыс ретінде  мен сендермен бірге билегім келіп тұр.

(Балалар Буратино мен бірге әділ қазылар бағаларын бергенше бір би билейді)

Жүргізуші: Рахмет саған, Буратино! Бойымызды бір сергітіп алдық.

Буратино: Сіздерге де рахмет! Енді мен қайтайын, сау болыңыздар!

(Буратино шығып кетеді)

Жүргізуші: Ал біз сайысымызды жұмбақ шешумен жалғастырайық.

  1. 1.     Суда мұз бар,

Жерде қар бар,

Боран борап соғады

Бұл қай кезде болады?                                                  (Қыс)

 

  1. 2.     Күн ұзарып,

Қар еріп,

Су сайларға толады

Бұл қай кезде болады?                                                  (Көктем)

 

  1. 3.     Күн де ысып,

Жеміс, жидек пісіп

Ел пішенін орады

Бұл қай кезде болады?                                                   (Жаз)

        

  1. 4.     Жауып жаңбыр,

Жер сабыр,

Шөп, жапырақ солады

Бұл қай кезде болады?                                                    (Күз)

 

  1. 5.     Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады                                                        (Қоян)

 

  1. 6.     Қалың киім ұнатады

Шещіндірсең жылатады.                                                 (Жуа)

 

Жүргізуші:  Жарайсыңдар, балалар! Өздерің тапқыр екенсіңдер! Ал, қазір әділ- қазыларға сөз берейік…

(Әділқазылар бағаларын береди)

Жүргізуші: Але енді балалардың үйден орындап алып келген қол өнер бұйымдарын көрейік.

 

Жүргізуші:  Әділ қазылар сайысты қорытындылап, бағаларын қойып болғанша, біз «Балбұлақ» тобының тәрбиеленушісі Қасенова Гүлсезімнің орындауында «Испан биі» тамашалайық.

Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды, әділ қазыларға сөз берейік.

(Әділқазылар қорытынды бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады)

 

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі –

Жиенбаева Фарида Кенжеғалиқызына береміз.

Марапаттау.

Жүргізуші: Ата – аналарға алғысымызды айта отырып, сөз берейік.

Жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі сайысымыз аяқталды, қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Сау болыңыздар!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика