Үү дыбысы мен әрпі

Қызылорда облысы

Арал ауданы

Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Смаилова Ақмарал        

Оқу іс – әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы 

Сауат ашу Тәрбиешісі:Смаилова А МАД
Тақырыбы Үү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты Мақсаты: «Үү» дыбысы және әрпімен таныстыру. Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету. «Үү» дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
 Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Буын туралы түсініктерін кеңейту.
Балаларды ізеттілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер Көрнекілігі:Үү әрпінің баспа және жазба түрі, суреттер,слайд, т.б
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Психологиялық ахуалды қалыптастыру Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш, Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.  
Ұйымдастыру, Іздестіру                           Жаңа сабақ                         Рефлексивті- Тузетушілік         Білу Өзіне үйренгені Үйрену 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгелдеп,назарларын іс-әрекетке аудару. -Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі? -Аптаның қай күні? -Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай? -Оқушылар, біз сауат ашу оқу іс-әрекетінде қандай әріптермен таныстық? -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Ее дыбысы қандай дыбыс? -Ее дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі? Мысалдар келтір (сөздің басында, ортасында, соңында) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны Үй тапсырмасын сұрау. Ее дыбысын оқыту ІІ.Негізгі бөлім Жаңа сабақ Жаңа тақырыпты хабарлау -Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз. -Үү дыбысынан басталатын сөздерді айтайықшы. 1.Үркітпе, атпа, абай бол сөздерін пайдаланып, сурет бойынша әңгімеле. Баланың қолындағы айыр ағаш қандай әріпке ұқсайды? 2.Ормандағы дауыстарды ажырат.Дыбыстарды ым-ишарамен бейнелеп, дауыс ырғағымен айт. «Түк-түк», «Ү-ү-ү», «Қар-қар-қар», «Тырау-тырау», «Бақ-бақ», «Барқ-барқ!» Суреттен Ү дыбысы бар сөздерді тап. Үү-жіңішке дауысты дыбыс 3. Үү әрпімен таныс бол. Ү-ешкім де қолдан жасамай, Қос біткен айыр, ашамай.                   М.Әлімбаев 4.Ү әрпін ермексаздан жаса 5.Таяқшалардан ү әрпін құрастыр.Қолдарыңның көмегімен ү әрпін бейнеле. Жаңа тақырыпты хабарлау -Ендеше,бүгін біз сендермен Үү дыбысы және әрпімен танысамыз. Тіл ұстарту жаттығуы: Үз-үз-үз, Суда еркін жүз. Оқу-іс-әрекетін қорыту. Бүгін қандай әріппен таныстық? Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы бекітіледі. Күтілетін нәтиже: Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады Үү дыбысы және  әрпімен танысу.. Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену Оқушылар оқу іс-әрекетіне дайындалады     Оқушылар сұрақтарға жауап береді.                               Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрай алды.                                            

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *