Ү дыбысы мен әрпі

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Оскина Күлдірген Абдуалиевна

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:    Балаларлы Ү дыбысымен таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу    мен жазуды үйрену. Сөздік қорын байыту, буындап оқуға үйрету;

Дамытушылығы: Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту, дамыта оқуға үйрету;

Тәрбиелігі:  Шыдамдылыққа, ептілікке, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру , оны қорғауға  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау, әңгімелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, схемалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;

ІІІ. Жаңа  сабаққа шолу;

Жұмбақтар.

Сыпырғыш бұл – қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?  (Ү)

Керексіз болып қалғанша,

Адамға қызмет етеді.

Шылбырынан байланса,

Табаны қызып кетеді.   (Үтік)

Күндіз соқыр не деген?

Түнде қандай көреген. (Үкі)

ІV. Жаңа сабақ

— Балалар ,  бүгін бізге үкі қонаққа келіпті. Ол орманнан  көптеген жаңалықтар ала келіпті. (үкінің суретін немесе макетін көрсету)

— Үкі туралы не білеміз?

— Балалар, үкіде сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?

— Ендеше, бүгін біз сендермен «Ү» деген әріппен танысамыз.

Баспа және жазба түрін көрсету.

— «Ү» дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы

— Үйрек, үй, үйіңкі, үзеңгі, үміт, күз,күн, күй, күшік, күрек, үз т.б

Әріптерді қосып, жаңа сөздерді оқу.

Н

Р

Ү               С

Й

«Баспалдақ» ойыны ойналады.

Ү_

Ү_ _

Ү_ _ _

Ү_ _ _ _

Ү_ _ _ _ _

Жауаптары: үй, үкі, үтік, үйрек, үзеңгі

Сиқырлы дыбыс.

_ү_                                      _ү_

_ү_                                      _ү_

_ү_                                      _ү_

_ү_                                      _ү_

Жауаптары: гүл, күй, күн, сүт, түс, түн, түр, жүр

Кітаппен жұмыс.                     Кім кінәлі?

  • Кім сызды мына партаны? Үміт айтты:

Деп ұстаз бірден сұрады.                            — Мен емес.

Үсенбек айтты:                                            Күміс айтты:

  • Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі —

Елемес үнсіз тұр әлі.

(оқушыларға оқыту)

Жаңылтпаштар.

Үтір деген немене?                                       Үйрек ұшып қаз қонды,

Үтік деген немене?                                       Үйірімді тұныққа.

Үтір керек ілімде,                                        Үлкен-кіші мәз болды,

Үтік керек киімге.                                        Үйіп жинап жұмыртқа

Дәптермен жұмыс

«Ү» әріпін жазу

Тақтаға: Үміт, үкі, күн, сүт сөздерін жаздыру

Қорытынды: Үйге тапсырма беру. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *