Ү ү дыбысы мен әрпі

«№ 4 Шонжы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Зарина Корикбаевна

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру.Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылық:  Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға, оқуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ

Типі: жаңа сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Оқыту технологиясы:    Д.С.Выготский  В .В.Давыдов «Дамыта оқыту»                  
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін  сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

“Бөпешім” өлеңін жатқа сұрау

-Ө қандай дыбыс?

– Ө дыбысынан қандай сөздерді білеміз?

ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау
Ойын: “Құстарға қамқорлық”
Үйрек пен үкінің суреттері ілулі тұрады.
Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар тақтаға шығып оқиды.
Түйе үтік үңгір күрек үй күн
Үйректің суреті.
(Төртке бөліп, тапсырмалар жазып қоямыз)
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. Торын құрып,

Шыбындарды жояды
Үйректің суреті шығады.
 ІV. Жаңа сабақ.
-Балалар ненің суреті шықты?
-Үйректің.
-Үйрек сөзін хормен айтқызу.
-Сендерге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
Ү ү дыбысы.
Үү дыбысын хормен айту.
-Қалай айтылып тұр?
-Созылып, ендеше қандай дыбыс?  Жіңішке дауысты дыбыс
Ү ү дыбысының таңбасымен таныстыру
Үү әрпін тақтаға жазып көрсету.
– Қай дыбысқа ұқсайды? Ұ ұ дыбысына.
– Айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?
Ұ ұ жуан дауысты, белінде сызығы бар.
Үйрек-су құстарына жатады.
Құстарға байланысты “халық болжамдары” бар.
Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Оқулықпен жұмыс.
Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру
Үкі  күріш  түлкі  жүрек
Үйрек  күміс  күлкі  күрек
Үйшік  күшік  түйме  жүзік
Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады.
(Қарлығаш)
Қарлығаш киелі құс. Адамға жақын болып келеді.  Халқымыз әрқашанда құстарды қорғап отырған.
Оқушылардың оқуы.
(тізбектеп оқыту).
Сергіту сәті.

(әуенмен билеу)
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Тақтада жазу
Оқушылардың жазуы
Тақтамен жұмыс.
3 оқушы шығып күн, күз, гүл сөздерін тақтаға жазады. Ал отырған оқушылар осы сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
V. Сабақты қорытындылау

 Логикалық ойын

«Суретте не жасырынған?»  Жасырынған суреттерді тауып, буынға бөлу.
Үйрек, түйе, үкі, түлкі, үй, күрек

Ү дыбысына байланысты қандай сөздер үйрендік?

VІІ. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жұлдызша, төрт бұрыштар арқылы бағалау.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған