Ұлттық музыкалық аспаптар. Етістіктің өткен шағы

Қостанай облысы

Таран ауданы

Б.Майлин атындағы Таран орта мектебі

Мұғалім  Сарина Нұргүл Қабдырашқызы

Сабақтың  тақырыбы:    Ұлттық  музыкалық аспаптар. Етістіктің  өткен шағы.

А оқушы : Барлық  тапсырмаларды өзі мүлтіксіз орындайды, басқа оқушыларға көмек беріп отырады.

В оқушы: Тапсырмаларды орындайды, бірақ өзіне сенімсіздік білдіреді, жеңіл тапсырмаларда С оқушыға көмек бере алады.

С оқушы: өз бетінше тапсырмаларды жасай алмайды, ол жеңіл тапсырмаларды ғана орындайды, тек сұрағанда ғана жауап беруі мүмкін.

 

 

Қазақ тілі

45 минут 8 Б сынып

Орыс сыныбы

 

Сабақ тақырыбы: Ұлттық  музыкалық аспаптар. Етістіктің  өткен шағы.
Жалпы мақсат: Ұлттық  музыкалық аспаптар атауын білу. Оларды суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алу.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді бекіту. Мәтіндегі сөйлемдерді еркін аударып, сұрақтарға жауап беру. Қазақтың  музыкалық аспаптар оқып үйрену арқылы өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сілтеме: Нұсқаулық, Қазақ тілі  8 сынып оқулығы «Атамұра» 2013 ж.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топтық жұмыста   мәтінді  аудару  жұмысын  жасау арқылы мазмұнын ашады.

Сөздік  қоры дамиды. Өз ойларын жеткізуге ұмтылады;

Негізгі идеялар: Топтық әңгіме құру  және тақырып бойынша өз білетіндерін еркін жеткізуге икемдеу.
Сабақта қолданылатын ресурстар: суреттер, сергітуге арналған  үнтаспа, интерактивтік тақтада берілген жұмыстарды жасау арқылы өздерін тексеру.
Оқыту әдістері: Топтық жұмыс, диалогтік   оқыту

Интерактивті оқыту әдісі;

Оқыту үшін бағалау

1.      Жеке жұмыс

2.      Топтық жұмыс

3.      Көшбасшылықты анықтайтын  тренинг ойыны.

Дерек көздері: қосымша материалдар, ғаламтор.
Қостілділік компонент: Ұлттық ойындар, көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ойыны.

 

Ойлау деңг. Түрткі

(сұрақ, тапсырма, жағдаят)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті Бағалау
Ұйымдас

тыру кезеңі:

Эмоциональдық тренингін өткізу, моноблок  арқылы топқа бөліну.

 

1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2. Эмоционалдық көңіл күйді тексеру «Бағдаршам» тренингі.

Макс Люшердің  түстерге мінездеме беру арқылы 3 түспен балалардың қандай көңіл күйде отырғанын мұғалім анықтайды.

 

Балалар өз алдарында жатқан әр түсті, мұғалім көтеріңдер деген белгі де , өз таңдаған түстерін көтереді.

І – ші топ «Домбыра» тобы деп аталады.

ІІ –ші топ «Қобыз» тобы болады.

Сынып екі топқа бірден бөлінеді.

 
Білу Тақырыпты ашу.  Сабаққа байланысты «Ұлттық аспаптар мұражайы» атты презентацияны көрсету.Одан кейін бір –біріне сұрақтар қою.

-Ендіше, сабағымыздың тақырыбы қандай екен?

– Ұлттық аспаптар.

-Бұл не?

– Бұл қандай мұражай?

-Мұражайда қандай ұлттық аспаптар бар?

-Ұлттық мұражай қай қалада орналасқан?

– Сен ұлттық аспаптар мұражайында болдың ба?

Жетондар арқылы бағалау

 

Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың мақсатына тоқталу.

 

Ұлттық  аспаптардың  атауын суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алу.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді бекіту. Мәтіндегі сөйлемдерді еркін аударып, сұрақтарға жауап беру. Қазақтың  ұлттық  музыкалық аспаптарын оқып үйрену арқылы өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлттық музыкалық аспаптар атауын суреттерден, бейне жазбалардан көру арқылы ажырата алады.Жеке және топта тапсырмалар беру арқылы жаңа сөздерді біледі.  
Түсіну Жұптық жұмыс.

«Анаграмма» ойыны

 

Карточкада жеті түрлі сөз берілген.Берілген әріптерден қандай сөздер құрастыруға болады және осы сөздер туралы білетіндеріңді айтып беріңіздер. Оқушылар берілген әріптерден сөздер құрастырады және осы сөздер туралы білетіндеріңді айтып береді.Мұғалім дұрысын анықтап, оларға дұрыс жауаптары үшін жетондар береді.

 

Дұрыс жауаптары үшін аспаптар бар жетондар беріледі.

Қалыпты бағалау.

Қолдану  

Топтық жұмыс.

Мәтінмен жұмыс

 

1) Мәтінді жеке, топта оқып, бір –біріне түсіндіреді.

І топқа:

ІІ топқа:

 

Балалар  мәтінді жеке, топта оқып, аударады, бір –біріне түсіндіреді.

Топтан үш оқушы үш сөйлемді оқып, аударып береді.

 

Жетондар беру арқылы  бағалау.
  Сергіту сәті:

 

«Көзге арналған жаттығу » бейне көрнісі арқылы бой сергіту. Балалар орнынан тұрып, дене қимылдарын жасайды.  
 

 

 

Талдау

 

-Енді мәтін бойынша талдау жасайық.

– Мәтіндер не туралы болды?

Етістіктің өткен шағы бойынша карточкалармен жұмыс жасау.

І топ мәтіні бойынша сұрақтар беру.

ІІ топ мәтіні бойынша сұрақтар беру.

 

1.«Сен сенесің бе?» стратегиясы арқылы сөйлемдерді оқып, дұрыс бұрыстығын анықтау.

2.Берілген сөздерді өткен шақта жіктеңдер.

Балалар орындарынан тұрып, сұрақтарға жауап береді.

 

Берілген сұрақтарға дұрыс жауаптарына тақтадағы бағалау парағына белгілер қойылады және оқушылар толықтыру жасайды.
Синтез /Жинақтау/ Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізіп, кесте бойынша тапсырманы орындап , ойларыңды жинақтап, түйін жасау қажет. Берілген ұлттық  аспаптарға мұқият қарап, қандай  аспап екенін ажыратыңдар және аспап жайында білетіндерін 2-3 сөйлеммен айту.

Топтан көшбасшы шығып оны қорғаңдар.

Берілген топтардың жұмысы жасалады. Топтың көшбасшысы өз жұмыстарын қорғайды.

 

Жетондар арқылы бағалау.

Топтық бағалау.

Рефлексия  «Ұлттық аспаптар мұражайы» кері байланысы . «Қобыз» – мен жақсы орындадым.

«Жетіген»– мен орындай алмадым.

«Домбыра» – мен бәрін орындауға тырыстым, бірақ қателер болды.

Әр топтан бір – бір оқушы тұрып, рефлексияны оқып береді немесе суреттерін  апарып іледі. Үш түрлі аспап өз жауаптарын  жазып, іледі.

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика