Ұлттық теңге тәуелсіздіктің белгісі

Алматы қаласы Алмалы ауданы
Шона  Смаханұлы  атындағы № 62 гимназия
Кирбаева Жазира  Канашевна

Тәрбие сағаты 17.11.15ж

 

8 ә сыныбы
тақырыбы : Ұлттық теңге тәуелсіздіктің белгісі
Мақсаты Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында алатын орнын анықтау
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге үйрету, тәуелсіз еліміздің жан – жақты дамуына үлестерін қосу жолында әрекет етуге насихаттау, ұлтжандылық, азаматтық тәрбие беру.
Нәтижесі Оқушылар ұлттық  тенгенің  тарихы туралы біле отырып, ел  экономикасындағы теңгенің  алатын  орнын  түсінеді.

 

Түйінді  ой Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т.б суреттері салынды.
Іс шараның  өту  барысы

 

Сабақты  өткізу  кезеңдері Уақыт 45 мин. Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин Сәлемдесу, түгендеу,  топқа  бөлу

 

Сабаққа дайындалады
Кемпірқосақ әдісі 2 мин Менің  әлемімдегі теңге ,ақша  уралы

10 сөз. Оқушы өз  ойын  параққа  жазады.

 
1 кезең

Ой  қозғау

3 мин Кумулятивті  әңгіме

Мұғалім:

Тенге туралы не  білеміз?

Мұғалім:

Теңгелердегі  тұлғаларды  атаңыз?

Мұғалім:

Бүгінгі  теңгенің жағдайы қалай  болуда?

 

Оқушы:

Теңгеге  кез  келген  қалаған  заттарды  сатып  алуға  болады.

Оқушы:

1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Оқушы:

Теңге  құнсызданып  жатыр.

 

 

Мадақтау арқылы
2 кезең

Слаид

«Теңгенің тарихы»

6  мин. Теңгеге  тілек  жазу  арқылы сабақ  басталады.

 

Слаид  көрсетіледі. Түсінік айтылады. Оқушылардың  көзқарасы  тыңдалады.

 

Оқушылар  топқа бөлінеді, тапсырмаларды  орындайды Топтық  бағалау
«Балық  сүйегі» диаграммасы 10 мин. Басы-мәселе

Оң жақ қабырғасы-неге  бұл  туындады

Сол жақ қабырғасы-мәселені қалай шешеміз

Құйрығы  -болдырмау  шаралары

Топтық бағуалай
Слаид

Теңгедегі  тұлғалар

/жұптық  тапсырма/

10  мин. 1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Оқушылар тұлғалардың  өмір баянымен  таныстырады Жұппен бағалау
 «Ақ орамал» 15 мин. Аудио таспа  тыңдалады,  оқушылар  өз ойларымен  бөліседі. Оқушы пікірі Жеке бағалау
3 кезең

Бағалау

 

2 мин. Суммативті бағалау
Қорытынды 1 мин.   Ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы – нумизматика деп аталады. Ақша –тауарлар мен қызмет көрсету өлшемі болып табылады және жалпыға бірдей балама рөл атқаратын, кез-келген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге айырбасталатын ерекше тауар түрі;
2010 жылыҚазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған 1000 теңгелік, «Азиада 2011» Жетінші қысқы Азиада ойындарына арналған номиналы 2000 теңгелік, 2011 жылғы 25 мамырдан бастап Ислам Конференциясын Ұйымдастыруға Қазақстанның төрағалық етуіне арналған номиналы 1000 теңгелік,   2011 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылғы 4 шілдеде айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналдық құны 10000 теңгелік, 2011 жылы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілген «Қазақ елі» монументі бедерленген 5000 теңгелік; 2013 жылғы 29 наурызда Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы бар 2000 теңгелік, 2013 жылдың 12 желтоқсанында «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкнотты айналысқа шығарды. Ұлттық теңгенің айналымға енуі – санғасырлық тарихы бар теңгені бүкіл әлемге танытты.
Рефлексия 2мин. Балалар  бүгінгі  сабақ  несімен  ұнады ?

 

ұ1

 

 

 

 

 

 

 

 

ұ2

 

 

 

 

 

 

 

ұ3

 

 

 

 

 

 

 

ұ4

 

 

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған