Ұлттық тәрбие – тәрбиенің көзі

«Балдәурен» бөбекжай – бақшасы

Тақырыбы: «Ұлттық тәрбие – тәрбиенің көзі»

Қазіргі өз құзырымыз қолымызға тиген заманда, Елбасының «Бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой – санасын қамшылауы керек», «Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлерін жаңа заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет» деген парызды үндеулерін басшылыққа алып, біз ұлттық салт – дәстүріміздің жаңаша жаңғырып, жандануына үлес қосқымыз келеді. Ғалымның сөзімен айтқанда, елдігімізді, ізгі қасиетімізді бұзатын себеп: «Ата дәстүрінің құндағында өспей, ана тілінің уызына қанбаған жас ұрпақтың өсіре қызылға еліктеген есер қылықтары. Тағдыр тауқыметтерінің салдарынан ата – баба дәстүрінен адасып, оның үстіне арақкештікке салынғандықтан парасаттарынан айырыла бастаған ата – аналардың бой көрсетуі».

Мұндай отбасыларда әлгі келеңсіздіктердің әсетінен, имандылық, әдептілік қасиеттерінің болмауынан ата – ана мен бала арасындағы, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластықтың жоғалатыны белгілі. Мұның өзі бала бойында тек арқылы қалыптасатын қасиеттердің жоғалуына, ұлымыздың қадір – қасиетінің құнсыздануына, ұрпақтың рухани құлдырауына себеп болады. Оған жол бермеу отбасындағы тәлім – тәрбиеден бастау алады. Ал мұндай отбасын құру алдымен адамның өз бойындағы әдептіліктен, яғни, отбасын құратын жастардың бойынан адамгершілік ізгі қасиеттердің табылуынан басталады.

Ана құрсағында қалыптасатын құбылыстардан адамның физиологиялық кезеңдерінде ми құрылысы да құрыла бастайды. Ж.Аймауытұлы: «…барлық жан күйінің кілті ми қолында екен. «Зерде», «ерік» дейтін қызметтер үлкен мидың қызметіне байлаулы деген қорытынды тумақ» деп топшылайды. Мұның бәрі ұлттық педагогика мен ұлттық психология бір – бірінен ажырамас ғылымдар екенін дәлелдей түседі. Отбасындағы ана құрсағында тәрбиелеуден кейінгі кезеңде адам бойында имандылық пен әдептілікті қалыптастыру үшін «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Адамды досына қарап таңы» тағы басқа халық тағылымына сүйенеміз.

Мектепке дейінгі  5 – 7 жастағы балалардың әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі – тәрбие жұмысы және сабақ. Тәрбие жұмысы барысында балаларға жаңа білім беріліп, шығарма мазмұнын қабылдаумен, оларды әңгімелеп айтып берумен, шығармашылық көрсете отырып кейіптендірумен байланысты іс – әрекет пайда болады. Балалар шығарманы тұтас алғанда тереңірек қабылдайды, ықыластана, назар аудара тыңдап, мазмұнға, кейіпкерлерге деген өз көз қарасын тиянақтап айта білуді меңгереді. Сонымен қатар, балалардың шығарма мазмұны мен оның бейнелеу және мәнерлеу құралдары арасындағы байланысты байқау қабілеті дамиды. Іс – әрекеттің белгілі бір түріне қызығу тұрақтылығы пайда  болады, біреулері ертегі айтуды жақсы көреді. Түйсік қабілеттері де дамиды, балалар өздері жұмбақ, өлең ойлап таба бастайды, таныс ертегілерге ұқсас ертегі ойлап шығарады. Тәрбиеші фольклор мазмұнындағы өздеріне ұнаған сөздерді тауып айтуға жаттықтырып, күнделікті өмірде, басқа әрекеттерімен айналысқанда, бір – бірімен әңгімелескенде қолдана білуге үйретеді. Мысалы: «еліктің лағындай», «әдемі айна көз», «бота тірсек», «бота көз», «ақшақардай» тағы басқа сөз тіркесін мазмұнынан тауып, түсінгендерін білу үшін өз ойларынан мысал келтіруді тапсырады.

-Кімнің үйінде үй жануарлары бар? – деген сұраққа ересектер тобындағы балалардың берген жауаптары: «Менің кішкене күшігім бар. Оның аты Ақтөс. Себебі, арқасы қара, төсі ақ, құлақтары тіп – тік, көздері дөңгелек, моншақтай. Өзі ылғи менің артымнан еріп жүреді, ойнағанды жақсы көреді».

 

[bws_related_posts]

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика