«Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз» атты мерекенің сценариі

Профессор Рузуддинов
стоматологиялық колледжінің
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрмашев Е.Д.
Іс-шараның мақсаты:
«Ұлыстың ұлы күні әз наурыз» атты мерекенің қазақ халқы мен Қазақстанда тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың жаңа жыл мерекесі ретінде саналғандықтан, колледжімізде жоғарғы деңгейде атап өту арқылы ұлттар мен ұлыстардың достастығын үгіттеп-насихаттау, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу болып табылады.

Іс-шараның міндеті:
Дәстүр мен мәдениетті насихаттау арқылы, жастарға рухани азық беру, жаһандану кезеңінде ұлттық мұраларды ұмытпауға шақыру болып табылады.

Жобада мынадай бөлімдер қарастырылған:
— Жүргізушілердің сәлемдесу сөзі;
— Бас директорға және атқарушы директорға құттықтау сөз беру;
— Қыдыр ата батасымен іс-шараны ашу;
— Ұлттық дәстүрлерді көрсету; ____________________________________________________
— Концерттік бағдарлама;
— Ұлттық спорт ойындар өткізу; 1. Арқан тартыс, 2. Қол күрес, 3. Асық ойнау. 4. Тұмақ ату
— Іс-шараға белсене қатысқан, ашық сабақ өткізген оқытушыларды, үздік оқитын және белсенді студенттерді марапаттау.

 

«Ұлыстың ұлы күні — Әз Наурыз» атты мерекенің сценариі

 

1 Жүргізуші

 

Ассалаумағалейкум халқым менің,

Алдымен амандасу салтым менің демекші

Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және құрметті студенттер!

 

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,

Алып келдің бетіне гүл көктем.

 

2 Жүргізуші

 

Құрметті қонақтар!

Үлкен-кіші, ағалар!

Әпкелер! Ақ жаулықты аналар!

Қош келдіңіздер!

 

1 Жүргізуші

 

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдіктер, күллі тіршілік әлемі жаңарып, қайта түлейтін табиғат мерекесі!

 

Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман алып қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын шаруа мерекесі!

2 Жүргізуші

 

Наурыз – жеті дәмнен Наурыз көже жасап, адамдардың бәріне дәм татқызып, дастархан басына біріктіретін ынтымақ-бірлік мерекесі!

 

Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән мен күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл мерекесі!

 

Құрметті ұстаздар, студенттер және қонақтар! Өткізіп отырған іс-шарамыздың негізгі мақсаты: Қазақ халқы мен Қазақстанда тұрып жатқан барша ұлттар мен ұлыстардың жаңа жыл мерекесі ретінде саналғандықтан, колледжімізде жоғарғы деңгейде атап өту арқылы ұлттар мен ұлыстардың достастығын үгіттеп-насихаттау, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу және Ұлыстың ұлы күнгі мереке осы ұлттар достастығына арналған.

 

1 Жүргізуші

 

Ал енді, осындай керемет наурыз мерекесімен сіздерді құттықтауға, колледжіміздің бас директоры, студенттердің сапалы білім алуына көмек көрсетіп жүрген белгілі ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», медицина ғылымдарының докторы, профессор Рузуддинов Сәуірбек Рузуддинұлын ортаға шақырамыз!

 

 

2 Жүргізуші

 

Салтымен ата-бабаның

Жаңғырды қайта заманым

Тіршілік басы, о Наурыз

Қайырлы болсын қадамың!

дей келе іс-шарамызды бастауға Қыдыр атаны ортаға шақырып, батасымен бастасақ құрметті халайық!

 

(ортаға ____ топтың студенті ӘбуАқназар Қыдыр ата ретінде келіп батасымен ашады)

 

Ал тыңдаңдар батамды:

Ардақтаңдар атаны!

Тойсаңдар, тасып бөспеңдер,

Жауыздықты кешпеңдер,

Ананың сүтін ақтаңдар,

Арларыңды сақтаңдар!

Жалқаулық жаудан жаман-ды,

Жеңіңдер оны күреспен:

Жеңіске жетер бірлескен.

Кең пейіл, дархан халқымыз,

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин!!!

 

1-Жүргізуші:

Шашу!Шашу!

Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.

Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,

Ризығыңболсынкөл-көсір.

 

1-      Жүргізуші:

Қашандақұт-берекеорнасындеп,

Тойлардашашушашусалтыелімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабылболсын, жамағат, ақтілеуің!

 

( Темірбаева С.С)қосымша 2 ұлттық киім киген қыз — шашу шашады

 

2 Жүргізуші

Ей, жараңдар, жараңдар!

Біздің жаққа қараңдар.

Еліме Наурыз келді деп,

Той дабылып қағыңдар!

Той шашуын шашайық,

Наурыз тойын ашайық.

Колледжімізді жаңғыртып

Әсем әнге басайық!

Олай болса, әсем әнге кезек берейік «Наурыз» әнімен бүгінгі кешіміздің қонағы, эстраданың жас жұлдызы Сапаева Гүлнарды қабыл алыңыздар!

 

 

1 Жүргізуші

 

Ұшады аққу көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап жазыменен

Жарасар ойын –күлкі, ән менен би

Ойыңды баурайтұғын назыменен

деп, колледжіміздің 1және 3курс студенттеріЕламан мен Арайды«Қара жорға» биімен тамашалайық.

 

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,

Құтты болсын қуанышың!

Ару көктем,

Шақыратын бәрімізді бірлікке!

Көктемнің алғашқы күндерінде анықталған, «Колледж аруы» Ереш Сабира ортамызда. Тілегіңді айт Көктем аруы.

 

2 Жүргізуші

 

Беташар  —  келін түсірген ауылдың әнші жыршы әрі ақындық өнері бар жігіттің келіннің көрік келбетін мақтап, әрі өсиет өнеге айту түрінде салтанатпен айтатын дәстүрлі ғұрыптық жыр.

Тілім барда қазағым бар, халқым бар

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар демекші келесі кезекті 203 топтыңдайындаған «Беташар» салтын тамашалайық.

 

1 Жүргізуші

 

Құда құда дегізген,

Құйрық бауыр жегізген,

Құда деген мың жылдық

Күйеу деген 100 жылдық дегендей,

Бай мен бай құда болса,

Арасында жорға жүрер,

Кедей мен кедей құда болса,

Арасында дорба жүрер демекші келесі салт-дәстүріміз құда күтіп, «құйрық бауыр» асату салтына 103 топты ортаға шақырайық.

(музыкалық сүйемелдеумен, бимен құдаларға құйрық бауыр асатады «Құдалар» әні)

 

2 Жүргізуші

 

Тұсауыңды кесейін,

Салып ата салтына.

Ертерек сен есейіп,

Қызмет ет халқыңа демекші қазақ халқының тағыда бір дәстүрі тұсау кесерге кезек берейік, ортада 211 топ

 

 

1 Жүргізуші

Наурыз тойың,наурыз тойың

Құтты болсын халайық.

Шырқап әнге салайық..

Ортада Жұман Еламанның орындауында  Наурыз әнін тамашалаңыздар!

 

 

 

2 Жүргізуші

Ал,  халайық, тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық,

Думандатыпбибилеп,

Өнерденкүмбезжасайық!

Келесі кезекте ортаға «Өзбек» биімен 211 топтың қыздарын ду қол шапалақпен шақырсақ.

 

1 Жүргізуші

Армысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары демекші  —  ортаға 3 курс студентіНүсіпақын Серіктің«Баралмадым»  әнімен ду қол шапалақпен шақырсақ

 

2 Жүргізуші

Шабытым шалқып келгенде,

Шарықтап, самғап қалайын

Жырымнан тізіп ақ маржан,

Бойыңа шашу шашайын демекші ортаға Ф-1 К тобының студенті Әбдунабиева Ақсымбатты қазақ биімен ортаға ду қол шапалақпен шақырсақ.

 

1 Жүргізуші

Жас болса да тал шыбықтай бұралған

Биі де әсем әнімен құралған

Билей білу көп адамға бір арман

Көрейікші «араб» биін көрермендерге арналған

демекші ортаға 1курс студенті Ибраймжанова Захидамды қарсы алыңыздар!

 

2 Жүргізуші

Адам қалауының 3 қайнары бар, Олар: Жан, Сана. Тән

Жан – қалауынан достық

Сана қалауынан – сыйлау

Тән қалауынан құмарлық

Осы үшеуінің қосындысынан махаббат туады екен. Демек өмірде сол махаббатты біреулері іздесе, екіншісі мүлдем іздемейді екен. Ендеше «Іздеме» әнімен колледжіміздің 2 курс талантты студенті Жалғасов Өмірбекті қарсыалыңыздар!

 

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі әз Наурыз мерекесінде

Жастарымыз «Лезгинка» биімен жан салыпты дей отырып келесі кезекте 1-3курс студенттері Мавлют пен Шамильды қарсыалыңыздар!

 

 

2 Жүргізуші

Күлкі өмірдің мәні дейді Қазақта

Күлкі адамды түсірмейді азапқа

Күліп отыр деген екен ақын аға

33 тіс КВН командасы келе берсін сахынаға деп, квн ойыншыларымызды қарсы алайық

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізушілер бірге:

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа,

Бой қосылып бойыңа!

Аман – есенжетейік.

Келер Наурызтойына!

 

1-жүргізуші:Ақ мол болсын !

2-жүргізуші:Ұлыс оң болсын !

1-жүргізуші:Ұлыс бақты болсын !

2-жүргізуші:Әр күніміз жақсы болсын !

1-жүргізуші:Достығымыз берік болсын !

2-жүргізуші:Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *