Ұстаз тұлғасы

№14 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі                                                                                                                                                      Ибраева Гүлмира Тельмановна

Ұстаз  тұлғасы

Ұстаздық еткенің,

Білім дәнін еккенің.

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.              Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз.  Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.       Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? деген ой  әрбір мұғалімді толғандырады.         Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі- баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы.                   Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.        Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек.Мұғалім үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.       Мұғалім- психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.       Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен  ұзақ ағады» — деп бекер айтпаған.       Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі — әр ұстаздан талап етіледі. Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев «Болашақта еңбек  етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушылары , мұғалім оларды қалай тәрбиелесе  Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан  ұстазға жүктелген  міндет ауыр» деген болатын.  Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен  рахаттанып,  әр  оқушының  ақ  жарқын  күлкісінен  өзіне бақыт  нұрын  сезінуге мүмкіндігі мол.        Ұстаз! Мен  үшін осы сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі,-деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған.  Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді.Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты  екендігі белгілі..  Нағыз мұғалім болу-үлкен  абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт.  Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын.  Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?   Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен.Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең  ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.  Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.        Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды меңгере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын шығармашыл маман болуы тиіс       Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы – педагог М. Әуезов шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру.      « Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз бола алады »– деп ойлаймын.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *