Ұ дыбысы мен әріпін қайталау (Презентация)

 

Описание: http://uld9.mycdn.me/image?id=552922310814&bid=559382234014&t=0&plc=WEB&tkn=D9FHdQ67I_nLSUIF1UCmp0DcTp8

Қостанай облысы.

Әулиекөл ауданы.

Диев ауылы.

Диев орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі Изгалиева Гульмира Жуныскановна.

Сабақтың тақырыбы: Ұ  дыбысы мен әріпін қайталау

Мақсаты :  Оқушыларды Ұ ұ әрпінің таңбасымен   таныстыру, баспаша жазбаша түрін таныту. Дыбыстық фонемалық қызметін модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып буын, сөз, сөйлем құрату

      Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі:  сауаттылыққа, үйрету, сөйлем  құрау, сурет бойынша әңгіме құрау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау

Сабақтың көрнекілігі:  Суреттер,буындар,  ребустар, жұмбақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 а) Оқушылардың назарын сабаққа

    аудару.

 ә)  Үлкенге де сіз,

     Кішіге де сіз,

     Сәлем бердік сіздерге

     Құрметпенен біз.

ІІ. Өтілген  әріпті пысықтау

1/ Жұмбақ шешу

Құстай ұшар, қанатты тұлпар.  /ұшақ/

2/Сұрақ жауабы

— Ұшақ сөзінде неше дыбыс бар?

-Неше әріп, неше буын бар?

— Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?           /дауысты, дауыссыз/

-Ұ дыбысы қандай дыбыс?         /дауысты/

3) .<<Сөз ойла,тез ойла>>  ойыны.  Ұ дыбысына сөз ойлату

4) Ұ дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.

Ұзақ, үшқыш,  ұя,  ұзартқыш,  ұлу,   ұн, ұлтарақ, жұлдыздар, тікұшақ

Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді?               /Басында, ортасында/.

5/Оқулықпен жұмыс. Сөздерді буындап оқыту.   Хормен оқу,  жеке оқу.

6) Дыбыстар әлеміне саяхат.  Өткен әріптерді дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырату.

А, С,  Р; О; Т; Ш; Л; Ы; Й; Ұ; Б; Д; У; Ж; Қ; Ғ; П;  Н;  М

7/. Суреттермен жұмыс.

                 Описание: нуркен 129             Описание: нуркен 129

 

Ұр-шық                                         тікұшақ                                                       ұшақ

Дыбыстық талдау жасау

ІІІ Сергіту кезең

8/Оқулық бойынша жұмыс.  Оқулықтағы «Ұшқыш болу — арман» мәтінін оқу.

    Сұлтан — жақсы оқушы. Ол ұшқыш болуды армандайды. Сұлтан – ұқыпты да батыл бала. Ол ағаштан ұшақ жасайды. Жасаған ойыншық ұшағы шын ұшаққа ұқсайды. Талаптыға нұр жауар. Сұлтан ұшқыш болады.

Сұрақ – жауап

-Сұлтан қандай оқушы, нені армандады?

-Ол не жасады?

-Оның ұшағы неге ұқсады?

-Сұлтан кім болады деді?

Сергіту кезең

9/.Дәптермен жұмыс.    а/ Сөздерге  дыбыстық талдыу жасату./

Ұлан, ұшақ, жұмбақ, құрақ.

10/. Сурет бойынша сөз құра.

11/.Сематикалық картамен жұмыс  сөздердің дыбыс,әріп сандарын анықтап кестеге қосу белгісін қояды. ( слайдта көрсетілген)

12/.Сандық ребустарды  шешу.

Қорытынды:  -Ұ дауысты дыбыс?

-Сөздің басында, ортасында кездеседі.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *