Әлемді биология арқылы таны.

 Керейт ауылы

О.Ағыбайұлы  атындағы  жалпы  орта  мектеп

 Сабақтың  тақырыбы: Әлемді биология  арқылы таны

Сабақтың  мақсаты:БілімділікБиологиядан алған  білім деңгейлерін анықтау, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық- Топпен жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Түрі: сыныптан тыс іс –шара

Әдіс – тәсілі: жарыс, ойын, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар

Сайыс  сабақ  жоспары:

1.Топтардың өзін таныстыруы.

  1. «Сандықшада не бар?»
  2. “Биологиялық лабиринт ”
  3. “Қызықты сандар ”

5.” Зерттеушілік жоба “

  1. “Ең , ең, ең …”
  2. “Тұлғаны таны. ”

8.Логикалық  есептер.

  1. Қорытынды.Марапаттау
  • Көңілді тапқыштар ,білімділер ,
  • Бар өнерін алдарыңа салады.
  • Кім біледі,көп  оқыған болса  егер,
  • Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Деп  білімдік  сайысқа белсене,құлшына  араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып  өтейін:

І-топ «Бірлік»    Ұраны:  Бірлік  тобы алға,

Биіктерге  самға.

Достығымыз  барда,

Жүреміз  тек  алда.

 

ІІ-топ  «Жас  қыран»   Ұраны:     Біз  «Жас  қыран»  оқтай,

Жарқыраймыз  шоқтай.

Ілім-білім жолында,

Атқылаймыз  оқтай.

  • Тапқыр,білгір ,дарынды
  • Жарыс бар  бүгін арыды
  • Биология пәнін   сүйсең  сен
  • Ортаға сал  барыңды-деп, сайысқа  қатысушы  топтарға  сәттілік  тілей  отырып,сайысымыздың алғашқы  кезеңін  бастасақ.

«Сандықшада  не  бар? »  кезеңінде  топ  мүшелері сандықшада жасырынған  мүшені  анықтайды.

«Биологиялық  лабиринт»

1-топ

1.Ашытқы саңырауқұлағының   ғылыми аты.

Қантты

2.Қандай құс ұя салмайды.

Көкек

3.Бүйректе түзілетін сұйық зат.

Зәр

4.Организмнің жеке дамуы .

Онтогенез

  1. «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті атайды

Қына

6.Кеңірдектің  ұзындығы

9-13см

  1. Қай құста мүлде ұя болмайды.

Көкек

  1. Инфекциялық жұқпалы ауру. Бұл ауруды халық арасында құрт ауруы деп атайды. Бұл тек жұқпалы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік ауруға жатады. Науқас адам, ауру жануарлардың сүтін, етін жегенде, ауа арқылы да жұғады. Бұл ауру қалай аталады?

туберкулез

 

ІІ-топ

1.Көзге көрінбейтін ұсақ ағза.

Бактерия

2.Екі ағзаның селбесуінен пайда болған ағза.

Қына

3.Дәрі-дәрмек алынатын зең саңырауқұлағы.

Пенцилл

4.Ауру туғызатын бактериялармен жаппай ауру .

Індет

5.Жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

Вирус

  1. Француз ханшасы қандай өсімдікпен өзін әшекейлеген ?

Картоп гүлі

  1. Диірмен тасын теуп сындырыпты дейтін аңызда айтылатын құс?

Ителгі

  1. Ертедегі қазақтардың тамағы ет пен нан болған, сонда да, жаппай авитаминоз ауруына шалдықпаған. Мұның себебі неде?

ауа, су, топырақ, өсімдік таза болған

«Қызықты  сандар»  Бұл тур кезеңінде бойынша ұпай санын  (10,15,20) таңдау арқылы сұрақтар қойылады.  Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

 

«Зерттеушілік  жоба»

Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау.Дәрілік  өсімдіктер:

І-топ   Алоэ

ІІ-топ  Адыраспан

 

«Ең,ең,ең…» қызықты  мағлұматтар  жинағы.

«Логикалық  есептер»  биология пәніне  байланысты  есептер.

«Тұлғаны  таны.»  биологияға  еңбегі  сінген  ғалымдарды  тану
Қорытындылау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *