Әліппемен қоштасу ертеңгілігі (Презентация)

Атамекен ауылы
Атамкен ауылының орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдилова Алма Сериковна
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор:
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата:
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа, халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
1-оқушы: Махаббат
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы:Гаухар
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы:Аскар
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Б Айдын
Қане беріп қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» «ӘЛІППЕ» сөздері шығатындай
( О,Т,А,Н,Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.
1-оқушы:Наржол
Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
2-оқушы:А Айдын
Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
3-оқушы:Ахсунхар
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
 

4-оқушы :Алмас
Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.

Хор: Бесігін елдің тербеткен

анамсың, байтақ Отаным!

нәр алып, ерте ержеткен

мен дебір ерке ботамын
Мұғалім:
Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:
-Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.
Білмесбек:
-Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді мақалдар құрастырып, оқу сауатымызды көрсетейік.

 

 

«Ойлан тап »Ойыны

Мақалдарды дұрыс оқу үшін сандарды өсу ретімен орналастыру керек. Содан соң шыққан сөзді оқимыз.Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді)
Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш.

  1. «Әріптер әлемі» сайысы:(қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
    2.«Теңге алу» ойыны:
    (жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).
  2. Мақалды жалғастыр:
    Оқу-білім бұлағы,
    Білім-өмір шырағы.
    Оқу-инемен құдық қазғандай.

 «Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)

«Папури» биі.

ІІ- жүргізуші:
Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен)
Қыздардың орындауында би.
1-оқушы:Алмас
«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.
«Қамажай» биі.
Әліппе:
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім:
-Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық. Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
 «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
 «Сандар әлемі»
Әлемде үлкен ел бар. Бұл едің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік.  «Санамақ»

Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *