Әліппемен қоштасу

Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
«Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ
Рамазанова-Кадыш Лаура Серикполовна
Бастауыш сынып мұғалімі

Әліппемен қоштасу
Мақсаты:
Көрнекілігі: винетка, құмыра мұғалімнің фотосымен, құмырадағы өсіп тұрған гүлдерде халима мен Нұрайдың фотолары жапсырылады, лента жазумен,  жапсырылған қоңыраулар, самоклейка (сары, қызыл, жасыл, көк). Қиылған жазулар. Жұлдыздар-мақал жазылған. 2 мадақтама. Киіз үй, қуыршақ, буклет зиялы адамдардың портреті. Қораптар (ана тілі, әліппе) жазылған. Домбыра, ламинат ақ бет
1-жүргізуші: (Тимур)
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Әліппе мейрамханасына қош келдіңіздер! Бүгін біз жай жиналған жоқпыз. Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына арналып отыр.
Көрініс: (Даяна, Ақмарал, Гаухар)
Әліппені ортаға шақырайық! Әріптердің иесі әліппеге шексіз алғысымызды білдіре отырып, демалыс сауықтыру орталығына жібергелі отырмыз!
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым данасы
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы (М. Мақатаев)
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме,құрметті оқушылар! Құрмет көрсеткендеріңізге рақмет. Ер жігіттің үш жұрты болады. Мен өзіммен бірге осы қуанышты бөлісуге туған туысқандарымды шақырдым. Өз жұртым дауысты дыбыстар. Нағашы жұртым-дауыссыз дыбыстар. Қайың жұртым- ъ-ь белгілер.
Әліппе: Мен бүгін қиындық пен қызықты бірге бөліскен жан досым, ұстазымды қонаққа шақырып едім. Сол кісі бар ма? (2 оқушы мұғалімді ортаға алып шығады).
 Мұғалім: Уақыт… Уақыт- жарыса ескен жел секілді, бір күннің артынан екінші күннің қалай туып, жатқанын байқамай қаласың.
Уақыт-жөңкіле көшкен бұлт секілді, бүгінгі күніңнің қалайша өзіңнен алыстап бара жатқанын аңғармай қаласың.
Уақыт-жарыса аққан су секілді, ертеңгі күніңнің қалай жақындап қалғанын байқамай қаласың. Шынында да 2 тоқсан тез зымырап, өте шығыпты. Ол біреуге аз, біреуге көп көрінер.Бұрынғы сәттерің кімнің есінде қалған екен?
1-                          Әділет
Ол менің есімде:
Есімде ұстаздың алғашқы қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
2-                          Тимур
Иә, иә есімізге енді түсті. Ол кезде біз әр үйдің мәпелеген кіп-кішкентай ерке балалары едік.
Тіпті кейбіреуіміз мектепке кіруден қорқып, әндете жылағанбыз.
Кейін үйрене келе барлығымыз барлығымыз бір-бірімізге бауыр басып,
бір отбасының балаларындай достасып кеттік емеспе?
Әліппе:Айтпақшы, алматы қаласындағы мен шыққан «Атамұра» баспасынан әлектрондық поштамызға жаңа ғана хат келді. Сол хатты  бірге оқиық.
(Халима, Нұрай кезек-кезек оқиды).
Хаттама: «Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар». Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз.
Ана тілін ренжітпеңдер!».
1-жүргізуші:
Армысыздар, ұстаздар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2- жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
3-жүргізуші:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер. Абай-қазақ халқының ұлы ақыны.
Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі


Ана тілі:

Шарықтап қиялың,
Зердеңе ой құямын.
Бір-бір мектеп-Ыбырай,
Абай, Ахмет зиялым
Табыстырам бәрімен.
Өлең-жыры, әнімен
Өрісіңді кеңейтіп,
Шежіре айтып әріден
Қысқы ілім-білімнің
Бәрі, бәрі, бәрі –мен

Тапсырмалар кетеді: «Қазақ тілі» аулына барады.
1. «Әріптер әлемі» сайысы: (қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
2.«Теңге алу» ойыны:
(жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).

3. Мақалды жалғастыр:
Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
Оқу-инемен құдық қазғандай.

«Ұлттық мұражай, ұлттық киімдер» Сөздік диктант.
Шапан, ішік, сәукеле, тақия, бөрік (дыбыстық буындық талдау жасау).

«Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешін тапсаңдар бір сөз шығады.
Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2.Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3.Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4.Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы Басталған қай әріптен? (П)
5.Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6.Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
 

 
Халима:                                        

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды
Әліппені бітірдім
Бала болдым ақылды.
Көп нәрсеге үйреттің,
Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Нұрай:
«Музыка елі» «Ақ көгешін»  әні (Халима, Нұрай)

«Ыбырай ата»

Жырын жаттап саламыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз-
Ұстаздардың ұстазы.
Ұран тастап көп елге,
«Кел, балалар оқылық!»
Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық
Оқығаннан кезінде
Озған алғаш сол екен.
Әліппенің өзін де,
Жазған алғаш сол екен.

Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
 «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2.Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).
 «Сандар әлемі»
Әлемде үлкен ел бар. Бұл едің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, санасаң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік.  «Санамақ»
 «Музыка елі»   «Би»  (Халима, Нұрай)  (Грамата беріледі)  «Мың бұралған биші», «жез таңдай әнші»

«Жаңылтпаш жарысы»:
Қаппақ деме қалпақты,

Тапақ деме тақпақты.
Апақ деме апппақты
Шапақ деме шақпақты
Жаңылтпашты кез келген
Жылдам айту, тәсілі,

Буындары тіл бұрар
Жаңылтпашты күрделі
Қане, жылдам кім құрар?

Көрініс: Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала».(ана тілі) Дәл сол жерде ойналады.
Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.
Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді құқсат болса мен кетейін.
Халима:
Таныстырған 42 әріппен,
Қош менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, сауатты адам санатына кіргенім.
Әліппе: Қош болыңдар:
Қорытынды:
Кітапханашы: Гофмон Е.А. (ана тілі)
Кір шалмасың беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің «5»-ке толсын!
Қожанасыр:
Тимур: «Мектеп әні»
Лента:
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *