Әліппе — білім бастауы

Мұхан АрнаМаңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
№1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Мұхан Арна Ордалықызы

Әліппе — білім бастауы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.  Әр оқушының іс-әрекеттер арқылы икемділігін, шығармашылық қабілетін арттыру. Отанды сүюге, үлкенді құрметтеуге, өзін-өзі дұрыс басқара білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: безендірілген зал, қанатты сөздер
Жүрісі:
Мұғалім:
-Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар! Бүгінгі 1 в сынып оқушыларының «Әліппе-білім бастауы» атты мерекелік салтанатқа хош келдіңіздер!  Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндер, бүгін міне әріп танып, хат жазып, сол алған білімдерін білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, ата-аналарына көрсетуге дайын.
Балаларымыздың мектепке келгенде ең алғашқы білім сатысы, ол – Әліппе. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанаты той.
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін таратылған баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
Оқушылар ортаға шығып, қаз-қатар тұра қалады.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың!
1-оқушы: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін
Біз үлгілі боламыз
2-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
3-оқушы: Әр күнім алып келер жаңалықты,
Тоқимын, оқып, біліп жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,
Жаным да сағат сайын жаңарыпты.
4-оқушы: А-ны айтқанда дауысым дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын,айырып буынды енді.
5-оқушы: Жүректерге сүйікті  ең бір жақын,
Абай деп атамның атын жаздым.
Жатқа жазып ата –ана есімдерін,
Күнім бұл ең  бірінші мақтанатын.
ХОР: Әліппе.
Мұғалім:    Бар білімнің бастауы
Бар білімнің бастауы
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан.
Хормен: Ол сүйікті Әліппе /3рет/
Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға,
Білім деген ғылымның
Әліпесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Жақсы бала білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік, не болдік,
Қане, ортаға салайық!
6-оқушы: Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сом алтыннан,
Әліппе-білім бесігі
7-оқушы: Білімдіге жол бастаған
Әліппем, саған мың алғыс!
Оқы деп  ұран тастаған
Әліппем, саған мың алғыс!
8-оқушы: Әліппе, деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа!
9-оқушы: Үйретті бізді Әліппе
42 әріпке
Сөз, сөйлем құрап  әріптен
Лайық болдық дәріпке.
10-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Әліппе: Олай болса, балалар әріптер туралы жұмбақ айтыңдаршы

Жер өлшейтін
Белін буып алған
Бұл қай әріп?
Алдыңнан тап болар
Әр үйде бір қапа бар.
Қосылса 1,3 арасы
Қандай әріп қарашы
Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Қос бүйірін таянып
Тұратығын қай әріп?
Кәдімгі телеграф бағаны
Кейде ұқсатасың балғаны

Білезікке қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Ә: Жарайсыңдар, балалар, әріптерді танисыңдар, енді қосып оқуға қалай қарайсыңдар?
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады Қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші…..
АНА ӘКЕ БАЛА
Әліппе: Білімнің көп қой саласы
Әліппе соған жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың!
Ризамын, құрметті шәкрттер,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
Ана тілі атты ағам бар,
Сендерді жетелеп әкетер.
Әліппе кетеді, ана тілі келеді
Ана тілі: Сәлем, достар!
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен,
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі болам білімнің.
11-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана! Қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.
Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыздар.
12-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрби
Мектеп деген даналардың мекені
13-оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
14-оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Қанат қағар білім алып өзіңнің,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Бәрі: Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ән: Мектебім
15-оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
16-оқушы: Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым.
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным
17-оқушы: Үйретіп
Бәрі: Үйреткен іс сазын
Мың алғыс ұстазым!
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Білім әлемінде сендер жалғыз болмайсыңдар. Білім нәрімен сусындатар ұстаздарың әрдайым жандарыңнан табылар.
Әліппені меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңыздың қосқан үлесі де орасан зор.
Балаларымыздың келесі ақ тілегі өздеріңізге арналмақ!

18-оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алам, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
19-оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың.
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың,
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашың.
20-оқушы: Ата-ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тілегі
Адал болып өскенің.
21-оқушы: Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз
Жақсы оқып қуантып
Күнде бестік алдвқ біз!
Ән:Ата-анамыды тыңдаймыз.
Би: Тентегім
Мұғалім: Бәріңізді табыстырған Әліппе!
Әріптермен табыстырған Әліппе!
Бұл өмірде білім алған адамның,
Болашағы әрқашанда жарық де!
Сөз кезегі қонақтарға беріледі.
Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, уақыттарыңызды бөліп, қатысқандарыңызға рахмет!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *