Әнші құмдар

ән5Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы Архангелка орта мектебі

Кузинбаева Тендык Исымовна

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім

Қысқа мерзімді  жоспар

6  сынып қазақ тілі сабағы

Апта    Күні  Сабақ  (кесте бойынша)     

Модуль 

Сабақтың тақырыбы Әнші құмдар
Сабақтың мақсаты    

 

   Бел   Еліміздегі сиқырлы, ғажайып жерлермен таныса отырып, адам үшін табиғаттың

маңыздылығын түсіне біліп, табиғатты қорғауда  өз үлесіміз туралы

сөйлесу. Оқу,  пікірлесу, шешім құрау, өз ойын ортаға салып сөйлесу

дағдыларын дамытып, сөз қорын байыту. Табиғатқа қамқорлықпен қарап,

оны сақтап, қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

 

Қазақстан табиғаты туралы айта біледі,  қос сөздердің жазу емлесін дұрыс  пайдалана біледі. Сыни  тұрғыдан анықтау арқылы өздігінен іздену дағдыларын үйренеді.
Сабақтың түрі Дәстүрлі  сабақ
Оқыту түрлері жұптық жұмыс
Ресурстар Компьютер, презентация, суреттер, қосымша мәтіндер
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе

Жоғары дәрежелі сұрақ қою

Амандасу

 

Кім кезекші? Бүгін ауа райы қандай? Табиғат   қалай өзгеріп  жатыр?  Неге өзгереді?

(дарынды балаға арналған сұрақ)

Амандасады

Кезекшінің сөзі  Талантливые и одаренные

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

  1.Жуан\жіңішке сұрақтар топтамасы

Табиғатты қорғау үші не істеуіміз керек?

Неге қорғауымыз керек?

2. эссе жұмысына қорытынды жасау

 Оқушылар бір\біріне сұрақ қояды. 1-жай,2-жуан сұрақ

 

Бағалау

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Бекіту

 

 

 

Ү. Қорытынды

 Рефлексия

Үй тапсырмасы

1.жұпқа бөліну- «Қиықша суреттер».

–суреттерде нелер бейнеленген? Табиғаттың қандай жерлері, сурет бойынша 1-2 сөз тіркес

2.   презентация көрсетілімі

-Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын  анықтау. Қосымша мәтінмен жұмыс: семантикалық картаны толтыру

Табиғи атауы Орналасқан жері Қай жылы құралған Неге әнші құмдар дейді? Мені не қызықтырды
         

 

4.грамматикалық  экспедиция: Қос сөздер-ережемен жұмыс –жұп-біріккен сөздер,2- қос сөздер

Мәтіннен мысал келтіріп жазу

5. Фишбоун  құру,

5 жол өлең құрастыру  құмдар

Сабақта қойған мақсатымызға жеттік пе? Өздеріне  қандай баға қоясыңдар? Неге?

 Интернеттен мәлімет іздеу

2 жұпқа бөлінеді

Таулар, ормандар

 

 

 

 

Кестенің бағаның толтырады, бағалау

 

 

 

Жұптар бір-біріне сұрақ қояды

 

Екі жұп бірігіп, бір фишбоун құрады , бағалау

 

Модуль «Жаңадан оқыту»

 

 

Қазақстанның кең байтақ жері әлі күнге дейін сыры ашылмаған, талай құпияларды бойына сақтап келе жатқан ерекше табиғатымен танымал. Тауды да, тасты да, шөлді де, көлді де бір арнаға сыйғыза алған табиғаттың құдіреттілігі мен қасиетін еріксіз мойындамасқа амал жоқ!!!

ән1

Табиғат кешенін, археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштерді, өсімдіктер мен жануарлардың сирек  кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында ұлттық табиғи парктер жұмыс істейді. Соның бірі, 1996 жылы құрылған «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Айғайқұм немесе Әнші құм» атты құмды төбені өз қамқорлығына алған. Алтынемел ұлттық қорығы кезінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапарында пана болған деседі.

ән2

Әнші құм, Айғай құм – Алматы облысы Кербұлақ ауданы жеріндегі Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе, ал, Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған.

ән3

Екі жақтан соққан желдің әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас әуезді дыбысты естуге болады. Шығыстан соққан желдің күші ұлғайған кезде биіктігі 150 метрлік құм таудың басына қарай шоғырланады. Осы кезде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайтын дыбыс естіледі. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде орын алады екен.

Атағы көпке тараған Айғай құм туралы ел аузында талай аңыз-әңгімелер қалыптасқан. Аңыздың бір нұсқасы бойынша Айғайқұмдағы әуезді кері пиғылды, іші қара ниетке толы адамның құм астында қалып, жаны қиналғаннан қысылғанда шығатын даусы десе, екінші нұсқада дуаланған сұлудың дауысы делінеді.  Құмды таудың басына шығу оңай шаруа емес, кімде-кім таудың басына қиналмастан жететін болса, сол адамның асқақ арманы орындалады, ал жете алмаған адам күнәхар болады деген  наным-сенім де бар.Ән салып тұратын мұндай әуезді құмтөбе дүниежүзінің алты елінде ғана бар көрінеді. Тастақ далалы жерде құмды таулардың болуы таңқаларлық әрі құпиялы құбылыс болып отыр.

Мемлекет қамқорлығына алынған мұндай тамаша табиғат ескерткішін көру үшін, әлемнің түкпір-түкпірінен саяхаттаушылар ағылып келіп жатады.

ән4

Өзіміздің туған өлкедегі осындай таңғажайып жерлерді көрмей жатып, шет елдің табиғатын көру үшін шекара асудың өзі туған табиғатымызды қадірлемеу, бағаламау деп санаймын.

[bws_related_posts]

 

1 пікір

  1. Үлкен рахмет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика