«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: Ақсай негізгі мектебі Мерзiм: 12.03.2018ж.

Мұғалiм: Тулебергенова А.Х.   Сынып: 5 «А»    Оқушылар саны: 5

Тақырып: Адам мінезі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, адалдық, сабырлылық.

Мақсаты: оқушыларға адамның мінезінің жақсы болуының маңыздылығын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1.     Оқушыларға әдептілік қасиеті туралы түсінігін кеңейту;

2.     Оқушылардың адалдық қасиетін дамыту;

3.     Оқушыларды сабырлылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

1.     Тәртіп

2.     Талап

3.     Тыныштық

4.     Тазалық

5.     Татулық

2. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырамыз, денемізді түзу ұстаймыз. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземізге немесе үстелге қоюға болады. Көздермізді жұмуымызға болады.

Елестетіп көрейік: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз тек жақсы жерлерге апарады.

Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

 

Үй тапсырмасын тексеру

№ 9 сабақ. «Ұстаз бен шәкірт» аңызын оқу.

– Мұғалімнің  Бұлбұлға қойған сұрағы қандай болды?

– Бұлбұл кім болғысы келеді?

– Әнші болу үшін мұғалім қандай талаптарды меңзеді?

– Ертесінде өткен ата-аналар жиналысынан Бұлбұлдың анасы ұстаздың көкейіндегісін түсінді ме?

– Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалып,  не туралы сөйлесті?

– Ертесіне кезіккен қарияның алдағы Бұлбұлдың іс-әркеті қандай болды?

– Бұлбұл әнші болу үшін бірінші бойына қандай қасиеттерді сіңірді?

Ескерту

«Волшебная композиция»

Дәйексөз.

«Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе – ізгі іс немесе мінезі түзулік»                                                              

Нақыл сөз

– Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2 рет қыздарға айтқызу,  2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып  шығады. Дәптерге жазып алу.

Дәптер
Әңгiмелесу (сұхбат). Мұғалімнің сыйы.

Бір күні Айман анасымен автобусқа мінді. Орындықтар бос болып, екеуі де орынға отырды. Бірнеше аялдамадан кейін автобус толды. Айманға үлкендерге орын беру ойына да кіріп шықпады. Бір мезетте автобусқа үлкен әжей кірді. Үлкен әжейге Айманның анасы тұрып орын берді. Айманның бойын ұят кернеп, қызарып кетті. Автобустан түскен бойда Айман анасынан жасаған қылығы үшін кешірім сұрап, келесіде қайталамайтындығын айтты.Айманның анасы қызының іс-әрекетіне ризашылығын білдіріп, басынан сипап, маңдайынан сүйді.

– Айман мен анасы қайда мінді?

– Автобусқа біраздан соң кім мінді?

– Айман не істеді? Анасы ше?

– Айман неге өз қылығы үшін ұялды?

– Айманның бойында қандай өзгерістер болды?

 

Шығармашылық жұмыс. Топтық.

Біріктіру. Мақал-мәтел құрастыру арқылы топтастыру.

Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.

 

Тәрбиелі адам-тағалы атпен тең.

1. Суреттерге қарап, өз ойларымен бөлісу. Қандай іс-әрекеттерді  жақсы мінезге жатқызуға болады.

Іс-әрекеттер көрсетілген суреттер
Топпен ән айту. Дос туралы жыр

 

Іздегенде табылатын қасыңнан
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досыңнан

Жан досым, үстем болсын мерейің
Әрқашан жеңісіңді көрейін
Сырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін
Жырымыз да бітпесін

Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар жүріп гүлімізді сан аштық
Жол тапсақ біз бірге жүріп жол таптық
Адассақ та бірге жүріп адастық
Жан до/сым, үс/тем бол/сын ме/ре/йің
Әр/қа/шан же/ңі/сің/ді кө/ре/йін
Сы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін

Жан до/сым, үс/тем бол/сын ме/ре/йің
Әр/қа/шан же/ңі/сің/ді кө/ре/йін
Сы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін

Ө/мір ө/зі ар/қа/мыз/ға жүк са/лып
Бә/рі/міз/ді қия/лар/ға жұм/сады
Қа/тар ұш/қан құс/қа ұқ/са/дық әл/де біз
Қа/тар жан/ған е/кі шам/ға ұқ/са/дық

Жан до/сым, үс/тем бол/сын ме/ре/йің
Әр/қа/шан же/ңі/сің/ді кө/ре/йін
Сы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін

Жан до/сым, үс/тем бол/сын ме/ре/йің
Әр/қа/шан же/ңі/сің/ді кө/ре/йін
Сы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін
Жы/ры/мыз да біт/пе/сін
 

 
Үй тапсырмасы.

10 сабақ. «Ағаш – жемісінен, ал адам ісінен білінеді» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Оқулық, дәптер
Сабақтың қорытынды минуты.

Баяу әуен қойылады.

Көзді жұмамыз. Сіз – Нұрсыз, Сіз – Қуанышты, Бақытты жансыз. МЕН РИЗАМЫН! Көзді ашамыз.

«Волшебная композиция»

 

[bws_related_posts]

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Яндекс.Метрика