Өміріңізді бос өткізіп жатқандығыңыздың белігілері

omirӨміріңізді бос өткізіп жатқандығыңыздың белігілері

 Сіз өміріңіздің бос өтіп жатқанын байқамауыңыз мүмкін.

Психолог практик Кэрл Морган өзінің тыңдармандарына мынадай екі сұрақ қойды, бала кезіңізде кім болғыңыз келді, арманыңызға жеттіңіз бе? Кімнің арманы орындалмады ол оларға өмірдің бос өтіп жатқандығының 13 белгісін көрсетті.

Сіздерің назарларыңызға Кэролдың мақаласын аударып жеткізуге тырыстық. Азда болса бақытты болатын шақтарыңызға үлес қосқымыз келді.

1. Сіз кей заттарға көп уақыт бөлесіз.

Ол дүниелер сол уақыттың құнын өтей алмайды. Видеоойындар, Теледидар. Интернет. Көп тамақ. Ішімдік. Бұлардың тізімін жалғастыра беруге болады. Өз өмірлеріңізге сау көзбен қараңызшы. Сіз өміріңіздің көп бөлігін қайда өткізесіз.  Ол сізге пайда әкеле ме? Ол сіздің өміріңізді жақсарта ма? Егер пайда әкелмесе, тез арада күнделікті тірлігіңізге өзгеріс әкелу керек.

2. Сіз көп шағымданасыз.

Мен сондай адамдарды білем, өмірге риза емес, олар өмірге шағымданудан жалықпайды. Сіз солардың біреуіненсіз ? Сіз жұмысыңызға, басшыңызға, жалақыңызға, көршіңізге, жолдасыңызға шағымданасыз. Онда сіз ештеңе өзгентпейсізде жан-жағыңызға негатив энергия таратасыз. Шағымдану сізді дағдарысқа ұшыратады.

3. Ақылыңыңды пайдаланбайсыз

Егер сіз тұлға ретінде дамымасаңыз, онда сіз көлеңкеде өспей қалған жеміс секілді боласыз. Ол сіздің дене пішініңізде болмаса да, ақылыңыз дамымай солып қалған жеміс секілді болады. Егер өзіңізді белсенді түрде дамытпасаңыз, жаңа білімдер алмасаңыз Қиындық пен проблема адамды шынықтырып, ақылын жұмыс істеткізеді.

4. Сіз өзіңізбен жағамсыз диалог жүргізесіз.

Ішкі диалог сіздің болашақ тағдырыңызды шешу мүмкін. Генри Форд айтқандай «Сіздің ойлағаныңыздан тыс, ойыңызды іске асыра аласызба, асыра алмайсыз ба, маңызды емес, сіздікі дұрыс». Егер сіз қызметте өсуде, немесе бизнеспен айналысуға ақылыңыз жетпейді десеңіз-бұл шындық. Егер өзгеру үшін шаршадым десеңіз –бұл шындық. Өзіңіз туралы не айтсаңызда, бұл сіздің шындығыңызға айналады. Ойыңызды бақылаңыз, өмір ойыңызбен сәйкестене бастайды.

 5. Сіз өзіңіз шабыттанбайсыз

Сіздің бір заттарға деген қызығушылығыңыз бар ма? Көп адамдар менің ешқандай қызығушылығым жоқ дейді. Бірақ ондай болмайды. Сіздің бір дүниені істегенді жақсы көруіңіз керек. Өзіңіз үшін қызығып істейтін дүние табыңыз.

6. Сіз өз болашағыңызды жоспарлайсыз ба

Әрине бүгінгі күнмен өмір сүріп, өмірдің рахатын сезген жақсы, бірақ алға қарап қайда баратыныңызды жоспарлағаныңыз дұрыс. Егер сіздің мақсатыңыз бен жоспарыңы жоқ болса, сіз мақсатсыз, бағытсыз мұхитта жүзіп бара жатқан қайықпен теңсіз

7. Сіз сіздің дамуыңызға кедерге адамдармен көп уақытыңызды өткізесіз.

Сіздің дамуыңызға, жағдайыңыздың жақсаруына кедергі болатын адамдармен әңгімелесіп тұру ең оңай шаруа. Олармен бірге үнемі бұрынғы деңгейіңізде қала бересіз. Ондай достарда «энергетикалық вампир» деп атауға болады. Олар сіздің уақытыңызды алады, сізге пайдалы дүние бермейді. Маңайыңызда дамуға бағытталған адамдармен болыңыз, олардың қатарынан болу үшін.

8. Сіз өзіңіздің телефоныңызға тәуелдісіз бе?

Иә, таласым жоқ, қазіргі телефондар бес аспап. Не керек бәрі бар. Бірақ сол әдемі ойыншығыңызға қаншама алтын уақытыңыз кетті ойландыңыз ба?

Қандай жағдайларға зиянын тигізуі мүмкін. Сіз отбасыңызбен стол басында СМС жазатындардар және интернетке байланып қалатындардансыз. Сол уақытта жақындарыңызбен жақын болатын, болашаққа жоспар қуатын уақыттан айырылдыңыз.

9.Сіз қажетсіз дүниелерге ақша жұмсайсыз

«Маған қажет» пен «мен алғым келедінің» арасында айырмашылық бар. Біз бала бақша кезінен барлығын білеміз деп ойлаймын. Осындай адамдар бар кредитке белшесінен батқан. Бірақ олардың қолдарында гаджеттердің ең соңғы моделдері бар. Бірақ шынына келсек бізге тек: тамақ, су, баспана, жақын адамдарымыздың жанымызда болу ғана керек қой бізге.  Ал, қалғандары жай ғана бонустар. Сонымен ақшаларыңызды қайда шашып жүрсіздер соған қараңыздар. Сонда сіздерге барлығы түсінікті болады. Бір өзгеріс енгізе аласыз ба?

10. Ұйқыңыз қанбайды

Мен дәрігер емеспін. Бірақ ұйқының адам өмірі мен денсаулығына әсерін білем. Ұйқының режимін сақтау керек.

11.Сіз денеңізді күтпейсіз

Сіздің денсаулығыңызға тамақ пен спорттың маңызы ерекше. Иә сізде үшін ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпын. Дене жаттығулары мен тамақтанудың баланста болуы артық салмақты тастаумен қатар, психикалық жағдайыңызды жақсартады. Аздап тамақтану рационынынң көлемін өзгертіңіз, өзгерісті өзіңіз сезесіз. Ол сіздің өміріңіздің сапасына тікелей әсер етеді.

12. Сіз ыңғайлы (комфорт) зонадан шықпайсыз

Иә, ыңғайлы зонда өмір сүрген жақсы. Мен әрқашан бір ғана ресторанға барып, әдеттегідей бір түрлі тағамға тапсырыс берем. Ол тағам ұнайды, тек соған ғана тапсырыс берем.  Бірақ бұл сіз ойлағандай ыңғайлы (комфорт) зона емес. Өміріңізді жақсарту үшін тәуекелге бару керек. Бірақ «тәуекел» мен «есептелген тәуекел» арасында айырмашылық бар. Кез келген тәуекел ауыр болу мүмкін. Бірақ есептелген тәуекелде сіз, салмақтап, тексеріп жақсы жоспар құрып барып тәуекел етесіз.

13. Сіз өзіңізге ұнамайтын өмірмен, өмір сүресіз.

Жетістікке жетудің бақытты болу деңгейімен өлшеймі. Сіз расыменде бақыттысыз ба? Егер бақытсыз болсаңыз, өзгеру керек. Қанағат сезімі де сізге толық өмір сүріп жатапғаныңызды білдіреді. Өміріңіз сізді қуантатындай, одан разат табатындай жағдай жасаңыз. Егер осы 13 пунктерде сіз туралы болатын болса қамықпаңыз. Сіз әрқашан өміріңізге өзгеріс енгізе аласыз. Бірақ ең бірінші сізге қолымнан ештеңе келмейді деген ойдан құтылу керек. Көп жағдайда ең үлкен кедергі өзінің ойы.Сондықтан сойыңызды өзгертуден бастаңыз. Ойыңызды өзгерте отырып, өміріңізді өзгертіңіз.

 

Дерекөз Adme.ru
Аударған: sabaq.kz

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *