Өрмекші тәрізділер

Ақтөбе қаласы
51  гимназия
бастауыш класс мұғалімі
Медеуова Улболсын Доскайровна
Дүниетану   3  класс
Сабақтың тақырыбы Өрмекші тәрізділер
Мақсаты: Жануарлар кездескен жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтау ,
адамдарға жануарлардан жұғатын   аурулардың алдын алу
шаралары туралы таныстыру.
Білімділігі:        жануарлардың ерекше тобы- өрмекшітәрізділер туралы түсінік
қалыптастыру,өткен сабақтармен байланыстыра отырып,ерекшелігін байқауға мүмкіндік беру.
Дамытушылығы:  салыстыру, дәлелдеу арқылы талдау, жинақтау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелілігі:  табиғат қауіптерінен сақтануға,гигиеналық талаптарды орындауға
баулу.
Сабақтың көрнекілігі:жануарлар суреттері, слайдтар,бейнеролик, кестелер, ҚР
физикалық картасы және т.б.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, салыстыру,
топтаужәне т.б.
Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:  аралас сабақ
Сабақтың жүру барысы:
І. Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Топқа бөліну
Суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді. (балықтар,сүтқоректілер,жәндіктер,құстар)
 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1  топқа   «Топтастыр»  (балықтар, сүтқоректілер, жәндіктер, моллюскалар,қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар)
2 топқа  «Ажырат» Ақтөбе жеріндегі жануарларды ажыратып алу.

  • 3 топқа   «Сипатта»   Мына жануарды сипатта. (ит, тышқан, құс,мысық, көбелек)

жануарлар

4  топқа  «Жинақта»

 

ІІІ. Қызығушылықты ояту

1. Суреттердегілер туралы не білесің? Қалай аталады?

(Өрмекшітәрізділер,қарақұрт, өрмекші, бүйі, кене)

2 . Күн жадын,тақырыпты жазу, бүгінгі ауа райын жазу.

3 . Сабақтың мақсатын таныстыру.

ІҮ. Мағынаны тану.

  • Әр топ мәтінді бөлінген бөлімдер бойынша оқиды.

1  топқа   Өрмекшілер туралы

2 топқа    Қарақұрт

3 топқа   Бүйі

4  топқа  Кенелер

  • Топпен жұмыс Кестені толтыр.

Өрмекшітәрізділер

Жәндіктерден айырмасы жәндіктерде алты аяқ, өрмекшітәрізділерде аяғы сегіз
Дене пішіні,түсі сан алуан, әртүрлі
Пайдасы зиянды жәндіктерді құртады
Жемін ұстауы өрмек құрады, шырмап алып, сөлін жібереді, сорады.

Қарақұрт

Қайда тіршілік етеді? далада, шөлде, елді мекендерде, иесіз қалған жерлерде
Қоректенуі жәндіктер, ұсақ кесіртке,өрмекші, сарышаянмен
Зияны шағады, ауруға шалдықтырады, өлтіріп жіберуі мүмкін
Түрі құрсағы домалақ, ақ, қызғылт теңбілі бар, қара барқыт түсті

Бүйі

дене  үзындығы төрт см ге дейін
қайда кездеседі шөлде, өзен көл жағалауы
көбеюі маусымда, 300 жұмыртқаға дейін
бүйі шаққанда бас айналады, дене қызады т.б

Кене

Қайдан жабысады? ағаштардан, шөптерден
Шаққанда не істеу керек? бензин, спирт йод, қысқышпен алу
Орман кенесі қай мезгілде көп болады? көктемде
Қандай ауру тудырады? кене энцефалиті

 

Әр топ сөйлеген соң слайд көрсетіп тұру

      Сергіту сәті   «Таза ауада»

Мұғалім сөзі

Құс жейтін өрмекші, ең улы өрмекші туралы

Алматы, Ақтөбе облыстарындағы қарақұрттың жайлауы туралы жаңалықтар

Ү. Ой толғаныс  Зерттеу жұмыстары

1.   Кене мен инелікті салыстыр (муляж)

2. Картадан шөл, далалы аймақтарды көрсету

3. Энциклопедиядан тауып айту. Өрмекшінің қорегі

4.  «иә», «жоқ» жауаптарын таңдау

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Үйге тапсырма:

Мәтін мазмұны 92- 94 беттер

Үлкендерден сұхбат алу.

Бағалау жұмысы

Бағалау парағы бойынша бағаланады.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *