«Өр рухты ақын» М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы

maqambet Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Шошаева Азатгуль Бериковна
Тақырыбы: «Өр рухты ақын» М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығынан мәлімет беру. Тарихи деректер мен тарихшы ғалымдардың пікірлерін оқушы санасына қалыптастыру.
Білімдік мақсаты: ақын өмірі, шығармашылығы, ерлік істері, тарихи жағдай туралы білімін актуалдандыру, ақпаратты қысқа да, нұсқа тұжырымдау;

Дамытушылық мақсаты: Қосымша деректерді дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ізденіске жетелеу, көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүйе білуге, ерлікке тәрбиелеу
Түрі: жаңа білімді игеру
Әдісі: ой қозғау, тыңдалым, мағынаны тану, сұрақ — жауап, рефлексия: бес жолды өлең.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, слайд, тірек — сызба
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
ІІ. “Қызығушылығын ояту” сабақты болжап табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақын өмірінен деректер “Өмір — дерек” видеоролик
ІҮ. Мағынаны тану
Ақпараттық (М. Өтемісұлының шығармашылығымен жұмыс)
Ү. Рефлекция
(Бес жолды өлең құрастыру)
ҮІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру
(Балалардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру)
ІІ. Қызығушылығын ояту
Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін тыңдату арқылы сабақ тақырыбын болжап табу. Оқушыларға қосымша көмектер беру:

Батыс Қазақстан тумасы
Көтеріліс басшысы, ақын.
Нарын құмында туған.

Сабақ тақырыбын анықтаған соң, күннің жадын, жаңа тақырыпты тақтаға жазу.

«Махамбет — қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі… Махамбет жырлары — өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні.”

• Мұхтар Әуезов
Үш бөлікке бөлінген графаны слайдпен көрсету.

Не білемін?

Білгім келеді…

Не білдім?

Балалар дәптерлеріне кестені сызады. Толтыру
Бүгін Махамбет Өтемісұлының өмірі және шығармашылығы туралы танысамыз. Махамбет ақын туралы біз төменгі сыныптардан білеміз. Қазір сендер сызған кестені толтырыңдар. Білемін деген бағанға батыр туралы өздерің білетін мәліметтерді толтырып жазыңдар. Білгім келеді деген бағанға нені білгілерің келетінін жазып шығыңдар. Не білдім? деген үшінші бағанды сабақтың соңында толтырасыңдар.

Не білгім келеді? Бойынша мұғалім келесі сабаққа қосымша дайындалып келеді.

Білемін деген бағанға оқушылар толтырады.Мысалы:
Туған жылы, жері. батыр, ақын
«Қызғыш құс» «Бағаналы терек
Ерлігі, күйшілігі туралы
ІІІ. Жаңа сабақ

«Атомдар мен малекулалар» ойыны бойынша сыныпты 2 топқа бөліп аламын.
Ақын өмірінен деректер “Алып шаһар” видео ролигі көрсетіледі

Сынып 2 топта жұмыс жасайды. Тыңдалым материалдары бойынша әр топ бір-біріне 2-3 сұрақтан дайындайды.

ІҮ. Мағынаны тану
(Кітаппен жұмыс жасау)
1-топ: “Ереуіл атқа ер салмай…”
2-топ: ”Мұнар күн”

1-топқа тапсырма.
1) «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін мәнерлеп оқып,идеясын айт.
2) Өлеңнен сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарды тап.
Жауабы. 1.Мәнерлеп оқиды. Бұл өлеңде ақын тек халқына рух беріп,намысын қайрап, күреске шақырады.
2. Сөз тіркестері:ереуіл ат,егеулі найза,алты малта ас,тебінгі жер,түн қатып

2- топқа тапсырма.
1) «Мұнар күн» өлеңін мәнерлеп оқы.Өлеңде ақын не туралы айтқан?
2) Ақын өлеңдерінде жиі кездесетін сөздерді тап.
Жауабы. 1. Мәнерлеп оқиды.Ақынның Исатай өліміне арнаған мұң мен өкінішке толы элегиясы
2.Жиі кездесетін сөздер:мырза,ер,оқ,қылыш,дұшпан т.б

 

Қосымша мәлімет бере кету.

Махамбет Өтемісұлының шежіресі
Жаубасар  Құлмәлі Өтеміс Тоқтамыс Бекмағамбет Қожахмет Махамбет
Ысмайыл Досмайыл Сүлеймен Ыбырайым Әйіп Хасен

Махамбеттің күйлері
“Жайық асу” “Жауға шапқан” “Жұмыр қылыш” “Қайран нарын” “Өкініш”
Махамбеттің күйлерін орындап, халыққа жеткізіп жүрген күйші

Білім бекіту. Тексеруге арналған сұрақтар.
№1
1.Махамбет қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2.Махамбет пен Жәңгірхан туралы не айтасың?

3.1828-1831ж. Не болды?
4.Хан жасағын кім бастаған?
5.Исатай жасағы кімнің ауылын шауып алып, кімнің ауылын ойрандайды?
6.Исатай қашан қайтыс болады?

7.1840ж. Махамбетті кімдер ұстап алғысы келеді?

 

Ү. Рефлекция «Бес жолды өлең»
1 — жол – тақырыптың атау
Зат есім –( 1сөз)
2 — жол – тақырыпты сипаттайтын сөз
Сын есім – (2 сөз)
3 — жол тақырып туралы қимылды білдіретін сөз
Етістік (3 сөз)
4 — жол — тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
5 — жол — тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз бір сөз

Балалардың жазған бес жолды өлеңдерін оқыту

Сабақтың басындағы «не білдім?» графасын толтыру.

 

Мұғалім: Фариза Оңғарсынованың өлең жолымен сабағымды аяқтағым келеді.
Махамбет
Махамбет…
Білмеймін жел ме,сел ме
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме?

Сабық басында сызылған кестенің үшінші бөлімін толтырыу

ҮІ. Үйге тапсырма. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау. Өмірі мен шығармашылығын оқу

ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып отқан топты ауызша бөліп айту және оқушыларды жеке-жеке бағалау.

 (Презентацяны жүктеңіз)

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *