Өңдеу тақтайын дайындау

Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы
Ю.Гагарин атындағы мектеп
Калиев Жандос Байбатырулы

Сабақтың  тақырыбы: Өңдеу тақтайын дайындау.   

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ағаш материалдарынан үй тұрмысында     пайдаланатын бұйымдар жасауды үйрету. Жаңа  дизайн  талаптарына сай әсемдей білу.

Дамытушылық:  Оқушылардың шығармашылық шеберлігін, еңбекке      іскерлігін, икемділігін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс    жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас  сабақ.

Пән  аралық  байланыс: Сызу,сурет,география, биология, физика.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті  тақта,слайдтар,кесте,үлгі,карта.

Құрал-жабдықтар: Қол ара ,сүргі,сызғыш,қарындаш, тік бұрышты сызғыш, ф10 бұрғы,егеу,үлгі.

Күтілетін нәтиже: Еркін  жұмыс  істеуге  дағдыланған,сабақ              тәсілін жетік  меңгерген, достық  қарым – қатынасқа  бейім ,қауіпсіздік  ережесін сақтай  білетін ,  шебер  оқушы қалыптасады .

Сабақтың  жоспары:

I.Ұйымдастыру  кезеңі

II. Үй  тапсырмасын  сұрау

— Сұрақ – жауап әдісі;

— Бұйымды  тексеру;

— Технологиялық  картаны  тексеру.

III. Жаңа  сабақ .

— Cлайд  арқылы  жаңа  сабақты  түсіндіру;

—  Сарамандық   жұмыс.

IV.  Сабақты  қортындылау.

V. Сабақты  бекіту.

VI. Оқушы  білімін  бағалау.

VII. Үйге  тапсырма .

Сабақтың  барысы :

І . Ұйымдастыру  кезеңі.

ІІ . Үй  тапсырмасын  сұрау :

  • Сұрау-жауап  әдісі.

 «Ғажайып  қоржын»  ойыны

(қоржындағы  асықтардың  нөміріне  сәйкес сұрақтарға жауап  беру)

а) симметриялық  осьті  не  үшін  жүргізеді?

б) асылма жақтауларын қалай анықтаймыз ?

в) асылма   нұсқасын  қандай  құралмен  қиып  алады ?

г) тесікті қандай  құралмен  теседі ?

д) қабыршақтарды  қандай  құралмен  алады ?

ж) қаңылтырмен  жұмыс  істегенде  қандай  техника  қауіпсіздік     ережесін  сақтау керек ?

    —    Бұйымды  тексеру .

Қаңылтыр  материалмен  құлыптың  ілмегін  дайындап  келу .

  • Технологиялық  картаны  тексеру .

Дайындаған  құлыптың  ілмегінің  технологиялық   картасын  қағаз бетіне түсіру .

ІІІ . Жаңа  сабақ .

  • Слайд  арқылы жаңа  сабақты  түсіндіремін.

  • Сарамандық   жұмыс.

 

Жұмысты  атқару  реттілігі

                 Эскиздер

Құралдар  мен жабдықтар

1. Дайындаманы ұзындығы бойымен белгілеп алып, аралап  кесу

12.jpeg

Қол  ара , аралауға  арналған  тірек .

2 . Қалыңдығы  мен жиектерін  өлшем  бойынша  сүргілеу

42.jpeg

Сүргі , сызғыш , рейсмус .

3 . Тақтай  жиектерін  белгілеп   сызу .

7458.jpeg

Сызғыш , қарындаш , тік  бұрышты  сызғыш

4 . Тақтай  сабын  аралап  шығару ф 10 мм  тесік  тесу.

8569 - копия - копия.jpeg

Қол  ара , ф10 мм  бұрғы .

5 . Тақтай сабын  майдалап  шабу  және  өлшем  бойынша бақылау  жүргізу .

8569 - копия.jpeg

Зімпара  қағаз,              сызғыш

6 . Өңдеу  тақтайын  бояу  және  лақтау  арқылы  сәндеп  әсемдеу.

8569.jpeg

Қарындаш, қылқалам, майлы лак.

Өңдеу  тақтайын  дайындаудың технологиялық  картасы .

ІV . Сабақты  қортындылау .

V . Сабақты  бекіту .

а) Өңдеу  тақтайын  дайындау  үшін  қандай  материал  керек ?

ә) Өңдеу  тақтайын  дайындау  үшін  қандай  құрал –саймандар керек ?

б) Ағаш  материалмен  өңдегенде  қандай  техника  қауіпсіздігін сақтау керек  ?

в) Қазақстанның қай өңірлерінде орман-тоғайлар көп кездеседі?

VІ . Оқушы  білімін  бағалау .

VІІ . Үй  тапсырмасы :

Тақтай  бетіне  эскиз  суреттерін  салып  келу .

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *