Асқорыту жүйесін қорытындылау(биологиялық турнир)

ДанааааҚарағанды қаласы
№3 гимназияның биология пәні мұғалімі
Өзбек Дана Мұратханқызы
Сабақтың тақырыбы: Асқорыту жүйесін қорытындылау(биологиялық турнир)

Сабақтың тақырыбы:Асқорыту жолы және астың қорытылып сіңуі

 Мақсаты:Астың адам өміріндегі маңызы, асқорыту мүшелерінің қызметі туралы түсіну

 Міндеттері:

1)    Ас қорыту ағзаларын талқылап,орналасу ретін білу

2)    Астыңадамағзасындақалайқорытылатынынөзсөздеріменайтабілу;

Күтілетіннәтижелер:

  • ас қорыту мүшелерін ретімен айта білу
  • астыңқалайқорытылатынынәңгімелеу
  • топ арасындағы ынтымақтастық сақтау
  • бір-бірін өзара бағалай  алу

Ресурстар: Оқулық,  әдістеме, адам ағзасының суреті, Тыныс алу мүшелері мен  гигиенасы видеоролик, Асқорыту жолы видеоролик.

Оқыту әдістері: Психологиялық дайындық, топқа бөлу, үй тапсырмасы «Тыныс алу мүшелері» видеоролик арқылы сұрау, тізбек жасау, оқулықпен жұмыс, сергіту сәті, суретпен жұмыс, ой-толғау «Конверт-сұрақ», «Асқорыту жолы» видеоролик. Рефлексия.

Өзекті сұрақ: Асқорыту жүйесінің маңызы қандай? Астың қорытылуы мен сіңірілуі қалай жүреді? Қалай дұрыс тамақтану керек?
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. (оқущылар алдымен пазлдар арқылы топтарға бөлінеді)

Психологиялық дайындық.

  • Сәлеметсіздерме оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Сабағымызды бастамас бұрын бір бірімізге қолмен жест арқылы тілек тілейікші: (топтар бір-біріне тілек тілейді)

 

  • Балалар бүгінгі сабағымыз сәл өзгеше, біз бүгін «команда» болып өзара жарысамыз. Демек қатардан қалып қалмас үшін барлығың бірге жұмыла отырып, жылдам қозғалуларың керек. Жарысымызды бастамас бұрын команданың капитанын және команда мүшелерінің жұмысын бақылап, бағалап отыратын хатшыны сайлап алыңыздар. Ал жарысатын команданы әр кезең сайын мен бағалап отырмын

 

  • Жарысымызды бастамас бұрын шарттарымен таныстырып өтейін. Әрбір кезеңде межеленген уақыт болады, сол уақыт аралығында берілген тапсырманы аяқтауларыңыз керек, үлгермеген жағдайда баллдарыңыз азаяды, сол себепті команда болып жұмыс жасау қажет.

Қос шауыпкелі бар,
Екі алыпкелі бар.
Қос жол көргіші бар,
Екі үн сезгіші бар.
Жалғыз мол асары бар,
Кеуде қағары бар.
Ауа соғары бар,
Қорек қорабы бар.
Тағы… тағы..
Тоқсан жол торабы бар,
шешеді бұл жұмбақты.
Талпынған талабы бар. Бұл кім?
Жауабы: адам. — Демек біздер осы керемет механизмнің тағы бір ерекше құрылымы туралы білімімізді пысықтаймыз.

 

I гейм турнир: Бұл турнир «Лездік сұрақтар» деп аталады, оған  команда капитандары қатысады, капитан жауап бере алмаған жағдайда команда мүшелері көмектесуіне болады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп жауап бересіздер, кезек келесі командаға көшеді, ретпен жалғасады. (5-7 мин)

  1. Адамдағы тістің жалпы саны? (32)
  2. Асқорыту бездері? (бауыр, ұйқы және сілекей бездері)
  3. Ауызда не ыдырайбастайды? (көмірсу)
  4. Сөйлеуге қатысатын ауыз қуысының мүшесі? (тіл)
  5. Сілекей құрамындағы бактериоцидті фермент? (лизоцим)
  6. Тілдің бүйірі қандай дәмді сезеді? (қышқылды)
  7. Ауыз қуысындағы сілекей бездерінің саны? (3 жұп)
  8. Асқорыту жолы неше қабаттан тұрады? (3)
  9. Тілдің бұлшықет ұлпасы? (көлденең жолақты)
  10. Тілдің түбі қандай дәмді сезеді? (ащыны)
  11. Астыңсіңірілуқайдажүреді? (аш ішекте)
  12. Крахмалдымальтозағаыдырататын фермент? (амилаза)
  13. Сүтті ерітетін фермент? (химозин)
  14. Асқазанныңсілемейліқабығындатүзілетін гормон? (гастрин)
  15. Көмірсулар не түріндесіңіріледі? (глюкоза)
  16. Асқорыту жолы неше қабаттан тұрады? (3)
  17. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді? (тәттіні)уыз қуысының қай мүшесінде лейкоциттер болады? (таңдай бадамшаларында)
  18. Тамақ ауыз қуысынан қайда өтеді? (жұтқыншаққа)
  19. Аш ішектің алдыңғы бөлімі? (ұлтабар)
  20. Майлар не түріндесіңіріледі? (май қышқылдары мен глицерин)

 

II гейм турнир:«Биологиялық домино»(әрбір топқа конвертпен бес-бестен беріледі)

 

аппендикс тоқ ішек
бауыр өт қышқылы
тіс кариес
И.П.Павлов фистула
сілекей амилаза
асқазан пепсин
ұйқы безі панкреатин
Сүт тіс 20

 

Тыңдаңыз.қызық! Есте сақтау қабілеті тістердің санына байланысты екенін жапондық ғалымдар зерттеп дәлелдеген.Олардың зерттеу нәтижесі ғалымдардың өздерін таң  қалдырды.Тіс дәрігерінің орындығына отырып,өзіміздің есте сақтау бөліктерінен айырылып жатқандығымызды кім ойлаған?

Швед мамандары 35 жаспен 90 жас аралығындағы 1960 адамға тәжірибе  жасаған.Түбірлі тістерді жұлған адамдарда жадының нашарлайтындығын байқаған.Тіпті бұл құбылысты жануарларда да байқауға болады.Осылай  швед ғалымдары тіс пен жады қызметінің арасында байланыс бар екенін анықтаған.  Профессор Ян Бегдахлдың айтуынша: «Тістер тек қана тағамдар шайнау үшін ғана емес,ми қызметтерін сақтап және қолдап отырады» Тіс өзімен босап түссе,онда ол жартылай тауқымет болар еді.Ал жадының әсеріне тісті зорлап жұлу қатты ісер етеді.

Содықтан сіздер тісті күте біліңіздер.Тіс жегісі ауруына ұшырап қалған жағдайда бірден жұлдыртпай емделіңіздер.Әрбір тіс сіздің есте сақтау қабілетіңіз,оны біліп қойыңыз!

Көп жасағыңыз келсе….

 

 

 

III гейм турнир: Аукцион (команда мүшелеріне сұрақтар сипаттамасымен ұсынылады, команда мүшелері баллды өздері белгілейді, төменгі көрсеткіш 5-баллдан басталады, ең жоғарғы балл ұсынған команда жауап беру құқығына ие болады, жалпы сұрақ саны – 5, талқылауға -3 мин)

1-сұрақ: Жаңа туған нәрестені не себепті әрбір 3 сағат сайын қоректендіреді?

2-сұрақ: Көне Үнді елінде адамның кінәлілігін анықтау үшін құрғақ күріш жегізген. Айыпталушы құрғақ күріш жей алмаса кінәлі деп танылған. Бұл сынақ неге негізделген?

3-сұрақ: Не себепті суық балмұздақпен ыстық шай немесе кофе ішуге болмайды?

4-сұрақ: Не себепті тамақ ішкеннен кейін қанға клиникалық анализ тапсыруға болмайды?

 

Сергіту сәті «Бұл қандай мүше» (команданың бір мүшесі келесі бір командаға  мимика, жест арқылы мүшені тапқанша сипаттайды )

(бауыр, он екі елі ішек, қоректік заттар, ұйқы безі, азу тістер, пульпа, кариес, асқазан, тоқ ішек, тік ішек)

 

Тыңдаңыз.қызық! Қазір ғалымдар жануарларға  тәжірибе  жасаудың нәтижесінде адамның ғұмыр жасын ұзарта алатындай ондаған тамақтық заттарды анықтап отыр.Бұлардың арасында қызыл бұрыш та бар.Ол липидтік алмасуды қалыпқа келтіріп,дұрыстайды,артериялық қысымды төмендетеді,жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.

 

IV гейм турнир: «Кім жылдам?» (алғашқы болып финишке жеткен топ жеңіске жетеді)

 

  1. Ас қорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы:
  • химиялық өңдеу…………………………………………………………………………………5
  • механикалық өңдеу……………………………………………………………………………4

 

  1. Тілдің ұшы сезеді:
  • қышқыл мен тұзды……………………………………………………………………………..3
  • тәттіні…………………………………………………………………………………………………6

 

  1. Төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады:
  • жұтқыншақ………………………………………………………………………………………….4
  • ауыз……………………………………………………………………………………………………..1

 

  1. Латын тілінен аударғанда «қосалқы» деген мағынаны білдіреді:
  • аппендикс………………………………………………………………………………………..6
  • миндалин…………………………………………………………………………………………1
  1. И.П.Павлов қолданған әдіс
  • фистула……………………………………………………………………………………………2
  • эндоскопия………………………………………………………………………………………6
  1. Күрделі заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар:
  • сөл……………………………………………………………………………………………………7
  • ферменттер………………………………………………………………………………………9
  1. Сілекей құрамында бактерияларды жояды:
  • лизоцим……………………………………………………………………………………………8
  • муцин………………………………………………………………………………………………9
  1. Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде болатын ауру:
  • зоб……………………………………………………………………………………………………7
  • паротит……………………………………………………………………………………………..9
  1. Ересек адамда тәулігіне қанша ішек сөлі бөлінеді:
  • 1,5л…………………………………………………………………………………………………17
  • 2л…………………………………………………………………………………………………..10
  1. Бауырда вирустан болатын жұқпалы ауру:
  • гепатит…………………………………………………………………………………………11
  • Боткин…………………………………………………………………………………………..12
  1. Сүтті ерітетін фермент:
  • муцин………………………………………………………………………………………….7
  • химозин………………………………………………………………………………………20
  1. Асқазанның сыйымдылығы:
  • 1,5-2 л…………………………………………………………………………………………..10
  • 3 л………………………………………………………………………………………………..13
  1. Асқорыту және тыныс жолдары қиылысады:
  • өңеште…………………………………………………………………………………………14
  • жұтқыншақта………………………………………………………………………………17
  1. Ересек адамның өт қабында болады:
  • 30-50 мл……………………………………………………………………………………….10
  • 60 мл……………………………………………………………………………………………15
  1. Тоқ ішектің соңғы бөлімі:
  • тік ішек…………………………………………………………………………………………16
  • соқыр ішек……………………………………………………………………………………13
  1. Алмұрт пішінді асқорыту жолы ның кеңейген бөлімі:
  • асқазан………………………………………………………………………………………….17
  • тоқ ішек…………………………………………………………………………………………15
  1. Толқын тәрізді жиырылып асты  асқазанға жеткізеді.
  • жұтқыншақ…………………………………………………………………………………….13
  • өңеш………………………………………………………………………………………………18
  1. Су қайтадан денеге сіңеді?
  • аш ішекте……………………………………………………………………………………….19
  • тоқ ішекте………………………………………………………………………………………..20
  1. Нәруызды ыдырататын пепсин ферменті қай ортада белсенді:
  • бейтарап……………………………………………………………………………………….10
  • қышқыл……………………………………………………………………………………….8
  1. ФИНИШ

 

IV гейм турнир: Шығармашылық сайыс: «Мүшелер айтысы»

 

«… Күндердің бір күнінде «Ағза» деген алып патшалықта үлкен шу шығады. Адамдарға қатты наразы болған жүрек, бауыр, өкпе үшеуі  жұмыстан кетпек болып шешеді. Бұл жаңалық патшалықтың халқын қатты шошытты, барлығы «олар кетсе күніміз не болады?» — деп әбден әбігерге түседі. Осыған орай патшаның алдында барлық мүшелердің қатысуымен  кезектен тыс үлкен құрылтай жиналыс өтеді. Бұл жиналысқа себепші болған үшеуі алғашқылардың бірі болып сөз бастайды: ………………………………….  » (ертегіні командалар өздері аяқтайды)

 

Турнирлер бойынша  жинақталған баллдар есептеліп, жеңген топ анықталады.

 

Рефлексия: «Күн шуақты» толтырады, егер тақырыпты толық меңгеріп, көңіл – күйі жақсы болса, онда сары шуақ, ал егер ойынға көңілі толмай, өзін көрсете алмаса күңгірт сары шуақты таңдайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *