1001мақал,101жұмбақ

1001Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нұржанова Инкар Мейрамбаевна
«1001мақал,101жұмбақ»
Тілім,менің
Ұлы Абай, Мұқтардай пірм менің,
Тұнығым , рухани жан азығым
Ол бүлінсе ,менің де бүлінгенім
Тілім менің
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.
Құрметті  ұстаздар,оқушылар. Бүгінгі өткізгелі отырған 1001 мақал,101жұмбақ сайысымызға қош келіпсіздер.
Сайысымыздың мақсатты –оқушылардың халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып ,ойда сақтап көп білуге үйрету. Қазақ елін қазақ жерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Олай болса сайысымызды бастайық.Ойыншыларға әділ баға беретін әділқазы тағайындайық. Олар -мектеп директоры Кулсарина М және тәрбие ісі жөніндегіорынбасары Аманова К
Ойынымызға екі топ қатысады. Бірі-мақалшылар,бірі-жұмбақшылар.
Алдымен ортаға мақалшыларды шақырайық. Олар-Диас ,Қарақат,Ақорын.
Ойын шарты-мен мақалдың басқы жолын айтам ,ал ойыншылар әрі қарай жалғастырады.
Диас-оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
Өнер алды –қызыл тіл
Қына тасқа бітеді,білім басқа бітеді.
Қарақат- ақыл тойбайтон тон,білім таусылмайтын кен
Оқу инемен –құдық қазғандай
Тілі тәтті-діні қатты
Ақорын-білгеніңе сенбе ,біліміңе сен
Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады
Өнерлі бала –сүйкімді

Бұл ойынның шарты бойынша-бір ойыншы ойыннан шығуы керек.
Ал қалған екі ойыншы Отан,Білім туралы мақалдар айтуы керек.
Ал ендігі кезек жұмбақшыларда .Жұмбақшыларды ортаға  шақырайық. Олар –Рамазан ,Нұрболат, Айсұлу.
Рамазан-өзі арық ,өзі әріп        -қалам
Білімнің дәнін тереді,балаға тәлім береді      -ұстаз
Қимылдаса қос шебер ,қыруар-қыруар іс өнер      -қол
Нұрболат-салған ізі әріп пеніз     -бор
Тілі жоқ өзінде ,сөзі бар ізінде    -қалам
Ақ көйлекті көк желек
Орманда орны бір бөлек     -қайың
Айсұлу –сүреткен құрығы бар,
Құйрығында сүйрет деген біреудің  бұйрығы бар    -жазу
Ақ парақта жазылған мөлдір бұлақ    -әріп
Өзімнен өзгенің бәрін көрем     -көз
Бұл айналымда дабір ойыншы ойыннан шығуы  керек,ал қалған екі ойыншы  жұмбақ  жасырады.

Ал ойының үшінші шарты бойынша мақалшы мен жұмбақшы сайысқа түседі.
Мен жұмбақшыға жұмбақ жасырам ,ал мақалшы сол жұмбақтың шешуіне мақал айтуы керек.
1.Отансыз,ассыз піскен ас,
Адамның бәрі ішкен ас    -ананың сүті
Жылт –жылт етеді,
Жылғадан өтеді    -су
Сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегі әділ –қазыларда.
Оқушыларды мараппаттау .Сабақтың соңын өлең шумақтарымен аяқтау.
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *