Субұрқақ

Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№116 мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:
Жумалиева Айнур Есембаевна
Бейнелеу өнері сабағында диалогтік оқуытуды жүзеге асырудағы ашық сабақта құрған қысқа мерзімді жоспар
Сабақ тақырыбы: «Субұрқақ»
Өнер туындысы: Сәулет өнері.
Мақсаты:
1. Сәулет өнерін танып білуде оқушыға жан – жақты білім беру.  
2. Оқушылардың сурет салу қабілеттерін және икемділіктерін (пробелманы шешу, ойлау) дамыту.
3. Сыни тұрғыдан ойлау ерекшеліктерінің бірі тянақты және жан – жақты болу.

Нәтиже: 1. Оқушылар тақырыппен ребусты шешу арқылы танысады. 2.  Сыни тұрғыдан ойланып,  ойын еркін жеткізе алады. 3. Өзін – өзі реттейді,  проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін сабақта белсенділік таныта біледі.

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыт
1 – әрекет. Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгелдеу Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші мәдіметі тыңдалады.
2 – әрекет. Топқа сәулет өнерінің типтері арқылы бөлу.

  1. Тұрмыстық
  2. Кәсіби
  3. шаруашылық
  4. қоғамдық

Топ ережесін еске салу. Ережені сақтау мұғалім тарапынан ескертіледі.

Оқушылар топқа бөлінеді яғни өздері таңдап алған қағаз қиындыларында көрсетілген сәулет өнерінің типтері арқылы  топқа барып отырады. 

Оқушылар жазылған ережені еске түсіріп, қайталайды.

3 – әрекет. Ой сергек: «Сөзжұмбақ» станциясы. Сөзжұмбақ  шешу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру.
1. Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған ұлы адам. (Темір).
2. Отырардағы ерекше көңіл аударылған архитектуралық құрылыс.(Монша).
3. Оңтүстік Қазақстандағы Ұлы кітапхана қиратылған қала. (Отырар).
4. Қожа Ахметтің рухани ұстазы.( Арыстан баб).
5. Кесене сөзінің синонимі. (Күмбез).
Ойланып отырып, ребус шешеді.
4 – әркет. ЖИГСО стратегиясын қолданамын. Үй тапсырмасы бойынша әр топқа берілген тақырыпшаны бір – біріне түсіндіру арқылы тексеремін. Яғни берілген тапсырманы 4 топтан оқушы бірігіп отырып, кезек – кезек түсіндіреді. Оқушылар дайындап келген тапсырмаларын талдайды. Ортаға салады.
5  – әрекет. Интербелсенді тақтаны қолдана отырып, видео ролик «Дубайдағы фантан» көрсетемін. Рефлексивті оқыту тұрғысын қолдану яғни  ақпаратты жинақтау мен сұрыптау, нақты және түсінікті сипаттама беремін. Сәлет өнері – архитектура деп аталады. Ол латын, грек тілінде «бас құрылысшы» деп аталады. Презентация көрсетемін. Оқушылар мәліметтерді тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.Сабақтың тақырыбын ашуға тырысады.
6 – әрекет. Басқару және көшбасшылық жасай отырып, сыныптық жұмыс ретінде топтар атаулары бойынша  постерде топтық жұмыс жасайды. Жасалған постерге талдау жасату арқылы өз ойларын еркін жеткізе білуге, өзін – өзі басқару және өзін – өзі реттеуді қалыптастырамын. Сәулет өнері  типтеріне  орай бөлінген топтарға тапсырма беремін. Сәулет өнері мен субұрқақты байланыстырып постерде жұмыс жасау. Оқушылар сәулет өнерінің ережелерін еске сақтай отырып, постерге нобай салады. Түстерді тиімді пайдалануға тырысады. Сәулет өнерінің тарихы туралы мәліметтер айтады. «Субұрқақ» тақырыбын сәулет өнерімен ұштаастырып, постерда орын алады.  

 

 

7 – әрекет.  Талантты және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында бақылау жүргіземін. Сурет салу қабілетін дамытуға жағдай жасаймын. Перспектива заңдылықтарын ұстанады.
8 – әрекет. Қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсету, бағыт – бағдар беру, жас ерекшеліктерін ескеремін. Түстердің қолданылуы мен түстік спекторді пайдалануға тырысады.
9  – әрекет.  Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту сұрақтарын қоямын.
1. Сәулет өнері деген не?
2. Стиль деген не?
3. Мозайка деген не?
4. Римнің ең әйгілі құрлысы?
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада салынған?
Оқушылар қоылған сұрақтарға жауап береді.1. Құрылыс, тұрғын үй салу өнерін сәулет дейді. 2. Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды стиль деп аталады. 3. Түсті минерал қосып балқытылған шыны сынықтары. 4.Колизей. 5. Түркістан
10  – әрекет. Үйге тапсырма беремін. «Субұрқақ» нобайын және дизайн өнерін зерттеп келеді. Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы жазады.
11 – әрекет. Формативті бағалауды жүргіземін. Рефлексивті оқыту  дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерін өз бетінше түсіндіру арқылы сыныптасын және өзін – өзі «Бағдаршам» әдісімен бағалайды. Бағалау «Бағдаршам» арқылы жүзеге асады.«5» – жасыл

«4» –  сары

«3» – қызыл

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Жумалиева Айнур Есембаевна

Leave a Comment