Әліппе үйрену (бейне сабақ)

Құрметті достар бүгінде бейне сабақтар сериясын жалғасытмақпыз. Бүгінгі бейне сабақ 3-5 жас аралығындағы балаларға (мектепалды даярлық, 1 сынып оқушыларына) арналған қазақша Әліппеден бейне сабақ дайындап ұсынып отырмыз. Бүгінгі бейне сабақ басқа сабақтан ерекше. Себебі бұл сабақты мен жеке жасаған жоқпын қызым Ләззәт көмектесті. Ол мен бастаған слайдқа әр әріптен басталатын суреттерді гууглдан тауып слайдтарға қойды.
Жалпы осыны жасаудағы мақсат қандай. Бейне әліппе www.youtube.com халықаралық видео хостингінде қазақша бар. Бірнеше автор салған екен. Ол аздық етеді. Сондықтан бізде өзімізше үлес қосалық деген ой болды.
Мақсатымызды іске асыруға міндеттегенен кейін жасадық.

Жасалу жолдары:
Біріншіден Power point бағдарламасымен 42 әріпті слайдқа сәндеп түсіріп аласыз. (Сақтағанда фото ретінде jpeg форматында сақтайсыз)
Екіншіден sound forge программасымен дыбыс жазасыз. Дыбысты mp3 форматында сақтайсыз.
Блог - izbasar: Әліппе үйрену (бейне сабақ)
Сонымен презентация мен аудио дыбыс дайын болды. Ары қарай үшіншіден

Сamtasia studіo

программасына дайындаған материалдарыңызды түсіресіз.
Блог - izbasar: Әліппе үйрену (бейне сабақ)
Фотоларды реттеп салғаннан кейін дыбысталған аудио форматтағы әліппені фотолармен сәйкестендіру керек. Соңына қарай mp4 форматында сақтайсыз. Бар болғаны осы ғана.

PS: Құрметті ата-аналар болашақ әке мен аналар базарлығымыз бүгінге осы. Ұнаса бас басбармақты көтеріп, тіптен лайктап тіптен болмаса пікір беріп кеп жіберіңіз.

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master