Түркі халықтарының әдебиеті

Павлодар облысы, Май ауданы
«Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

Бағдарлама
Түркі халықтарының әдебиеті
8-сынып

Құрастырған: Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базылбаева Эльмира Еинбаевна.
Кеңтүбек ауылы, 2013ж

Түсінік хат

Бұл бағдарлама негізгі орта мектептің 8-сынып оқушыларына арналып құрастырылған.
Еліміз егемендік алғаннан кейін әлемдегі сандаған елдермен түрлі саладағы байланыстар жасалып, қазақ халқының тәуелсіздігі мойындалып, еліміздің ұстанған бағыт-бағдарлары айқындалды. Туысқан халықтардың жақындасуына қолайлы нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл мәселеде түркі тілдес халықтардың бір-бірімен байланысы, достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастардың орнығуына ғылым мен өнер барынша ықпал етуі тиіс. «Түркі халықтарының әдебиеті» бағдарламасының мақсаты- оқушыларға тамырлас халықтар әдебиетінің әйгілі ақын-жазушылардың шығ
армашылығымен таныстыру. Бағдарлама шеңберінде оқушылардың білімін кеңейтіп, мазмұнын тереңдете түсіп, оқушылардың эстетикалық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін молайту көзделуде. Бағдарлама тарихи-әдеби кезеңдер принципіне құрылған. Шолу тараулардан және монографиялық бөлімдерден тұрады.
Бағдарламада әдеби материалдардың туу дәуірлеріне қарай негізделіп, екі бөлімге топтастырылды.
Бірінші бөлім. Ежелгі түркі әдебиеті(түркі тілдес халықтарына ортақ әдебиет)
Екінші бөлім. Түркі халықтарының әдебиеті.
Оқу бағдарламасы
8-сынып
(аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)

І бөлім. Түркі халықтарының ежелгі әдебиетіне шолу- 5 сағат.
Түркі тектес халықтардың тарихи тағдырластығы, ежелден қоныстастығы, тілдерінің, әдебиеті мен мәдениетінің жақындығы, оның ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің үлгілеріндегі ұқсастығы, ортақ сюжеттерді туғызуы.
Орхон ескертікіштері. Олардың іргелі ел-Түркі қағанатының тұсында жазылғандығы. Тасқа қашалып жазылған дастандардағы Түрік қағанатының құрылуы мен құлдырау. Ежелгі түркі дәуірініңи қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр екен жырлар: «Күлтегін» жыры, «Білге қаған», «Тоныкөк».
Қорқыт-VІІІ ғасырда Сыр бойынша өмір сүрген батыр, атақты күйші, аңыз кейіпкері туралы. «Қорқыт ата кітабы»- түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра.
Жүсіп Баласағұни «Құтты білік», Махмұд Қашқари «Түркі тілдерінің жинағы», Ахмет Яссауи «Даналық кітабы», Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы», Қыпшақтың жазба кітабы «Кодекс куманикус» т.б түркі халықтарына кең таралып, жалпы халықтық ортақ мұраға айналып кетуі.

ІІ бөлім. Түркі халықтарының әдебиеті- 28 сағат.

Әзірбайжан әдебиеті-4 сағат. Әзірбайжан әдебиеті-түркі халықтары әдебиеті ішіндегі өзіндік бай тарихы, көп ғасырлардан беру жалғасып келе жатқан өзіндік көркем сөз дәстүрі бар әдебиеттердің бірі.
Низами Ганджауи (1141-1209)- әзірбайжан классикалық әдебиетінің негізін қалауны екені. «Хамса»(бес дастан), «Сырлар қазынасы», «Ескендір-наме», «Қысрау мен Шырын», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жеті ару»үлгісінің негізін салудағы еңбегі.
«Жеті ару» дастанында ақын мемлекетті қашанда әділ, арасатты, білімді, мейірімді, қарапайым халыққа жаны ашитын адам басқаруы керек идея ұсынады. Дастанның басты каһарманы-Баһрам. Ол Иран елінің патшасы. Баһрам жастық шағын сауық-сайранмен өткізеді де, жасы ұлғайған шағында патша болып ел басқарады- 2 сағат.
Мырза Фатали Ахундов (1812-1876)- әзірбайжанның реалистік әдебиеті мен драматургиясының негізін қалаушы қаламгері, ағартушы, ойшыл философы.
М.Ф. Ахуновтың «Мемлекеттің «игі жақсылары» және Ерші Жүсіп туралы хикая» деген шығармасы әзірбайжан әдебиетіндегі реалистік прозаның бастамасы болды. Хикаяда өңеші кең, құзғын құлқынды, қара басының қамы үшін өз халқын сатып жіберуге әзір тұрған, қорқақ, әрі зұлым әкімдер-«игі жақсылар» қай заманда да болған (2 сағат).

Өзбек әдебиеті-4 сағат. Өзбек әдебиетінің түркі тілдес халықтарының ортасындағы тарихы мен әдебиет саласындағы орны.
Әлішер Науаи (1441-1501)- өзбек халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы.
Әлішер Науаидың «Ескендір қорғаны» дастанының басты қаһарманы Ескендір патшаның протопиті-Александр Макендонский екені мәлім. «Ескендір қорғаны» дастанында өзге патшаларға үлгі боларлықтай әділ, ақылды, қайырымды патшаның жинақталған бейнесін жасайды (2 сағат).
Хамза Хакімзада Ниязи (1889-1929) әлеуметтік оқиғаларға мерзімінде үн қосып, оқу, мәдени, жаңалықтардың жаршысы болғандығы. Хамза-драмалық шығармалардың асқан шебері. «Аса құрметті аналарға хат», -аялап, адам етіп қыз өсіру аналық парыз екендігі. «Оқуға үндеу»-өзбек жастарына арнау (2 сағат).

Қырғыз әдебиеті- 2 сағат. Түркі тілдес өзге халықтар сияқты, қырғыз халқы ауыз әдебиетінің де алуан жанрдағы үлгілері көп. Қырғыз халық фольклорында аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары, күлдіргі әңгімелер, мысалдар кең орын алды.
“Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. Жырда көпшілік халықтың думан-сауықшыл, жарқын, жайдары мінездерінің, дәстүрлерінің әсерлі суреттелгендігі. Ас туралы жырдың жорық жырына ұласуы (2 сағат).

Түркімен әдебиеті-5 сағат. Түркімен халық ауыз әдебиеті-эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді.
Түркімен ертегілері «Біреуге ор қазба-өзің түсесің», Нысапты мен нысапсыз», «Ақыл мен Бақыт» (1 сағат).
Мақтымқұлы Фраги (1733-1772) – түркімен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі. Мақтымқұлы-халықтың озық ойлы, данышпан ақыны, түрікмен әдебиетінің классигі екендігі. Ақын жырларының өзекті тақырыбы-адамгершілік, гуманистік идеяны ту етіп көтеру. Мақтымқұлының туған жер, қарапайым халық, ізгілік, адамгершілік жайында жырлары («Тең емес», «Ат керек», «Дегейсің», «Боларсың» т.б ақын ретінде танытты (2 сағат).
Молланепес Қадырбердіұлы (1810-1962 )- түрікмен халқының атақты ақыны және көрнекті музыканты.
«Таһир мен Зуһра» дастанының түркі тілдес елдер арасына кең тараған сюжет желісінде өрнектелуі. Ақынның ойшылдық дәстүрмен өзінше, ел өміріне, ерекшелігіне бейімдеп жырлауыү Зуһра мен Таһир образын суреттеу арқылы азат махаббатты, жан-дүние пәктігін, тазалық, ізгілік жайлы жырлай отырып, бас бостандықты аңсаған жастар бейнесін сомдауы (2 сағат).

Қарақалпақ әдебиеті- 4 сағат. Қарақалпақ халқының өзіне тән өте бай ауыз әдебиеті бар. Қарақалпақ халқының жазба әдебиеті негізінен ХVІІІ ғасырдан басталады.
Жиен жырау-ХVІІІ ғасырда өмір сүрген көрнекті қарақалпақ сөз зергері.
«Қырық қыз» дастанының негізгі идеясы-туған елді шет елдік басқыншылардан азат ету, сыртқы жауға қарсы күрес, достық пен махаббатқа аладық.
«Қырық қыз» дастанының негізгі кейіпкерлері Гүләйім мен Арыстан, Сарбыназ, Алтынай бастарына қандай ауыртпалық түссе де, қиын-қыстау кезеңдерге төтеп беріп, алған беттерінен қайтпайды, алға қойған мұрат-мақсаттарынан жаңылмайды (2 сағат).
Бердақ Қарғабайұлы (1827-1900)- ХІХ ғасырдағы қарақалпақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Бердақ-өз заманының көкейкесті мәселелерін сан қырынан келі, көсіле жырлаған ақын.
Ақынның гуманистік ой-пікірлері оны «Жақсырақ», «Керек», «Іздер едім» т.б лирикалық өлеңдерінде айқынырақ бейнеленген (2 сағат).

Ұйғыр әдебиеті-3 сағат. Ұйғыр халқы көп ғасырлық тарихында аса бай, әр түрлі жанрлы болып келетін ауыз әдебиетін өмірге әкелді. Олардың ішінде, халықтық жырлар, ертегілер, аңыздар, күлдіргі әңгімелер, батырлық пен ғашықтық дастандар, мақал-мәтелдер т.б (1 сағат).
Біләл Назым (1825-1900)- ХІХ ғасырдағы ұйғыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. «Назыгүм» қиссасының жанрлық сипаты. Тарихи оқиғаның суреттелу ерекшелігі. Манчжурия отаршыларына қарсы күреске қатынасқан ұйғыр әйелі Назыгүм образы. Оның батыл, өжет ерлік күрестерінің нанымды берілуі (2 сағат).

Татар әдебиеті-2 сағат. Татар халқының жазба әдебиеті көне дәуірлерден басталды. Татар халқының ауыз әдебиеті тұрмыс-салтқа байланысты туған өлең-жырларға бай болып келеді. Сондай-ақ ертегінің сан алуан түрлері, батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, мақал-мәтелдер, т.б татар көркем сөз өнерінің алтын қорынан кең орын алған (1 сағат).
Ғабдолла Тоқай (1886-1913)- татар реалистік әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, атақты ақын, дарынды публицист. Ақынның «Шәкіртке кездесу», «Татар қыздарына», «Кітап» т.б өлеңдері татар әдебиетін түр жағынан да, мазмұн тұрғысынан да байыта түсті (1 сағат).

Башқұрт әдебиеті -2 сағат. Башқұрт ауыз әдебиеті формасы жағынан да, мазмұны тұрғысынан да мейлінше бай болып келеді. Башқұрт мақал-мәтелдері (1 сағат).
Салауат Юлаев (1752-1800)- башқұрт халқының ұлттық батыры, аса дарынды ақыны. «Салауат батыр» тарихи жырында ер азаматтың намысын қозғап, жалаң қылышы жайдақ атпен жауға батыл шабуға үндеген жырлары осы кезде, ат жалында, жорық қосының астында туды (1 сағат).

Тәжік әдебиеті- 2 сағат. Тәжік елі туралы мағлұмат. Ауыз әдебиеті. Оның түркі тілдес елдер әдебиетімен байланысы (1 сағат).
Әбдірахман Жәми (1414-1492)- шығыстың ұлы ақындарының бірі. Бірі болса да бірегейлік күрделі жалын көтеріп кеткен данышпан ақын. «Гүлстан» жыры (1 сағат).

Қорытынды сабақ 1 сағат.

Оқушылардың икем-дағдыларына қойылатын талаптар:

1. Бағдарламада ұсынылған әдеби мәтінді, үзінділерді, өлеңдерді дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқи алулары;
2. Көркем мәтіндерді ауызша мазмұндап айтып беруі;
3. Ұнаған жырларды жаттау, мәнерлеп оқу, алған әсерлерін айта білу, сезімдерін ақынша толғап, ақынша тебірене жеткізуге талаптану.
4. Шығармалардың ең басты оқиғаларын бөліп ала білу, жүйелі түсінікті баяндау.
5. Өзіне ұнаған бір шығармаға рецензия-пікір жазуға талаптану.
6. Шығарманың тіл көркемдігін, жазушының эстетикалық табысын анықтап, талдау алу.
7. Өздері қалаған шығармалары бойынша ғылыми сипаттағы мақала, реферат, талдау жасай білуге икемдеу.
8. Әдеби шығармада бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлер әрекетін өзіндік көзқарасын білдіре отырып, сипаттай алуы;
9. Мәтінге қысқаша жоспар құра білуі;
10. Оқыған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта әр түрлі шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, шағын әңгіме, ертегі, т.б.) құрастыра алуы тиіс.

Тақырыптық-күнтізбелік жоспарлау
8-сынып
(аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат)

№ Мазмұны Сағат саны Мерзімі
Түркі халықтарының ежелгі әдебиетіне шолу 5 сағат
1 Тасқа жазылған ескеркіштер 1
2 «Қорқыт ата кітабы»- тарихи мұра 1
3 Жүсіп Баласағұни «Құтты білік», Махмұд Қашқари «Түркі тілдерінің жинағы» 1
4 Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы», Қыпшақтың жазба кітабы «Кодекс куманикус» 1
5 Шығармашылық жұмыс. 1
Түркі халықарының әдебиеті- 28 сағат.
6 Әзірбайжан әдебиеті. Низами Ганджауидың «Жеті ару» 1
7 Дастанның басты каһарманы-Баһрам 1
8 Мырза Фатали Ахундов- әзірбайжанның реалистік әдебиеті мен драматургиясының негізін қалаушы қаламгері, ағартушы, ойшыл философы. 1
9 «Мемлекеттің «игі жақсылары» және Ерші Жүсіп туралы хикая» 1
10 Өзбек әдебиеті. Әлішер Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны 1
11 Ескендір- әділ ел билеуші. 1
12 Хамза Хакімзада Ниязи -драмалық шығармалардың асқан шебері. 1
13 «Аса құрметті аналарға хат», «Оқуға үндеу» өлеңдері. 1
14 Қырғыз әдебиеті. “Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. 1
15 Жамбы атыс. 1
16 Түркімен әдебиеті. «Біреуге ор қазба-өзің түсесің», Нысапты мен нысапсыз», «Ақыл мен Бақыт» ертегілері 1
17 Мақтымқұлы Фрагидың «Тең емес», «Ат керек» өлеңдері 1
18 «Дегейсің», «Боларсың» өлеңдері 1
19 Молланепес Қадырбердіұлы «Таһир мен Зуһра» дастаны 1
20 Бас бостандықты аңсаған жастар 1
21 Қарақалпақ әдебиеті. Жиен жырау-ХVІІІ ғасырда өмір сүрген көрнекті қарақалпақ сөз зергері. «Қырық қыз» дастаны 1
22 «Қырық қыз» – қарақалпақ халқының батырлық эпосы. 1
23 Бердақ Қарғабайұлы-«Жақсырақ», «Керек», «Іздер едім» т.б лирикалық өлеңдері 1
24 Өлеңдердің көркемдік ерекшеліктері 1
25 Ұйғыр әдебиеті. Ұйғыр мақал-мәтелдерінен. 1
26 Біләл Назымның «Назыгүм» қиссасы 1
27 Ұйғыр әйелі – Назыгүм образы 1
28 Татар әдебиеті. Татар мақал-мәтелдерінен. 1
29 Ғабдолла Тоқайдың «Шәкіртке кездесу», «Татар қыздарына», «Кітап» өлеңдері. 1
30 Башқұрт әдебиеті. Башқұрт мақал-мәтелдері. 1
31 Салауат Юлаевтың «Салауат батыр» тарихи жыры. 1
32 Тәжік әдебиеті. Ауыз әдебиеті. Түркі тілдес елдер әдебиетімен байланысы. 1
33 Әбдірахман Жәми «Гүлстан» жыры
1
34 Шығармашылық жұмыс. Қорытынды сабақ 1

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Түркі халықтары әдебиеті. Н.Келімбетов, Ә.Канафин. Алматы: «Рауан», 1996ж
2. Әдеби жәдігерлер. 1 том. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер.
3. Қазақ әдебиеті. 8-сынып. Алматы: Мектеп, 2012ж

<h2>Ұқсас жазбалар</h2>

Leave a Comment

Website Protected by Spam Master