Әліппе-ғылым анасы

1231Тнымбаева Гульбаршин Есмагзомовна

Тақырыбы: «Әліппе-ғылым анасы» .

Мақсаты:

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Әліппем-ғылым анасы» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қызыға аттаған балаларыңыз, немерелеріңіз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған. Әліппемен бүгін қоштасқалы отыр. Әліппе – қасиетті, қадірлі оқулық.

Мерекемізді бастамас бұрын, оқушылар, сіздерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Ал, балалар, сендер мектепке не үшін келдіңдер?

Санжар:

Тану үшін бабанды,

Тану үшін анаңды.

Тану үшін ғаламды,

Мектеп керек адамға!

Бибінұр:

Тану үшін жаманды,

Тану үшін ғаламды.

Тану үшін заманды,

Мектеп керек адамға!

Ән:  «Салем саған мектебім»

Ислам:

Мектеп-қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз болып өсетін,

Біз оқушы боламыз.

Қасым:

Өсіп ой мен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз.

Ән: «Қоңырау»

-Енді, оқушылар басындағы жазылған әріптер сырын ашалық.

Жұмбақ әріптер.

Ділжан:

Таныстырған әріппен,

Мынау кітап «Әліппең»,

Әліппе деген аты оның,

Басталған қай әріпьтен. /Ә/

Дильназ:

«Лақта» бар, көріңдер,

«Лашында  бар, көріңдер.

Бұл қай әрін екенің,

Еңді тауып көріңдер. /Л/

Аруна: Іздеп көр күлкіден,

Тауып ал түлкіден.

Қоянда болмаймын,

Жүремін үкімен. /І/

Аслан: Бармын партада,

Жоқпын картада.

Табыламын қаптан,

Кездеспеймін хаттан. /П/

Рената: Ата-ананмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атауға зер салшы.

Басталған қай әріптен. /П/

Қасым: Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секендеуді қоймайды. /Е/

Мұғалім: Суреттермен сөйлеткен

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Оқушылар хормен «Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті ӘЛІППЕ!»

Олай болса ең басты кейіпкеріміз сүйікті әліппемізді зор құрметпен ортаға шақырайық.

Әліппе: Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Әліппе:-Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

— Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Карина: «Кел балалар оқылық!»

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңдаңыз.

Ән «Әліппе» / барлығы/

?:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

?:

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

?:

Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.

?:

Біз жазамыз «ана» деп

Біз жазамыз «дана» деп

Біз жазамыз «бала» деп

Біз жазамыз «Отан» деп.

?:

Биік-биік таулар деп

Қызыл-жасыл баулар деп

Қаһарманды ел қазақ деп

Болашағы ғажап деп.

?:

Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

?:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе.

?:

Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

?:

Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзі әліппе.

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппе.

Ән «Дос болайық бәріміз!»

Мұғалім: Жақсы білім-көрімдік,

Болсын сізге-халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Кәне, ортаға салайық.

Мұғалім: Ал, енді балалар, Әліппе оқулығына шолу жасайық.

-Балалар, суретте кімді көріп отырсындар? Н.Ә.Назарбаев.

-Ол кім?

?:

Халық үшін елбасы,

Әскер үшін қолбасы.

Тар жол, тайғақ кешуде,

Туған жұртты қолдансын.

-Отанымыздың бас қаласы қай қала?

?:

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам-бас қалам!

-Енді әріптерге

Мынау қандай әріп? –Щ, «Щеткалар».

Мынау қандай әріп? – Ц, «Клоунның сыры».

Мынау қандай әріп ? – Ч, «Болашақ чемпиондар».

Мынау қандай әріп? – Ь, «Лагерь»

-Абай атамыздың қай өлеңін жаттадыңдар?

«Әсемпаз болма әрнеге»

-Ал, Ахмет Байтұрсыновтың қай өленімен таныс болдыңдар?

«Оқуға шақыру»

— Атасынан бата сұраған кім? «Ата, бата» М.Жұмабаев

— «Шалқан» ертегісінен көрініс, тамашалаңыздар.

Әліппе: Жарайсыңдар балалар, не бары 4 айдың ішінде мені жақсы меңгеріп алғансыңдар.

Әліппе: Балалар , мен өзіммен бірге тапсырмалар ала келдім, қане тез ойлап, тез жауап берейік.

Сұрақ- жауап.

Қазақ алфавитінде неше әріп, неше таңба бар?

Дыбыстар нешеге бөлінеді және қандайға?

Дауысты дыбыстар нешеу?

Дауыссыз дыбыстар нешеу?

Кісінің,су-жер аттары қалай жазылады?

Сөйлем қалай жазылады және сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?

Жазу жолына симаған соз қалай жазылады?

Сөз неден құралады?

Сөйлем неден құралады?

Дыбыстарды біз не істейміз?

Әріптерді ше?

2 тапсырма:

«Неше буынды сөз екенің табу» ойыны.

Буындардан сөздер құрастыру.

Әліппе:Сендер меннен оқуды,жазуды уйрендіндер.Ал математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіндер?

Санамақтар айтысы:

1-Мені білгін келсе

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап

Ең басында тұрмын.

2-Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым.

Бірді-бірге қосқанда

Мен шығамын шырағым.

3-Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын

Екі айшық саламын.

4-Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды.

Төрт дегенім баяғы

Төрт түліктін аяғы.

5-Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті,

Санашы бар саусағын

Оңай табасын бесті.

6-Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын.

Басым бірден басталып

Нөлмен бітер аяғым.

7-Қара мына қызықты

Көсеуді кім ұмытты?

Жеті болам тартсаң

Бел ортамнан сызықты.

8-Менім атым сегіз

Жетіден соңғы деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек,

Мен боламын сегіз.

9-Сегізден кейін тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда болам мен тоғыз.

10-Әліппеде о-ға ұқсаймын

Санда нөлге ұқсаймын.

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Бір орынды ұстаймын.

Ән:

Шеңбер:Нүктесі жоқ басталған

Аяқталған жері жоқ

Шеңбердің сірә,тені жоқ.

Сопақша:Шеңберді сығып бұл енді

Сопақшалап жіберді.

Үшбұрыш:Атына сай бағы бар.

Үш бұрыш,үш жағы бар.

Шаршы:Төрт бұрышы тең түскен

Осынша жақтау және тең.

Мұндай шаршы,мен білсем

Табылмас ау еш жерден.

Төртбұрыш:Шаршы алаңдар тізіліп,

Бір қатарға тұрады.

Мұның барі түбінде,

Төртбұрыш боп шығады.

Мұғалім:

Балалар біз математикадан да білімімізді көрсеттік.Енді әліппемен қоштасатын да кез келді.

?:Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз

Қош бол,сүйікті әліппі!

?:Әліппен менің әліппем

Өмірді келем таңып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіне көп-көп рахмет!

Барлығы:Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты міне баланыз.

Әліппенің батасы:

Оқуға зейінді болындар,

Еңбекке бейімді болындар.

Ақ жол болсын, қарақтарың,

Оқығандарын есте болсын,

Күделіктерін беске толсын!

-Ал, қош болыңдар, үнемі бейіктен көріне беріндер!

Ән «Қош бол, құтты  Әліппем»

Естелік хат тарату.

Мұғалім:

-Міне біз белгілі білім елін саяхат жасап, білімімізді көрсеттік.

Әліппені оқу барысында ата-аналардың қосқан үлесі өте мол.Кәне, бәріміз ата-аналарымызға рахмет айтайық.

Хормен:

Бақытты балалық щағымыз үшін рахмет.

Үнді биі.

Мұғалім: Балалар ендігі сендердің жаңа достарын-Ана тілі.Сондықтан Әліппені қалай меңгерсендер Ана тілінде солай меңгеру керек.

Ана тілі:

Туған елдің тілімін,

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Ана тілі: Балалар енді міне оқитын боласындар.Мен сендерге көп нәрсені үйретемін.

Барлық қазына байлық оқу-білімде.Оқу-білім туралы қандай мақалдар білесіңдер?

1.Кітап- білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.

2.Ақыл-тозбайтын тон.

Білім-таусылмайтын кең.

3.Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

4.Оку инемен құдық қазғандай.

5.Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

6.Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Ал, балалар қазір біз «Ұйқасын тап» ойынын ойнайық, әрі жұмбақтын шешуін табайық.

1.Құйрығы сүйір

Алаботаға үйір

Оның аты (сиыр)

2.Тастан тасқа секірген,

Шұнаңдап ойнап,секірген.

Құйрығы келте шұнақ,Оның аты (лақ)

3.Теңбіл түсті, өзі ширақ,

Ұзын мойын, ұзын сирақ,

Білгін келсе, аты (жираф)

4.Тоны түкті, түрпі.

Оның аты (кірпі)

 

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.

Ән «Мұғалім ол біздің»

Біз 1 «Б» сынып оқушылары

-Нені үйрендік?

Оқуды

Жазуды

Есеп шығаруды

Ән айтуды

Би билеуді

Үлкенді сыйлауды

Кішіге қамқор болуды

Елімізге жақсылық жасауды

Біз нені ажырата білеміз?

Жақсылықпен жамандықты

Ақ пен қараны

Арамдық пен адалдықты

Біз нені, кімді сүйеміз?

Отанды

Ата-ананы

Халқымызды

Достарымызды

Ұстазымызды

Мектебімізді

Біз кім боламыз?

Адал азамат

Ақылды ару

Оқымысты ғалым

Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын

Елін сүйген ер боламыз

Жаса менің Отаным –Қазақстан.

Ән «Жаса, Қазақстан»

Қорытындылау. Құттықтау сөз беру.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *